Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу

ХV-тарау «Мінез-құлық және психика» бойынша модульдік сабақ

Оқу элементінің №
Оқу материалдарының тапсырмалары
Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар
Оқу элементінің №: 1
Оқу материалдарының тапсырмалары: 2
Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар: 3
Оқу элементінің №: ОЭ-0
Оқу материалдарының тапсырмалары:

Сабақтың мақсаты:

  1. Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу
  2. Жоғары жүйке қызметінің гигиенасы мен оның алдын алу шараларымен күресу жолдарын білу
  3. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері және өзара байланысын білу.
Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар: Мақсаттарын оқыңдар. (§64-66 тақырыптар бойынша сабақты меңгеру)
Оқу элементінің №: ОЭ-1
Оқу материалдарының тапсырмалары:

Жұмысқа дайндалу

  1. Тест тапсырмасын орында
  1. Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы:

А) Сана Б) жігер Г) есте сақтау

Ә) Ойлау В) қабілеттілік

2) Ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялық, физиологиялық дерттерге теориялық қорытындыны жасаған ғалым:

А) Аристотель Б) Әл-фараби Г) И. П. Павлов

Ә) Гиппократ В) Клавдий Гарен

3) «Қан» сөзінің латынша атауы:

А) sanguis Б) Melanos chole Г) Дұрыс жауап жоқ

Ә) chole В) phlegma

4) И. П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін неше топқа бөлді?

А) 4 Б) 2 Г) жауап жоқ

Ә) 3 В) 1

5) Маскүнемдік ауруының неше кезеңнен тұрады?

А) 2 Б) 4 Г) 6

Ә) 3 В) 5

6) Жоғары жүйке қызметі мидың қандай бөлімімен байланысты?

А) мишық Б) Сопақша ми Г) артыңғы ми

Ә) ортаңғы ми В) ми қыртысы

7) Есірткі пайдаланушыларды қалай атайды?

А) нашақорлар Б) мас адам Г) аллергик

Ә) сатушылар В) дальтоник

8) Қандағы ішімдік мөлшері 0, 3%-да адам:

А) Өмір бойы ауырады

Ә) есінен танып, не істегенін өзі сезбейді

Б) Қуанады

В) адам өледі

Г) секіреді, жүгіреді және т. б.

9) Жігер дегеніміз?

А) айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері арқылы мида бейнеленуі.

Ә) нейрондар қозуының шектелуі, әлсіреуі

Б) нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру.

В) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы

Г) адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті.

10) Темекі түтініннен зиянды заттардың сыртқа бөліну мөлшері қанша?

А) 3200 Б) 3400 Г) 3600

Ә) 3300 В) 3500

Аты-жөні: жауабы:

Аты-жөні: жауабы:

  1. Төменгі мәтінді оқып, қателерді тап:

Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы әлсірейді. Мысықтың дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің, қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т. б. Адамның қысқа өмір сүруінде дұрыс тамақтану білу керек. Көбіне чипсы, роллтон, майлы тамақты пайдалану, тамақтану естен шығармау қажет.

Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар: Өз бетімен жұмыс істе.
Оқу элементінің №: ОЭ-2
Оқу материалдарының тапсырмалары:

Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.

  1. Суретке қарап темпераментті анықта.

Сіз орындықта дем алып отырғансыз, қасыңызда бас киіміңіз жатыр. Қасыңызға бір адам жақындап келіп, сіздің бас киіміңізге отырды, Сіздің реакцияңыз. Суреттен көрсетіңіз.

Аты-жөні: жауабы:__

Аты-жөні: жауабы:__

Аты-жөні: жауабы:__

Аты-жөні: жауабы:__

Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар:

Топпен жұмыс

Топпен жұмыс

Оқу элементінің №: ОЭ-3
Оқу материалдарының тапсырмалары:

Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.

Қосымша мәліметтер:

Темпераментке сәйкес мамандығыңды таңда!!!

Сангвиник (ширақ топ) - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.

Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т. б. мамандықтарды иелене алады.

Флегматик (салмақты, байсалды топ) - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі.

Флегматиктер механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми - ботаник, астроном, физик, математик т. б. мамандық иелері бола алады.

Холерик (ұстамсыздау топ) - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады.

Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер


Ұқсас жұмыстар
Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері. жоғары жүйке қызметінің топтары
Жоғары жүйке қызметінің топтары
Ми бөліктері
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері
Темекі шегуді тоқтату
Ойлау жұп
Қатыспаған оқушылар саны
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайлы ақпарат
Үлкен ми сыңарлары, Жүйке жүйесінің гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz