Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сызықтық алгоритмдер

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
Оқушыларды алгоритмнің типтерімен таныстыру.
Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту.
Оқушылардың алгоритм құру қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды хабарлау

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: А) Педагогикалық қарым - қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру
Сабақтың әдісі: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ағылшын тілі, сызу,
Оқыту құралдары: Топшамалар, нұсқаулы парақ, компьютер, электронды оқулық

Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Мұғаліммен амандасу, сабаққа дайындалып отыру. Назарларын сабаққа аударады.
ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Топшамалармен жұмыс:
1. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
2. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Жауаптары:
Program kosindi;
Var a, b, x integer;
Begin
Write (`a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a+b;
Writeln(`x =', x);
End.

Жауабы
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Write (`a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(`x=', x);
End.
Өткен тақырыпта алған білімдерін жетілдіреді
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
1. Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады.
Алгоритмдік тілде бірінен кейін бірі ретімен тізбекті түрде орындалатын командалардан тұратын алгоритм сызықтық деп аталады.
Алгоритмнің осылай орындалуы табиғи деп те аталады.
<<Тізбектілік>> базалық құрамы. Бірінен кейін бірі орындалатын әрекеттер тізбегінен тұрады.

1 - әрекет
2 - әрект
..........

N - әрекет
Назарларын жаңа сабақты түсінуге аударады.
Ү. Жаңа білімді бекіту

1 - тапсырма.
Дербес компьютерде есеп шығару кезеңдерін дұрыс реті бойынша орналастырыңыз.

1. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы
2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама
3. Дыбыс шығаратын құрылғы
4. Санау жүйелерінің қандай түрі бар?
5. Конъюнкция - бұл логикалық
6. Windows сөзінің аудармасы
7. Мәліметтерді енгізу пернесі
8. Компьютер деген не?
9. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі
10. Пернетақта қандай құрылғы
11. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан
12. Компьютер жады нешеге бөлінеді
13. Бір килобайтта қанша байт бар
14. Монитор түрлері
15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал

1. (сканер)
2 (WORD)
3 (колонка)
4 (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)
5 (көбейту)
6 ( терезе)
7 (Enter)
8 (ақпаратты өңдеу құралы)
9 (Delete)
10 (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
11 (латын)
12 (2)
13 (1024)
14 (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)
15 (модем) Тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты меңгергендерін көрсетеді.

ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау. Сызықтық алгоритмге тест жұмысын құру

Ұқсас жұмыстар
Сызықтық алгоритмдер. Циклдік алгоритмдер
Тармақталу алгоритмдері
Циклдік алгоритмдер. циклдік алгоритмді құруды
Тармақталған алгоритмдер
Алгоритм түрлері
Алгоритмнің орындалу
Циклдік алгоритмдер
Алгоритм типтері
Шартсыз көшу операторы
Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
Пәндер