Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы: әдеби-музыкалық кеш

Вальс падишасы-Шәмші

Әдеби-музыкалық кештің мақсаты:

  1. Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу.
  2. Шәмші әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау
  3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш. Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу.

Әдеби музыкалық кештің көрнекіліктері:

«Қазақ вальсінің королі» Ш. Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің қортындысы. Қазақтың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері, әндер жинағы, өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, т. б.

1-ші жүргізуші:

  • Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән бұлақтан»атты ән кешіне қош келдіңіздер.

2-ші жүргізуші: Адам жылап туады

Жатады оны жұбатып,

Және жылап өтеді,

Өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап,

Жамандар бар қинайтын.

Жылайтыны өлгенде,

Жақсылар бар қимайтын.

Осылай деген уа, Қадір аға, неткен ерсің.

Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының, яғни социолистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған.

Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.

Шәмші өмірі жайлы оқылады.

  1. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі

Ән- «Арыс жағасында» Орындайтын

  1. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі

Ән- «Ақ бантик» Орындайтын

Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол Ана.

Ана-теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай-қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.

Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы алматыдағы баласын шақыртады.

  • Балам, деді көзіне жас алып, -жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
  • Апа қарыздармын саған . . . Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл 1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.

Бұл аналар туралы Әнұран болатын.

  1. Сөзі : Ғафу Қайырбековтікі

Ән- «Ана туралы жыр» Орындайтын

  1. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі

Ән- «Кешікпей кеем деп ең» Орындайтын

  1. Бірде-бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй күйсіз жүрген кездері болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүңген қызы» атты әнін орындауында қабыл алыңыздар.
  2. Сөзі : Тұманбай Молдағалиевтікі

Ән- «Бақыт құшағында» Орындайтын

  1. Шәмші Қалдаяқов 1990 ж тамыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты . . . Солардың бірі «Творчествалық жолыңызда сізді ренжіткендер болдыма?» деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен:Мен өмірде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек . . . Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсемде, жамандық көрсемде өзімнен»деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы-халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерімде бар.

Сөзі : Мұхтар Шахановтікі

Ән- «Өмір өзен» Орындайтын

  1. Шәмші Қалдаяқовтың Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбановаға арнап шығарған әні «Шынарым» Орындайтын
  2. 1991 ж 20 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.

Ия, 60 асқан шағында берілген атақ ұлық па, кішік пе?


Ұқсас жұмыстар
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы
Шәмші Қалдаяқов: өмірі, шығармашылығы және Ана туралы жыр әнін оқытуға арналған әдеби-музыкалық сабақ
Жүзімдік жалпы орта мектебіндегі Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш (2010-2011 оқу жылы)
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған тәрбие сағаты
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және Ана туралы жыр әнін оқыту
Шәмші Қалдаяқов: өмірі мен шығармашылық мұрасы
Шәмші Қалдаяқовтың Ана туралы жыр әнін меңгеру шеберлігіне арналған сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш
Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын дәріптеуге арналған Әнің болып төгілемін өнер сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz