Орта білім беретін мектепте ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық-әдістемелік негіздері

АҚТ-ны орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде пайдалану.

Қандай мектептің болсын, басты нысаны-

оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу.

А. Байтұрсынов .

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы - білім беру саласын ақпараттандыру деп санаймын.

Оқушы білімін жетілдіріп, болашақ еліміздің тізгінін ұстар ұшқыр ойлы азамат тәрбиелеу үшін олардың санасы мен қатар білімін жаңа технологиялық ақпарат құралдары мен қатар әр түрлі педагогикалық оқыту әдістері арқылы білім беруіміз қажет.

Қазіргі заман талабы мен ғасыр ағымындағы білім берудің жаңа үрдісі - білім беретін мектептерді ақпараттандыру. Жастардың ақыл - ойының, парасат - пайымының жаңа арнада дамуы білім мен біліктің, өнер мен мәдениеттің асқар шыңы болып табылады.

Қазіргі кезде оқыту әдістемесінде маңызды орын алып отырған технология бұл - интерактивті оқыту технологиясы.

Бұл технология барлық оқу пәндері мен әр түрлі ғылым салалары арасындағы байланыстарды орнықтырудың және нығайтудың қуатты реттеуші факторы болып табылады.

Кез - келген пәннің өзіндік қыр - сыры мен жұмбағы болады, яғни осы интерактивті оқыту технологиясының маңызы осы, әр ғылымға деген оқушының қызығушылығы мен білімді саралап - өз бойына терең дамытуына өте қажетті деп ойлаймын.

Менің еңбек өтілім биылғы жылмен 2, 5 ай, яғни мен осы 2 жыл 5 ай бойы мектеп табалдырығына аттап өз елігің болашағын ойлап, өз елінің тізгінін қолына ұстайтын азамат тәтбиелеуді көздеймін және соған байланысты осы жылдар аралығында мектебімізде 10 - ға жуық интерактивті тақтамен оқушыларға әр сыныптарда сабақ түсіндіріп келемін.

Мысалы: 9 сыныптағы « Көміртек және оның қосылыстары» тақырыбында оқушылармен пәннің география, физика пәндерімен байланысын біле отырып көміртек қосылыстарының сырын ашып, қорытындыладық.

Интерактивтік тақта арқылы оқушыларға әр түрлі ойын элементтері арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мыс, теледидардағы инттелектуалдық ойын «Не? Қайда? Қашан?» желісімен химиялық сайыс ұйымдастырдым.

2009 жылы: Мектебімізде өткен химия -биология апталығында өткізген «Оксидтердің жіктелуі » тақырыбындағы ашық сабағымда деңгейлік тапсырмалар беру арқылы өткізілген сабағымда интерактивті оқыту әдісі арқылы оқушыларға топтық, жеке жұмыстар жүргізу арқылы өтіп «өте жақсымен» бағаланды.

  1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу - тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру барысында мынадай шарттар орындалу керек деп ойлаймын:
  • Оқу үрдісінің сапасын арттыру;
  • Пәнаралық байланысты тереңдету;
  • Қажетті ақпарат көлемін нығайту.
  1. Оқушы тұлғасын дамытып, қоғам шартымен өмір сүруге даярлау үшін:
  • Әр түрлі ойлау формаларын дамыту;
  • Күрделі жағдайлардан оңай шешім табуға деген дағдыларын қалыптастыру;
  • Компьютерлік графика, мультимедия технологиялары арқылы эстетикалық тәрбие беру;
  • Ақпараттық сауаты бар тұлға даярлау;
  • Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге даярлау.

Осы мақсаттарды қолға ала отырып 10 сыныптағы «Металдардың адам өміріндегі маңызы» атты тақырыпты игертуде осы шарттардың барлығын қолға алып, қолдана білдім деп ойлаймын.

Сабағымда пән аралық байланыс ретінде әр түрлі ғылым саласымен салыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында өзіндік жұмыстар, инсерт тестін орындау, яғни шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында эссе жазу, өлең ұйқасын табу сынды шарттарды орындадық.

ҚР Білім беру туралы Заңында : «Білім беру жүйесіне ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр » - делінген.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттың технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »- деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтып көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпаратты технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың еліміздің ертеңін сеніп тапсырар жас ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызы зор деп ойлаймын.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың педагогикалық-әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың №13 жалпы білім беретін мектебіндегі тәжірибесі
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Математика сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың әдістемелік тәжірибесі
Арнайы пән сабақтарында оқушылардың танымдық белсендігін арттыру және білім дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды қолданудың әдістері мен тәжірибесі
Ақпараттық технологияларды мектепте қолдану: әдістемелік нұсқау және денсаулық қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz