Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қысымның өлшем бірлігі

<<Физика және табиғат>> физикалық сайыс.
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.
Жоспар:
1. Ой сергіту. Сұрақ беріледі. Әр сұрақтың 3 - варианты бар.
2. Жорға. Оқушы тарауды таңдайды. Тарау бойынша сұрақ қойылады.
3. Ғажайып үштік. 10,20,30 ұпайлық сұрақтар қойылады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд

Сайыстың жүру барысы:
I. Ой сергіту

1. А. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіш.
1) сағат 2) тауық 3) күн
2. Сандыққа не жасыра алмаймыз?
1) жарық сәулесін 2) конфет 3) әшекей заттар
3. Қиярды тұздағанда қандай құбылыс байқалады?
1) диффузия 2) инерция 3) әлемдік индукция
4. Дәл мезеттегі суретке түсіру агрегатын ата.
1) Фотоаппарат 2) бейнежазба 3) айна
5. Паскальмен өлшенетін қай шама?
1) күш 2) қысым 3) жұмыс
6. 6,67x10нxм2кг2 өлшенетін қай тұрақты шама?
1) гравитациялық 2) еркін түсу үдеуі 3) электрлік
тұрақты
7. Кедергіні өлшейтін құрал:
1) вольтметр 2) амперметр 3) омметр
8. 72 км/сағ қанша м/с бар?
1) 10 м/с 2) 20 м/с 3) 15 м/с
9. Электр зарядының формуласы:
1) q = I x t 2) q = I/t 3) q = t/I
10. Алғаш ашық космосқа шыққан кім?
1) Ю.А.Гагарин 2) А.Титов 3) А.Леонов

11. 2PIRν қай жылдамдықтың формуласы?
1) үдемелі қозғалыс жылдамдығы
2) бұрыштық жылдамдық
3) сызықтық жылдамдық
11. Зарядтардың арасындағы тартылыс күшін ашқан кім?
1) Ньютон 2) Кулон 3) Галилей

Жауаптарының дұрыстығына қарай 3 оқушы ойыннан шығарылады.

II. Жорға
Бұл бөлмеде оқушы бөлімді таңдайды. Әр бөлімде бес сұрақтан болады.
Әр сұрақ 1 балл.
1. Кинематика.
2. Термодинамика.
3. Жылулық құбылыстар.
4. Динамика.
5. Қысым.
6. Заттың агрегаттық күйлері.
І. Кинематика.
1. Дененің уақыт өтуіне байланысты кеңістіктегі орнының өзгеруін не деп аталады.
2. Қозғалыстың өзгеру шапшаңдылығын не дейді.
3. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кететін уақытын не деп атайды.
4. Жыламдықтың өзгеру шапшаңдығын не деп айтады.
5. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі.
ІІ. Термодинамика.
1. Термодинамиканың І заңы.
2. Изобаралық процесте не өзгермейді.
3. Адиабатылық процесте не тұрақты болады.
4. Ішкі энергияны механикалық энергияға айналдыратын құрылғы.
5. Қозғалтқыштың ең көп тараған түрі.
ІІІ. Жылулық құбылыстар.
1. Молекулалардың ретсіз қозғалысын не деп атайды.
2. Дененің қызған бөлігінен суығырақ бөлігін жылудың беріліу тәсілін.
3. Сұйықтар мен газдардың ағыны арқылы тасылмалданатын жылу берілу тәсілі.
4. Жылуды қандай зат нашар өткізеді. Қатты, сұйық, газ.
5. Жылу берілудің үшінші түрі не деп аталады.

IV. Динамика.
1. Денелердің бір-біріне әрекетін не деп атайды.
2. Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті.
3. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал. Бұл Ньютонның нешінші заңы.
4. Гравитациялық тұрақтының мәнін лабораториялық жағдайда бірінші рет 1798 ж. Анықтаған ағылшын ғалымы.
5. Бүкіл әлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалыс жүзеге асатын жылдамдық.
V. Қысым.
1. Атмосфералық қысымды алғаш өлшеген ғалым.
2. Қысымның өлшем бірлігі.
3. Кнопканың ұшының түсіретін қысым көппе, әлде ДТ-тракторының қысымы көппе?
4. Қысымды өлшейтін құрал.
5. Қысымды қандай әріппен белгілейді?
VI. Заттың агрегаттық күйлері.
1. Заттың қатты күйден сұйыққа айналу прцесін не деп атайды?
2. Жеделдете буға айналдыруды не деп атайды.
3. Аязда аузымыздан шығатын бума, әлде тұман.
4. Су неше градуста қатады.
5. Заттың 1 кг балқу температурасын сұйыққа айналдыру үшін қажет жылу мөлшері.
Ұпай санының азына қарай 3 оқушы ойынан шығады.
III. Ғажайып үштік.
1. Физикалық заңдылықтар. 10. 20. 30.
2. Физикалық тәжірибелер. 10. 20. 30.
3. Физикалық құбылыстар. 10. 20. 30.
Бұл бөлімде егер оқушы сұраққа жайап бере алмаса келесі оқушы жауап беруге болады. Ұпайы сол оқушыға қосылады.

1. Физикалық заңдылықтар.
10 ұпай. F = G m1m2R2 .
20 ұпай. Сұйықтар мен газдарға түсірілген қысым, сол сұйықтар мен газдардың барлық бөлшектеріне бірдей беріледі.
30 ұпай. Денеге басқа дене әсер етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады.
2. Физикалық тәжірибелер.
10 ұпай. Мензуркамен қандай тәжірибелер жасауға болады.
20 ұпай. Вольтметр, амперметр, ток көзі, өткізгіш, жалғаныш сымдар арқылы тізбек құрастырып не анықтауға болады.
30 ұпай. Көлбеу науа, секундомер, қысымы бар тұрғы, шарик, өлшеуіш цилиндр берілген. Осы құралдар арқылы не анықтауға болады.
3. Физикалық құбылыстар.
10 ұпай. Автобус ішіндегі адамдардың автобус кілт тоқтаған кезде алға қарай құлайтын себебі.
20 ұпай. Бөлме ішінде, бір бұрышына нафталин төгілді, оның бөлмеге тез таралуы.
30 ұпай. Магнит өрісінің әсерінен токтың пайда болуы.

Сайыс соңынан ұпай сандарына қарай оқушылар марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық қысым. атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. паскаль заңы
Манометрлер. сорғылар. 7-сынып
Атмосфералық қысым туралы
Меншікті булану жылуының формуласы
Қысым тарауы бойынша қайталау
Паскаль заны
Қысым қызықтары
Қатынас ыдыста. Су құбыры
Ток күшінің өлшемі
Пәндер