Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ионды байланыс

Химия пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындау жолдары және апелляциялық жұмыс талаптары.
Елеуова Айгуль Суйншбаевна
М.Мәметова атындағы №27
физика-математика бағытындағы
мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Мектепте алынған сапалы білім мен тәрбие оқушының бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болып қалыптасуының шарты болып табылады.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде 2004 жылдан бастап елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Бүгінгі күні Ұлттық бірыңғай тестілеу - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi болып отыр, яғни, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.
ҰБТ-ның мақсаты - мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлманы оқушыға толық меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Ал, мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi-бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Осы ҰБТ-ға дайындық барысында жүргізілетін жұмыстарға тоқталып кетейін. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары 8 сыныптан бастау алу керек деп ойлаймын. Жалпы химия пәні 8 сыныптан бастап жүргізілетіндіктен, оқушылармен ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын осы сыныптан бастаған жөн, яғни, пән оқытылып бастағаннан әр тараудың соңында тарау бойынша тест өткізу маңызды деп есептеймін. Бұл баланы уақытқа жұмыстануға, жеке өзбетімен жұмыстана білуге, мұқияттылыққа, табандылыққа жетелейді. 8 сыныпқа келгенде бала біркелкі тестпен жұмыстанудың шарттарымен таныс болып келеді. Біздің пәнді үйретуімізге жаратылыстану-математика пәндері бойынша алған білімдерінің негізі арқау болады. Ол үшін мұғалімде оқу жылы басталмас бұрын әр тарау бойынша тест жинақтарының қоры дайын болуы қажет. Сонымен қатар тест жұмыстарын түрлі формада ұйымдастыруға болады және жүргізе отырып, үнемі оның нәтижесін шығарып, баланың еңбегін бағалап отыру оқушының жауапкершілігін арттырады. Егер бұл жұмыстар орынды жүргізіліп, оң нәтижесін берсе, ол оқушылардың ОЖСБ-ға және басқа да білім байқауларына дайындалуға да қызығушылықтарын туғызады.
Енді жалпы мұғалімнің шығармашылық жоспарының төмендегідей екендігін айтып өткен жөн:
1)ҰБТ материалдарының ауқымын қамтитын жоспар дайындау; (зияткерлік мектеп жоспары).
2)Оқулықтар топтамасын және электронды оқулықтар топтамасын жасақтау;
Мұғалімнің қаруы, азығы-кітап екені бәрімізге белгілі.
Мен жұмыс барысында өз есебімнен бірнеше электрондық оқулықтар және химиялық фильмдер алдым. Мысалы, <<Химиялық ыдыстар>>, <<Коррозия және алдын-алу>>, <<Химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау>> , <<Органикалық химия курсы бойынша кинофрагменттер>> т.б. тақырыптар қамтылған химиялық фильмдер қорын пайдаланамын. Сонымен қатар 8-10 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтарым бар. Онда тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары, тест жұмыстары, зертханалық жұмыстар және сөздікпен жұмыс түрлері бар. Мысалы, <<Электролиттік диссоциация>> тақырыбы бойынша электролиттер мен бейэлектролиттердің айырмашылығын тәжірибе арқылы түсіндіріп көрсетеді. Оны көрген бала бұл ұғымдарды мүлдем шатастырмайтын болады.
Тақырыптарды түсіндіру кезінде мультимедиалық слайдтарды және мұғалім өзінің уақытын үнемдеу үшін, әрі мектепте жоқ реактивтерді, әсіресе, анион мен катиондарға тән сапалық реакцияларды, органикалық, бейорганикалық заттардың қасиеттерін, алыну жолдарын көрсететін бейнефильмдерді қолдана отырып түсіндірсе, оқушының есінде қалары сөзсіз. Әсіресе, <<Химиялық кинетика>>, <<Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар>> т.б. тарауларды түсіндіргенде ғаламтордан алынған бейнефильмдерді пайдалануға болады.
3)Аталмыш тақырыптар бойынша ұйымдастырылатын семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысып, үнемі білім жетілдіру;
4) Оқушылардың ҰБТ-ға дайындыққа арналған жинақтармен және жеке тест кітапшаларымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
Әр оқушының дайындық дәптерімен қатар қосымша дәптер жүргізуін қадағалау.
5)Тарау бойынша тест тапсырмаларын дайындау;
6)Оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнату;
Ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстарды түрлендіріп отыру.
7)Мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен дайындықтың жүру сапасы мен көрсетілген нәтижелері жөнінде үнемі байланыс жасау;
Мектеп жақсы нәтижеге тек қана мұғалім-оқушы-ата-ана үштігін тығыз жұмыстандыра алғанда ғана жететіндігі ықылым заманнан белгілі. Олай болса, ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-ана түсінігінің, оның балаға қарым-қатынасының да тигізетін әсері өте зор. Сондықтан да ата-анамен ұйымдастырылатын жұмыстарға да ден қою керек.
8)Оқушылардың жыл бойы психологиялық ахуалын бақылауда ұстау;
9)Сабақта әдістер мен тәсілдердің әртүрлілігін қамтамасыз етіп отыру (теориялық және практикалық, жұппен жұмыс және топтық жұмыс түрлері, жеке жұмыс түрлері т.б.);
Нақты ҰБТ-ға дайындық сабақтарын мынадай кезеңдер түрінде өткіземін:
-түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушының білім деңгейін анықтау;
-теориялық білімдерді еске түсіру, бекіту, тақырып бойынша жеке жұмыстар жүргізу;
-тест жинақтарымен осы тақырып бойынша сынақ жұмыстарын алу;
-қателерді талдау және көмекші дәптермен жұмыс.
Химия пәні таңдау пәндерінің бірі болып есептелетіндіктен әдетте санаулы оқушы, яғни, үлкен мектептердің өзінен көп дегенде 3-4 оқушы ғана таңдау жасайды. Сол себепті ҰБТ ға дайындық кезеңі химия пәні бойынша жеке жұмыстарға негізделеді.
Теориялық білімдерді еске түсіруге бағытталған дайындық сабақтары кезінде оқушыларға материалдың негізгі түсініктерін естеріне түсіріп, оқушылардың формулаларды қосымша жұмыс дәптерлеріне енгізулерін және жаттап алуларын қадағалаған маңызды.
Химиялық есептерді шығару кезінде таратпа материалдарды қолдана білуді оқушыға үйреткен жөн. Сонымен қатар қосымша әдістемелік оқу құралдарын пайдаланып, салыстырмалы кестелер мен сызбанұсқаларды (үнемі қолданамын) қолдану талапкерлердің материалдарды жылдам меңгеріп, есте сақтау мүмкіндігін арттырады және уақыт үнемделеді.
Мысалы, <<химиялық байланыстың негізгі түрлері>> тақырыбына байланысты салыстырмалы кесте.
Химиялық байланыстың негізгі түрлері
Химиялық байланыстың негізгі түрлері
Ионды байланыс

