Анықтама жазу

Сынып: 10Б

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық - тілдік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық - тілдік ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;
2. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жүргізу;
3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері : “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”
Күтілетін нәтиже : 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;
2. Іскерлік қабілеттері дамыған, сауатты тұлға дайындалады;
3. Бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, тапсырмалар, ватман, маркер.

Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: тұлғааралық байланысты орнату; Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында “Шаттық шеңберін” өткізу, топқа бөлу

Тұсаукесер кезеңі: Мақсаты : Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, үй тапсырмасын тексеру. Қолданылатын стратегиялар: “Ыстық орындық”, “Қорапшадағы сұрақтар”

Негізгі бөлім: Мақсаты: назар аудару және түсіндіру; оқушыларды бақылау жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу; қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек көрсетуге қатысу.

Қолданылатын стратегиялар: “Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”, : “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т. б.

Қорытынды кезең: Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау; сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау; қосымша проблемалар туралы әңгімелесу.

Қолданылатын стратегиялар: “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”, “Басбармақ” т. б.

Жаңа сабақ: Хабарландыру - белгілі бір шараның болатындығын хабарлау, уақыты, орны, болатын шара, ұйымдастырушысы көрсетіледі. Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері :

1. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - күн тәртібі толық.

2. Мәдени шараларға хабарландыруда - бағдарламасы ұсынылады.

3. Тендерге хабарландыруда - шарттары ұсынылады.

4. Вакансияға хабарландыруда - жұмыс орнына тиісті талаптар.

Жарнама. Жарнама сөзі латынның “рекламо - айқайлау” деген мағынаны білдіреді. Жарнама - ақпарат беру құралы.

Жарнама - тұтынушыларға, тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын артыру мақсатындағы оларға арналған үндеу.

Жарнаманың қызметі:

1. Тауардың өтімділігін арттыру;

2. Коммерциялық мақсатта;

3. Жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;

4. Тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Жарнаманың ерекшелігі:

1. Насихаттылығы;

2. Тартымдылығы;

3. Дәлдігі;

4. Түсініктілігі;

5. Тосындылығы;

6. Көркемділігі;

7. Мазмұндылығы.

Анықтама - мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық- анықтамалық іс қағазының бір түрі.

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

1. Құжат аты;

2. Негізгі мәтін;

3. Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;

4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;

5. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анық-

тама беруші адамның қолы.

Тапсырма №1

1-топ

  1. Хабарландыру жазу.

2-топ

Жарнама жасау.

3-топ

Анықтама жазу.

Не жарнамаланады?
Кімге арналады?
Қандай мақсатта беріледі?
Қайда орналастырылады?
Не жарнамаланады?: Тауарды, идеяны, мекемені, заңды не жеке тұлға қызметін
Кімге арналады?: Халыққа, мүдделі топтар мен заңды тұлғаларға
Қандай мақсатта беріледі?:

Ақпараттық

Сендірушілік

Ескертушілік

Қайда орналастырылады?: БАҚ, арнайы орындарда, көліктерде, т. б.

Анықтама.

Осы анықтама Болатова Анель Қанатқызының Н. К. Крупская атындағы орта мектебінің 9 “б” сыныбында оқитынын растайды.

Анықтама әкесінің жұмыс орнына қажет үшін берілді.

Анықтама 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.

Мектеп директоры К. Б. Абдигожина.

(қолы)

Хабарландыру

22 ақпан күні, сағат 11. 30-да “ Жас жол инспекторлар” сайысы

болады. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысады.

Сайыс түрлері:

1. Сапта тұру (форма, эмблема, шеврон, т. б. )

2. Жол тәртібі ережесі

3. Жас пропагандист. (газет, макет, альбом)

4. Қауіпсіз дөңгелек

5. Жас бағдарлаушы

6. Жас корреспондент (эссе)

7. Жас санитар

8. Командирлер сайысы

9. Агитбригада сайысы (көрініс 10-20 мин)

Ұйымдастырушы: Ә. А. Байжұманова

«Полиглот» ойыны.

Арыз заявление statement
Куәлік удостоверение certificate
Анықтама справка reference
Түсінікхат объяснительное письмо explanation letter
Сенімхат довереность power of attorney
Мінездеме характеристика сharacteristic
Хаттама протокол protocol

1-топ. Сатылай кешенді талдау жүргізу.

1. Өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолданылу аясы болады. Іс қағаздарының міндеті-барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау нақты жөн көрсету.
2. Түрлері: Анықтама, жарнама, сенімхат, қолхат, түсініктеме, хабарландыру, мәлімдеме, сұраныс, мінездеме.
3. Қолдану аясы : Мекеме, ұжым, фирмаларда
4. Қолдану түрі: жазбаша, ауызша
5. Адам өміріндегі маңызы: Іс-әрекеттің дұрыс, дер кезінде іске асуы, мазмұнының дәл баяндалуына байланысты.
6. Құрылысы: Белгілі бір тәртіппен рет бойынша ұйымдастырылады.
7. Жазудағы талап: Мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынды.
8. Міндеті: Адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау.
9. Стиьдік ерекшелігі: Мәтін баяндау түрде келеді. Экспрессифті сөздер қатыспайды. Өте жинақты келеді. Инверцияға өте сирек ұшырасады.
10. Белгісі: Ресмилік, бірізділік.
11. Цифрлардың қолданылуы: Қағаздың басында, соңында
мерзімі міндетті түрде араб цифрымен көрсетіледі.
12. Нәтижесі: Стильден хабардар адам сауатты жаза алады.
13. Қорытынды : Сауатты адам-елдің болашағы.

2-топ. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

  1. Анықтама* Керекті нәрселер туралы қысқаша

мәлімет алатын жер.

2. Анықтама бюросы * Жеке басты растайтын құжат.

3. Мекенжай * Мекеме мөрі қойылатын жер.

4. Мөр орны * Құжатта көрсетілген мәліметтің иесі.

5. Әуежай * Фактіні дәлелдейтін, растайтын құжат.

6. Жеке куәлік * Қоныс, тұрақ, орын.

7. Анықтама иесі * Ұшақтар ұшып, қонатын жер.

3-топ. Сөйлемдерді дұрыс қарастырыңыз

1. Қазақстан Республикасы Халық банкісінің /№ 154448 филиалында/ жетекші маман/болып қызмет істейді/Ақжолова Айман Ниязбекқызы. 2. Анықтама/Ішкі істер бөліміне/Әуезов аудандық/тапсыру үшін/Алматы қаласы/берілді. 3. Анықтама/1 айға/бастап/күннен/дейін/жарамды/берілген.

Анықтама.

Ақжолова Айман Ниязбекқызы Қазақстан Республикасы Халық банкісінің № 154448 филиалында жетекші маман болып қызмет істейді .

Анықтама Алматы қаласы, Әуезов аудандық Ішкі істер бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама берілген күннен бастап, 1 айға дейін жарамды.

Жаңа сабақты бекіту:

Тест.

1. Анықтама - . . . құжат.

а) өкілеттік

ә) ұйымдық

б) анықтамалық-ақпараттық


Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы
Шеңбер және оның элементтері. сабақ жоспары
Windows терезесінің құрылымы
Интерактивті әдіс
Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады?
Бірмүше. 7-сынып
Санның логарифмі жайлы ақпарат
Бөлшек рационал өрнектер
Балдырлардың бөлімі. біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы 6 cынып
Жүйке жүйесінің бөлімдері. жұлынның құрылысы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz