Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ардагерлерімізге мың алғыс
Тәрбие сағатының тақырыбы
<<Ерлер ісі- ел есінде>>
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан Соғысы кезінде жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру . Жас ұрпақты Ұлы Отан соғысына қатысқан аталар ерлігін дәріптеу өз елін , туған жерін сүюге ,Отанын қорғай білуге ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, гүл шоқтары, суреттер, буклеттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу.Жылулық шеңберін құру. Әр түрлі ленталар арқылы (қызыл, сары, жасыл.) Топтарға бөлу.
Оқушылар көріп отырсыңдар міне, біздің ленталарымыздан қазақтың шаңырақ бейнесі шығып тұр.Осыған орай біздің шаңырағымыз биік
болсын,сабағымыз жақсы өтсін деп тілейік.
Миға шабуыл: тақтадан видеобаян көрсету.
Осы бейнебаян бойынша сұрақ жауап. Қане, балалар бұл бейнебаянды талқылайық.
1. Бұл бейнебаян не туралы?
2. Бұл бейнебаянды көріп отырып қандай сезімде болдыңдар?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қортынды жасалады.
Мұғалім: бізге мәлім Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына орай, бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін өз бастарын өлімге қиған бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
Ол үшін қане, тарих беттеріне үңілейік. Аялдама әдісі
Бірінші топқа. Ұлы Отан Соғысы жайлы не білеміз?
Екінші топқа.Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлердің қандай ерліктерін білесіңдер?
Оқушылар өз ара білімдерін толықтырып, бір- біріне түсіндіру.
Әсіресе осы кезде Өскемен аймағы бойынша Ұлы Отан соғысында Совет одағының батыры атанған ардагерлерді атапшықты. Олар Огнев Андрей Григорьевич,Төлеген Тоқтаров,Мыза Владимир Иванович,Айтыков Ізғұтты Берестов Федор Сергеевич т.б жауынгерлердің ерліктері жайлы айтылды.
III. <<Галереяға шарлау әдісі>>.
(Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша)
1. Оқушылар Ұлы Отан Соғысына арналған өз өлеңдерін оқу.Тоқтағанова Жансаяның жеңіс күніне арналған өлеңі.
Ұлы Жеңіс
Келді міне,Ұлы Жеңіс баршаңа,
Айналаға нұр-шуағын шашуда.
Келді міне,ардагерім аңсаған,
Ұлы Жеңіс,Ұлы Жеңіс Отанға.
Әлия,Мәншүк сынды қос жұлдызым көгімде,
Бауыржан атам арғымағым төрімде.
Жеңіс туын желбіреткен Рақымжан,
Қыран құстай самғады ғой көгімде.
Мәскеу,Ленинград жүрегімнің жарасы,
Қанша жас-кәріні бір өзіңе алғансың.
Жазықсыздан қан төгілді қаншама,
Қалды артыңда қайғыменен көз жасы.
Ұлы Жеңіс жасай берші мәңгілік,
Ардагерім аман-жүрші шат күліп.
Осы күнді сыйлаған батырларға,
Алғысы ғой ,адамзаттың мәңгілік!
2. Посттер қорғау. (Ұлы Отан Соғыссының 70 жылдығына байланысты)
3. Жоба қорғау.Бағдәулет Айжан
Жобаның тақырыбы: << Ерлер ісі-ел есінде>>
Жобаның мақсаты: Елі үшін жан аямай күрескен батырлар ерлігін ұмыттау.Отанға деген адамзаттың бойындағы сүйіспеншілігін арттыру.
Сонау 1941 жылы басталған сұрапыл соғысты ойласақ,көзімізге еріксіз жас келеді.Қаншама жанның өмірін жалпыған бұл соғыс қайсыбірімізді болмасын алаңдатпай қоймайды. Елі,жері үшін,болашақ өскелең ұрпақ бейбіт елде өмір сүрсін деп, салт-сананың,әдет-салттың күйреуіне жол бермейміз деп қаншама ерлеріміз жауға қарсы ерлікпен айқасты. Сол жылдың маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні.Осы күнге халқымды жеткізссем деген,тарихта сөнбес ерлік жолын қалдырған,Ұлы Жеңіске үлестерін қосқан қазақтың ержүрек ұлдарының,ерен ерліктеріне қысқаша шолу жасайық.