Ковалентті байланыс
Металдық байланыс
Сутекттік байланыс
1
2
3
4
Бір-бірінен электртерістік мәні бойынша үлкен айырмашылығы бар атомдардың әрекеттесуінен түзілетін байланыс, әрекеттесу нәтижесінде иондар түзіледі
Катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылу есебінен түзіледі: электртерістік шамалары алшақ атомдар арасындағы хим. байланыс; электрон жұбы электртерістігі жоғары атомға толық ығысады.
NaCI, CaC
Na+ + CI-

Ортақ (байланыстырушы)
Электрон жұптарының түзілуі нәтижесінде пайда болатын байланыс
Мысал келтіру.

Н[.] + [.] Н Н:Н
Сұйық және газ күйдегі
заттар (хлорсутек НСІ, Н2SO4, SO2)
Ковалентті полюсті - әр түрлі, бірақ
Н..СІ, Н..S..H, Н..Вr
Hб+ . + СІбНб+: СІб- Ковалентті полюссіз
СІ-СІ, Н-Н, О-О

СІ..СІ,Н..Н, О::О
заттарF2, С(алмаз, графит)Вr2.


Салыстырамалы бос электрондардың металл иондарымен әрекеттесу нәтижесінде түзілетін байланыс
Металдық деп аталады.

Бір молекуладағы сүтегі атомдары мен екінші молекулдағы электртестігі үлкен элемент атомдары (O.N.F) арасындағы байлансты сутектік байланыс дейді
Мысал келтіру.
Об-О ..... Нб+

<<Метан>> модулі
Жүйе
Метан
Жүйе элементі
Көміртегі (С) атомы
Сутегі (Н) атомы
Элемент қызметі
Электр Теріс заряд көрсететін бөлшек

Оң зарядты бөлшек
Элементтердің байланысы
Электртерістік шамасының өзгерісі аз,электрон жұбы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады.Электрон бұлттары атомдар арасын қосатын сызық бойымен қабысады s-s,s-p,p-p, гибридті орбитальдардың бір-бірімен және гибридті емес орбитальдармен қабысуы арқылы атомдар ортасын қосатын сызық.
Электрон жұптарының тізілуі нәтижесінде пайда болатын байланыс
Ковалентті полюсті байланыс.G-байланыс.
Ж.э.байланыс қызметі.
СН4, С2Н6, С3Н8 т.б., газ күйдегі заттар түзіледі. Табиғи және мұнайға серіктес газдар түзеді.
Жүйесінің қызметі
Өнеркәсіпте, халық шаруашылығында, тұрмыста адамзатқа көмектеседі.
Норма
Химиялық және физикалық заңдар, электростатикалық күштер
Жүйе қызметінің әдісі
Химиялық реакцияларға түседі, молекуланы жеке атомдарға дейін ыдыратып, яғни байланысты үзуге жұмсалған энергия жаңа заттар түзеді.
Нәтиже
Органикалық заттардың көпшілігі
Проблема
Өңдеу кезінде және қолданғанда қоршаған ортаны ластайды.

Осы сынды кестелерді көбіне оқушыларға жеке теориялық қайталаудан кейін орындауға беремін.
Оқушылар белгілі тапсырманы орындау, іс-әрекет жасау барысында оқу пәнінің мазмұнын жетік меңгереді. Ал, оқушыға тағы да мұғалімнің көмегі қажет болса сызбанұсқа арқылы түсіндірген өз нәтижесін береді.
Дайындық кезінде жеке тақырыптарға қатысты есептерді шығару жолдарын естеріне түсіру, алгоритмін меңгерту өте қажет. Сонымен қатар тест нұсқаларында кездесетін есептердің дайын толық шешімдерімен танысудың да маңызы зор. Мұндай дайындық кезінде, алдымен есепті өз бетінше шығарып, содан соң оны дайын шешіммен салыстыруға болады (интербелсенді тақта арқылы). Егер есепті шешу жолдары әртүрлі болса, онда әр тәсілдің артықшылығы мен кемшілігін саралай отырған жөн немесе есептің толық шешімінен оны шешу жолын қарастырып, талдай отырып, оның шешу жолын түсініп алуға болады. Екінші тәсілді қолданғанда, келтірілген шешуден басқа да шешу жолдары бар-жоғын (уақыт үнемдейтін) ойластырған дұрыс.
Оқушының тест жауаптарына талдау жасай білуі өте маңызды.
Сынып оқушыларымен дайындық сабақтарында әр байқау сынағында жіберілген қателіктермен жұмысқа және талдауға да ерекше көңіл бөлген дұрыс. Дайындық сабақтарымның белгілі уақытын оқушылардың жұмыстарын талдауға арнаймын. Бұл сабақтарда оқушылардың байқау сынағында қиыншылық тигізген тапсырмаларын орындаймыз, не болмаса кемшіліктер мен қателіктермен жұмыс жүргіземіз. Байқау сынақтары кезінде жіберген қателіктерінің себебін анықтап, оқушының алдағы міндеттерін көрсетіп отыру мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынып бекіткен, сыныптарға арналған оқулықтарды міндетті түрде негізге ала отырып, тақырыптар бойынша құрастырылған жинақтарын, түрлі нұсқадағы тест тапсырмаларды, деңгейлік логикалық сұрақ, жаттығуларды оқушыларға бере отырып, сол тапсырмалардың дұрыс жауабын, шешімін табуда бағыт-бағдар, теориялық-практикалық білім бере отырып, оқушылардың бойында өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін іздену, анализдеу, талдау, дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерін арттыру мақсатында тақырыптар бойынша белгіленген жоспармен жұмыс жасауды жөн деп санаймын.
Бұндай жұмыс оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, қанаттандырады да, осыдан бастап, өз бетімен жұмыс істеу әрекеттерін саналы түрде ұйымдастырады, яғни ҰБТ - ға өз бетімен дайындалу мотивациясы пайда болады.
Мотивация демекші, жұмыс барысында сергіту жаттығуы есебінде балалармен ашық әңгімелесе отырып, осындай тұжырымдарға әкеліп, бірігіп жаза отырып, кейбір кеңестерді қабырғаға іліп қоямыз:
1. Химиядан жақсы балл алғыңыз келсе, ең алдымен, бойыңызға сабырлық пен жігерлік, табандылық деген қасиеттерді ұялатыңыз. Бастаған істі тастауға болмайды. Бір есепті бастап, ортасына келгенде қиналсаңыз немесе шешу жолын білмесеңіз, тастамастан түбіне дейін жетіңіз, пән мұғалімінен сұраңыз. Бәлкім, ҰБТ-да дәл осы тапсырма келіп қалар...
2. Тест тапсырмаларын неғұрлым көп шешкен сайын, тәжірибе жинақтай бермексіз. ҰБТ тапсырмаларымен айналысу керекті формулаларды жаттап алуға кепілдік бере алады. Тек, есептеу процесін жылдамдатыңыз, сонда өзіңізге уақыт сыйлайсыз.
3. Калькуляторсыз есептеуге тырысыңыз. Өмірде бәрі де болады. ҰБТ-да калькулятор пайдалану мүмкіндігі болмай қалса, қыруар уақытты шығындап аласыз.
4. Тапсырмаларды өзіңіз шешуге тырысыңыз! Өзіңіз қиналып шешкен есептер есте жақсы сақталады. Тіпті, жауабын да ұмытпауыңыз мүмкін.
5. Осы күнге дейін қандай есепті оңай, қандай есепті қинала отырып шешетініңізді байқадыңыз деп ойлаймыз. Міне, сол қиын есептермен, түсініксіз тақырыптармен жұмыс істеңіз. Проблемалы сұрақтардың жауабын іздеуге кірісіңіз.
6. Жолыңызды қиын есеп кездескен болса, ертеңге қалдырмастан шешу жолдарын қарастырыңыз. Өзіңізге түсініксіз формулаларды бөлек жазып, пән мұғалімінің көмегіне жүгініңіз. Күніне 50 тапсырманы бағындыруды әдетке айналдырыңыз.
7.Болашақта өзіңізді кінәлі сезінбес үшін дайындықты мұқият жүргізу керек.
Сонымен қатар ҰБТ нәтижесі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отыру керек. Онда оқушының тестілеу нәтижелері талданып, қателерімен жұмыс істеу міндетті түрде жалғастырылып отырылады. Ата - аналар жиналыстарында қорытындылары таныстырылады.
Қорыта келгенде, оқушылармен жүргізілетін дайындық сабақтарының барысында қолданылатын жұмыстың түрлеріне: ҰБТ-ге техникалық дайындық, әдістемелік дайындық, психологиялық дайындық жатады.
1.Техникалық дайындық уақытты тиімді пайдалану үшін есепті қысқа жолмен шығара білуге, тест жауаптарын оқушының өзіне іздеп таптыруға, тарау бойынша жасалған тест сұрақтарына жауап беруге және үйге берілген тест тапсырмаларын мұқият орындауға үйретеді.
Химия пәні бойынша тапсырмалардың дені есеп болғандықтан, бұл жерде әрі теориялық, әрі практикалық біліктілікпен қоса шапшаңдық та қажет. Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілін меңгерген оқушы тез арада дұрыс жауабын таба алады.
Мысалы, [C6H7O2(OH)3]n + 3nHNO3--> [C6H7O2(OH)2ONO2)3]n +3nH2O Целлюлозадан целлюлозаның тринитратын алу жолындағы есептеуде, целлюлозаның мольдік массасын есептеудің өзіне 1 минут уақыт кетсе,ал одан әрі қарай есепті аяғына дейін шешу үшін одан да көп уақыт кетеді. Яғни, оқушы бұл есепті шығаруға кеткен уақытын басқа тапсырмалардан үнемдеуі қажет.
2. Әдістемелік дайындық барысында тақырыптарды слайдтар мен бейнефильмдерді пайдалана отырып түсіндіру, сондай-ақ, есептерді шығару кезінде химиялық кестелермен қалай жұмыс жасау керектігін, оқылған материалдарды қорыту үшін қысқаша сызбалар мен кестелер жасауға үйрету қажет.
3. Психологиялық дайындық кезінде ата-аналармен бала туралы сөйлесу, тестімен жұмыс істеуде алдын-ала уақытты бағдарлап, оны үнемдей білуге баулу көзделеді.
Ең бастысы, баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау керек.
Енді химия бойынша берілетін тест жұмыстарының мазмұнына тоқталып өтсек, ҰБТ алғаш енгізілген жылдары тесттің 35 нұсқасы 30 сұрақтан құрастырылуына байланысты бейорганикалық химиядан-15 сұрақ, жалпы химиядан-5 сұрақ, ал, органикалық химиядан-10 сұрақ берілетін. Ал, тест 25 сұрақтан тұратын 20 нұсқаға өзгертілгеннен кейін бейорганикалық химиядан-11 сұрақ, жалпы химиядан-5 сұрақ, ал, органикалық химиядан-9 сұрақ берілетін болды және 5 нұсқа бірнеше жауабы бар тест сұрақтарынан құрастырылып беріліп жүрді.
Енді биылғы 2015 жылғы жинақта функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары, ашық формадағы тест тапсырмалары, мәтіндік тапсырмалармен қатар бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалары енгізілген.
Қазіргі кезде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Бір немесе бірнеше дұрыс тест тапсырмалары құрылымы жағынан күрделі және оқушының білім деңгейін толық және терең бағалайтын, ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырма болып табылады. Яғни, жылдан-жылға тапсырмалардың құрылымы күрделеніп, білім алушыларға да талап күшеюде. Сонымен қатар оқушылар апелляциялық комиссияның жұмысынан хабардар болуы қажет.
Апелляциялық комиссия талаптары
ҰБТ шеңберіндегі бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін, тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу үшін және емтихандарға қатысушылардың құқығын қорғау үшін апелляцияларды қарастыру бойынша Республикалық комиссия, сонымен қатар әрбір қабылдау пунктінде апелляциялық комиссия құрылады. Аталған комиссия тестілеу кезеңінде қызмет атқарып, емтихан аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады. Жергілікті апелляциялық комиссияны ҚР БҒМ тағайындаған өкіл басқарады. Апелляциялық комиссияның құрамын облыстық және қалалық білім басқармалары бекітеді. Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияның мүшелері ретінде жергілікті мектептердегі жоғары білікті пән мұғалімдері алынады. Комиссия өтініштерді ҰБТ-ға қатысушының жеке өзінен тестілеудің нәтижесі хабарланғаннан күннің ертесіне сағат 14.00-ге дейін қабылдайды. Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссия талапкердің өтінішін бір күн ішінде қарастырады.Тестілеудің қорытындысымен келіспейтін талапкер белгіленген мерзімде тест тапсырмасының құрылымы бойынша немесе қандай да техникалық себептер бойынша апелляцияға шағым беруге құқығы бар.
Тест тапсырмасының құрылымы бойынша:
- тапсырманың құрылымы дұрыс емес деп есептейтін жағдайда;
- жауапты дұрыс таңдап, бірақ оның қорғалмағанына сенімді болған жағдайда, яғни, жауап кілтінің дұрыс еместігін дәлелдейтін жағдайда.
Тест тапсырмасының құрылымы бойынша апелляцияға түскен өтініштерді қабылдау пән мұғалімдерінің құзырында. Оларды жергілікті апелляциялық комиссия қарастырады. Өтініш бойынша талапкердің жауабы расталса, оны апелляцияларды қарастыру бойынша құрылған Республикалық комиссияға жібереді.
ҰТО-ның оқыту курстарынан өткен, тестілеу рәсімдерінен хабары бар, тәжірибелі және білікті пән мұғалімдерінен құралған Республикалық апелляциялық комиссия жергілікті апелляциялық комиссияның талапкерге балл қосу туралы ұсынысының қаншалықты қисынды екендігін қарастырып, соңғы шешім қабылдайды.
Талапкер кез-келген өтініш берер алдында апелляцияны қарастыру емтиханды қайта тапсыру болып табылмайтынын білуі тиіс. Апелляцияны қарастыру барысында тек сынақты тапсыру нәтижесін бағалау дұрыстығы ғана тексеріледі.

Ұқсас жұмыстар
Иондық байланыс, металдық байланыс
Иондық байланыс
Электролиттік диссоциациялану теориясы
Азот қышқылының қасиеттері
Азот қышқылы. 10 сынып
Қышқылды жаңбырдың түзілу схемасы
Химиялық байланыстың түзілуі
Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі
Хроматография қағазы немесе фильтр қағазы
XXI ғасыр көшбасшысы туралы ақпарат
Пәндер