Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сілтілік жер металдар

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: элементтерді алғашқы топқа бөлу, ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы оларды сілтілік металдар, галогендер, халькогендер және салғырт (инертті) газдарға топтастыру. Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін, танымдық біліктерін жаңа білімді өз белсенділіктерімен дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын, ізденімпаздығын қалыптастыру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, периодтық жүйе, флипчарт, карточкалар, жұмыс картасы, плакаттар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері, синквейн стратегиясы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өтілген тақырыптарды қайталау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
<<Менің көңіл - күйім>>
Сабаққа дейін --------------------- Сабақтан кейін

Жақсы --------- Орташа ------------- Көңіл - күйім жоқ
(Әр оқушыға таратылады.)
Сабақтың жоспары:
1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстарын қайталау.
2. Химиялық элементтерді жіктеу және екідайлы элементтердің қасиеттерімен танысу.
3. Сілтілік металдар мен галогендерді салыстыру.
4. Жаттықтырғыш тапсырмаларды орындау.
5. Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасын алу.
Өтілген тақырыпты қайталау
<<Қайталау - оқу анасы>>
1. Ағаш салу. Бұтақтарына маңызды қосылыстардың 4 класын жазып, жапырақтармен жіктеу. (флипчарттың 4 - ші беті)

Оксид тұз қышқыл негіз
Күрделі зат
2. Деңгейлік тапсырмалар: (флипчарттың 5 - ші беті)
1 - деңгей
KОН - тың молекулалық массасын табыңыз. (56)
2 - деңгей
H2SO4 - тің құрамындағы күкірттің массалық үлесін табыңыз.(33)
3 - деңгей
Массасы 10 г кальций сумен әрекеттескенде, сутектің қанша молі бөлінеді?(0, 25 моль)
Кейбір оқушыларға ребустар таратылады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
<<Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап, массаға сай қатарласып>>, - демекші алда бірнеше сабақтың барысында сіздер табиғаттың ең басты заңы период заңын қарастыратын боласыздар. Бүгін үлкен тарауды бастаймыз.
19 ғасырдың ортасында элементтерді металдарға және бейметалдарға бөліп, оларға тән қасиеттер анықтала бастады. Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туды. (флипчарттың 6 - шы беті, оқушылар ручкамен қасиеттерін тиісті металл немесе бейметалға апарып қояды.)
Металдар --------------------- Бейметалдар
Созылғыш -------------------- әртүрлі агрегаттық күйі бар
серпімді ----------------------- түсі әртүрлі
металдық жылтыры бар ----------------- қасиеттері әртүрлі
жылуды жақсы өткізетін ---------------- ортақ қасиеттері болмайды
электр тоғын жақсы өткізетін
Типтік немесе нағыз металдарға негіздік оксидтер, оған негіздер сәйкес келеді. (флипчарт 8, 9 - шы беттері, сиқырлы лупамен жауаптары көрсетіледі)
4Na+О2=2Nа2О негіздік оксид
Na2О+Н2О=2NаОН гидроксид
Ал типтік немесе нағыз бейметалдар түзетін қышқылдық оксидтер суда ерісе қышқылға айналады:
4N+5O2=2N2O5 қышқылдық оксид
N2O5+H2O=2HNO3 қышқыл
Нағыз металдың гидроксиді қышқылдармен әрекеттеседі, ал сілтімен әрекеттеспейді, ал нағыз бейметалдан түзілген қышқыл сілтілермен әрекеттеседі, бірақ қышқылдармен әрекеттеспейді.
Мырыштың тұз қышқылымен және сілтімен әрекеттесуі бейнеленген видео ролик көрсетіледі. Реакция теңдеуі жазылады.
Zn+2HCl=ZnCl2+H2↑
Zn+2NaOH=Na2ZnO2+H2↑
Проблемалық сұрақ қойылады:
- Мырыш метал ма, әлде бейметал ма?
Яғни, химиялық элементтерді бұлай екі топқа бөліп жіктеу жеткіліксіз, себебі, екі жақты әрі металдық, әрі бейметалдық қасиет көрсететін екідайлы химиялық элементтер де бар. Ондай химиялық элементтерге берилий, алюминий, мырыш тағы басқалары жатады. Екідайлы элементтердің оксидтері мен гидроксидтері де екі жақты қасиет көрсетеді. Бұл қасиет металдан бейметалға ауысатын өтпелі элементке тән.
Осындай екідайлы элементтердің оксидтері қышқылмен әрекеттесіп негіздік қасиет көрсетсе, негізбен әрекеттесіп қышқылдық қасиет көрсетеді. Мысалы:
ZnО+2HCl=ZnCl2+H2О мырыш хлориді
ZnО+2 KOH = K2ZnO2+H2О калий цинкаты
Ал олардың гидроксидтері қышқылмен әрекеттесіп, негіздік қасиет көрсетсе, сілтімен әрекеттесіп, қышқылға тән қасиет көрсетеді.
Мысалы:
Zn(ОН) 2+2HCl=ZnCl2+2H2О мырыш хлориді
Zn (ОН) 2+2NaOH= Na2ZnO2+2H2О натрий цинкаты
Сонымен металл күйдегі мырыш, оның оксиді мен гидроксиді екі жақты қасиет көрсететін екідайлы заттарға жатады.
Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы (амфотерлі) деп аталады.
Кестені толтыру: (флипчарттың 12 - ші беті)
Қосылыстар
негіздер Екідайлы гидроксидтер қышқылдар
1. Қышқылмен әрекеттесуі.
2. Негізбен әрекеттесуі. +
Химиялық элементтерді әрі қарай жіктеу, кейбір элементтерге тән көптеген ортақ қасиеті бар табиғи топтарды ашуға алып келді:
1. Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs. Бұл металдар сумен әрекеттескенде сілті түзеді, сондықтан сілтілік металдар деп аталады. Сілтілік металдарға тән көптеген ортақ қасиеттер бар. Сілтілік металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады. Сондықтан сілтілік металдарды керосин астында сақтайды. Сілтілік металдар аса белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас нағыз металдарға тән - жай заттар және жалпы формуласы R2O сәйкес келетін негіздік оксидтер, ROHсәйкес келетін сілтілер түзеді.

2. Сілтілік жер металдар. Оларға:
3. Галогендер. (<<Галоген>> сөзі туғызушы деген мағына береді). Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді. Мысалы, натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI.
4. Халькогендер:
5. Салғырт газдар.
Химиялық қасиеттерінде ұқсастық болуына орай біріккен химиялық элементтер тобы - ұқсас элементтер немесе табиғи ұяластар тобы деп аталады.
Оқушылар сілтілік металдар мен галогендерді салыстырып, сипаттама береді:

Сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерін салыстырғанда қарама - қайшы заңдылық байқалады. Шынында, алғашқысы - нағыз металдар, ал кейінгісі - нағыз бейметалдар тобын құрайды. Әрқайсысында өзіне тән заңдылық бар. Мәселен, сілтілік металдардың атомдық массалары артқан сайын металдық қасиеті күшейеді, ал галогендерде бейметалдық қасиет әлсірейді.

Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Айналымды жүзеге асыру
1 - нұсқа. BeO --> Be(NO3) 2 --> Be(OH) 2 --> K2BeO2
2 - нұсқа. KAIO2 -->AI(OH) 3--> AI2O3-->NaAIO2
2. Тест жұмысы
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз: а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Негіздік оксидті сумен әрекеттестіргенде түзіледі:
а) сутек ә) қышқыл б) негіз в) тұз
3. Сутектің атомдық массасы: а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
4. Бейметалды көрсетіңіз: а) Li ә) Mg б) Zn в) H
5. Сілтілік металдардың валенттілігі: а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады? а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент: а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі? а) ZnO2+2H2О
ә) ВеO2+2H2 б) Na2ZnO2+2H2О в) К2ВеO2+2H2О
3. Синквейн стратегиясы (бүгінгі тақырыпқа қатысты бес жолды өлең)
4. Сабақтан кейінгі көңіл күйі.

Үйге тапсырма беру
тақырыпты оқу, 5 - 6 жазбаша
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Реакция теңдеуін жазыңдар
Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу. Металдардың маңызы
Сілтілік металдар
Жалпы химиялық қасиеттері
Оқыту әдістемесі
Адам ағзасындағы металдар
Магний және кальций қосылыстары
Химиялық диктант
Адам ағзасын құратын химиялық элементтер
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Пәндер