Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ересек балалар ойыны

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын - халық қазынасы

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық ойындар арқылы оқушының өз

ұлтының әдет-ғұрпына, салт дәстүріне деген қызығушылығын ояту.

Ұлттық ойындарды насихаттай отырып, ойын түрлерімен балалардың күштілік,

ептілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін дамыту.

Ұлттық ойындар арқылы балалырды адамгершілікке, сыйластыққа,

ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: графапроектор, ойынға керекті нәрселер, ұлттық ойынға байланысты суреттер,

рефераттар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

II.Сәлемдесу.

-Қайырлы күн!

Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Ұлттық ойын - халық қазынасы.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты:

-Ұлттық ойын дегеніміз не?

-Ұлттық ойын түрлерімен танысу.

-Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні және оны насихаттау.

Ұлттық ойын туралы балалар түсінігін тыңдау.

1-оқушы: Ұлттық ойын - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға-жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

2-оқушы: Ұлттық ойындарды қолданудың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы зор.

3-оқушы: Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады.

4-оқушы: Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Мұғалім:

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.

-Неге біз бұл ойындарды ұлттық деп атаймыз?

-Қазақтың салт дәстүріне жатады, ұлттық киім киіледі, ұлттық тойларда ойналады.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.

Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.

Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Қазақтың ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдар бұрын ойналған. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік- экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдастық құрылыста қалыптасқан <<Аң аулау>>, <<Таяқ жүгірту>>, <<Садақ ату>>, <<Қақпа тас>>, <<Қарагие>> ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде <<Аң аулау>>, <<Құс салу>>, <<Жамбы ату>> болып аттары өзгеріп, мазмұны сақталып қалды.

Танымал адамдардың қазақтың ұлттық ойындары туралы пікірлерін тыңдасақ:

1-оқушы: М.Жұмабаев ұлттық ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдаған.

2-оқушы: Қазақ ғалымы Б.Төнебаев <<Қазақтың ұлттық ойындары>> (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

3-оқушы: Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалаған.

4-оқушы: Ұлы педагог В.Сухомлинский <<Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды>> деген.

III. Қандай ұлттық ойын түрлерін білеміз?(Ұлттық ойындар түрлерін атау)

Айтылған ұлт ойындарын негізінен әр салаға, топқа, түрге бөліп топтастырған.

Ә.Дибаев <<Игры киргизских детей>> атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

1.Кішкентай балалар ойыны

2.Ересек балалар ойыны

3.Жігіттер ойыны

XX ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді: 1. Жалпы ойындар; 2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; 3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 5. Демалыс ойындары; 6.Ат үстіндегі ойындар; 7. Аттракциондық-көрініс ойындар.

Ұлттық ойындарды қалай ойнау түрлерін де түрлі сатыға бөлген:

Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, сиқырлы таяқ

Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын: соқыр теке, көк сиыр, түйе-түйе

Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: бөрік жасырмақ, түйілген шыт, орамал тастау.

Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: жасырынбақ, айгөлек, ақсерек-көксерек

IV. Басқа ойындардан қазақ халқының ұлттық ойындарының айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аты айтып тұрғандай, ойынсыз елестету мүмкін емес.

1.<<Бүркіт>> ойыны

Бұл ойында икемді,оралымды бала жеңіске жетеді.Себебі ,бала жүресіне отырып, екіқолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны аузымен іліп алу.

2.<<Жаяу тартыс>> ойыны

Бұл ойынға бойы жағынан шамалас екі бала қатысады. Екеуі бір-біріне арқасын беріп түзу

сызықтың екі жағына тұрады. Екі ұшын байлаған арқанды түйінін ортасына келтіріп екі ойыншы да иық арқылы қолтықтың астынан өткізіп алады

Бір, екі, үш...

<<Үш>> дегенде екі ойыншы да арқанды өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан ойыншы жеңеді.

Басқа ойын түрлерін экраннан тамашалау.

Басқа ұлттық ойын түрлерін қайдан көруге болады?

Осылайша, бағзы заманда қазіргі ұлттық ойындардың көпшілігі жауынгерлік рух пен шеберлікті тәрбиелеудің аралық жаттығуы ретінде есептелген. Пысықтық пен асқан қайсарлықты көпшілікке паш ету арқылы бозбалалар әскери өнер машықтарын игерген, жангешті жігіттер мен қарасақалдар өз өнерін шыңдаған.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет - ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады.

V. Қорытындылау

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуларымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Сен гүлсің
Гүлдер
Алтыбақан туралы
Алғы сөз
Денелердің тең әрекетті күші, тартылыс құбылысы, ауырлық күші. 7 сынып
«Алтын күз» байқауы
Тақырып - Сөз және оның мағынасы
Қуыршақ терапиясы
Киімдер жайлы
Құм терапиясы
Пәндер