Бауыржан,Қасым Сағадат,Талғат аталарымыздан бастап Рақымжан,Төлеген,Ізғұтты,Мәлік,Нүркен және тағы басқа ағаларымыздың ерен ерліктері ел есінде.Олардың сол кездегі қажымас қайсарлықтары ,өжеттілігі ,төзімділігі Отанына деген шексіз махаббаты қазіргі жастарға әркезде үлгі.Жоғарыда аталып өткен Қасым Қайсенов,Төлеген Тоқтаров,Ізғұтты Айттықовтар шырайлы Шығыс жерінен,Алтай батырлары,мақтаныштары.Атақты партизан Шығыстан шыққан Қасым атамыз жау жерінде жүрседе ел тағдыры үшін аянбай ерлік етті.Сол тұста Қасым Қайсеновтың жазушылық өнері де қатар жүрген. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген.Оған: <<Ажал аузында>>, <<Партизан соқпақтары>>, <<Жау тылында>>, <<Днепрде>> , <<Жау тылындағы бала>> және т.б әңгіме,повестері дәлел.
Мәскеу,Ленинградты азат етуде ержүрек жауынгерлеріміз айрықша батырлық көрсетті.Бородино селосында Төлеген Тоқтаров неміс бөлімінің штабына басып кіріп,5 неміс офицерінің көзін жойған.Ұшқыш Талғат Бегилдинов әуеге бірнеше рет көтеріліп жау танкілерінің көзін жойған.
<<Біздің жүрегіміз темір емес,бірақ кек отымыз қандай темірді болсада ерітеді>> деген Бауыржан Момышұлының бұл сөздері Отанға деген ыстық ықыластық көрінісі.Н.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенат Б.Момышұлы қолбасшылық еткен батальон жауынгерлері ерлікпен шайқасты.Мәлік Ғабдуллин Аға политрук болады. Майданда И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасты.Ізғұтты Айттықов
Ұлы Отан Соғысында елі үшін аянбай жаумен шайқасқан жауынгерлердің ерліктері ел жүрегінде.Сол кездің өзінде-ақ олардың осы ерліктері ескерусіз қалмады.Оларды <<Кеңес Одағының батыры>>атағы , <<Қызыл Ту>> медаль,ордендерімен марапаттады.Бір өкініштісі кейбір ерен ерлеріміз осы өздерінің еңбектерің жемісін көре алмады..Олардың әрқайсысының арманы бейбіт күнді,бейбіт елді көру болатын.Олар бұл күнге жетпеді,алайда осы күнді сыйлаған өздері еді..
Міне, содан бері 70 жыл өтті.70 жыл күллі бір тарихқа айналғандай. Осы күнге қалай жеткенімізді,кімнің арқасында бұл күнді көргенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек.Бізге бұл күнгі сыйлау жолында құрбан болған батырларымыздың рухына бас иеміз.. Ардагерлерімізге мың алғыс..
Ұлы Жеңістің келуіне басты себептердің бірі:сол жылдардағы халықтың бірлігі еді..Бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарған халықтың ауызбіршілігі еді. <<Бірлік түбі-ынтымақ>> деген халықтың үні еді.Сол сияқты қазірге кездеде,болашақтада бірлігіміз жараса берсін!
Рольдік ойын әдісі
Оқушылар соғыс ардагерлерімен сұхбаттасу үшін сұрақтар дайындап, интерьвю алады.
(Олардың біреуі соғысқа қатысқан майдангер,екіншісі журналист .Оқушылар сұрақтарды және оған қалай жауап береді ,оны өздері дайындалды , алдын ала тапсырма берілген.)
Мұғалім сөзі:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
География пән мұғалімі: Уалиева Гульназ Сейтмухамбетовна
№ 6 орта мектеп
Өскемен қаласы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz