Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығармашылық тапсырма. Үйге тапсырма

Тақырыбы:<<Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов>>
Мақсаты:
Білімділік: Ұлы ғалым шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи ойлау, есте сақтау ұабілеттерін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасауға, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, суреттеу, ой қозғау, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек сызба, кесте, ұлы ғалым туралы жазылған ой пікірлер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
А)Оқушылармен сәлемдесу;
Б)Оқушы зейінін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сүрау:
Шығармашылық тапсырма
Жабық тест
1.XIX 60 жж қазақтарының басқару жүйесін өзгертуге И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Ол комиссия қазақ даласын неше оболысқа бөлуді ұсынды.
А)2 б)3 в)4
2."Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже" қай жылы бекітілді?
А) 1868ж 21 қазан б) 1867 ж11 шілде в) 1891 ж 12 ақпан
3.1867 - 68 жж реформа неше жылға енгізілді?
А) 2 б) 4 в)10
4.1870 жылғы маңғыстаудағы көтеріліс бесшылары кімдер?
А) Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы
Б)М.Өтемісұлы
В)С.Түркібайұлы, Б.Оспанұлы
5. XIX 60 жж ортасында қазақстанға қоныс аударушылардың басты аймағын ата.
А) Солтүстік Қазақстан б) Орталық қазақстан в) Жетісу өңірі

6.Қарқара уезіндегі Талды - Қоянды жәрмеңкесі қашан ашылды?
А) 1847ж б) 1848 ж в) 1824 ж
7.Іле су жолы қай жылы ашылды?
А) 1883 ж б)1884 ж в)1885 ж
8. "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын" басқару туралы ереже қай жылы бекітілді?
А) 1891 ж б)1867 ж в)1886ж
9.Дала генерал губернаторлығының орталығы
А)Омбы б) Ташкент в) Түркістан
10.Ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы қашан басталды?
А)1881 ж күзі б) 1880 ж күзі в) 1891 ж күзі

ІІІ.Жаңа сабақ
"Аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды"
Шоқан Уалиханов
Н.И.Веселовский, археолог

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835-1865
Шоқанның табиғи дарындылығы мен зеректігі халықтың өмірін терең зерттеп, оның жақсы-жаман жақтарын түгел көріп, байқап отыруына мүмкіндік берді.Уәлихановтың күнделіктері мен жазбаларының бәрі де оның қырағы көрегендігін дәлелдейді.
Әлкей Марғұлан, ғалым

Тұлғаны танып біл
Петр Петрович Семенов - Тянь-Шанский 1827 - 1914
Орыс геогрофы, статистик, қоғам қайраткері, Петр Петрович Семенов - Тянь-Шанский кеңесімен Шоқан әйгілі Қашқар саяхатын жүзеге асырды.
Әлкей Марғұлан 1904 - 1985
Ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы. 1857 - 67 жж Ш.Уалихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа басшылық етіп, 5 томдық шығарма жинағын жарыққа шығарды.
Григорий Николаевич Потанин 1835 - 1920
Орта азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф. Шоқанның жан досы
Федор Михайлович ДОСТОЕВСКИЙ 1821 - 1881
Орыс жазушысы, Санкт - Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. 1854 жылы Омбыда Шоқанмен танысқан, Семейдегі кездесуден соң үлкен достыққа айналған.

IV.Жаңа сабақты бекіту:
Тапсырма № 1
Бір айналым сөйлесу немесе дөңгелек үстел

Тапсырма№2 Жылдармен жұмыс (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды)
Тапсырма №3 Сызбаны толықтыр және тиісті қорытынды жаса

Тапсырма № 4
1
"Қырғыз өлкесі " "Түркістан өлкесі"
5
"Қырғыздар туралы жазбалар"
2
Іле алқабын, Жетісуды зерттеді.
6
"Қырғыздың ең соңғы ханзадасының отауында"
3
"Менің ойларым"
7
"Шоқан көрікті, сымбатты және өз ойын жеткізе білетін, асқан шешен болды."
4
"Сібір қырғыздарының облысы"
8
Шоқан орыс жазушыларының шығармаларын қызығы оқитын

1.А.С.Пушкин 2.С.Капустин 3.Г.Н.Потанин 4.П.П.Семенов Тянь - Шанский 5. В.В.Радлов 6.Шевченко 7.М.Красовский 8.Ш.Уалиханов

Тапсырма № 5
Пирамидалық оқиға
А. Кеіпкердің аты (бір сөз) _
_______________________________________________________
Ә. Оны сипаттайтын екі сөз _ _
______________________________________________________
Б. Жастық шағын сипаттайтын немесе оны еске түсіретін үш сөз _ _ _
_____________________________________________________
В. Саяхаты жайлы төрт сөз _ _ _ _
_____________________________________________________
Г. Достары жайлы бес сөз _ _ _ _ _
_____________________________________________________
Ғ. Кейіпкердің зерттеушілік қызметі жайында алты сөз _ _ _ _ _ _
_____________________________________________________

Тапсырма № 6
Қара, жап, жаз, айт.

V.Үйге тапсырма
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ағартушы ғалымыШоқан Уалиханов
"Егерде мен ғалым болсам" тақырыбында эссе.
Тест тапсырмасын дайындау.
С .Мұқанов "Аққан жұлдыз" романынан үзінді оқып
немесе жазып келу.

1 минуттық эссе
Бүгінгі сабақтан мен не түйдім, мені не қызықтырды?
V І.Бағалау
<<Ашық журнал>>
Тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Әрбір дұрыс жауап 1 балл
Оқушылардың аты-жөні
Үй тапсырмасын сұрау
Тапсырма
Сыныптағы жинаған балы
Барлық балл
Баға

1
2
3
4
5
6

Ұқсас жұмыстар
Практикалық ізденіс жұмыстары
Тракторлардың жалпы құрылысын меңгерту
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме
Есептерді салыстыру және шығару
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Металдарды электролиз әдісімен алу
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы (есептер шығару)
Сөйлесу сабақ
Слайд туралы
Paint графикалық редакторын қорытындылау
Пәндер