Күштің жұмысы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Рахметова Ләззат Ғабитқызы

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы:

«ҰБТ сынағына даярлауда сызба - нұсқаларды пайдаланудың тиімді жолдары»

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Оқушыларды тест тапсыруға дайындаудың тиімді әдістері.

ә) Физикалық білімдерін жүйелеудегі сызба-нұсқалардың ролі.

б) Физикалық құбылыстарға берілген есептерге талдау.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

«Ел тағдыры жас ұрпақтың қолында,

жас ұрпақтын тағдыры ұстаздардың қолдында».

Н. Ә. Назарбаев.

Оқушыларды тест тапсыруға дайындаудың тиімді әдістері

Физика ғылыми теория мен практиканың, қайталау мен дамудың қатар жүргенін талап етеді.

Сондықтан физика ғылымын тандаған ұстаз оқушыға нақты талап қойып, олардың шығармашылық пен ізденуге ықпал жасаса, өзіде шығармашылық ізденістің құлы болып жаңашыл, практикасы мен теориясы тең, ізденімпаз мұғалім болары сөзсіз.

Қазіргі танда техникалық мамандыққа деген сұраныс артып, оқушылардың политехникалық циклдегі пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты ҰБТ де физика пәнін тандайтын оқушылар саны жыл сайын артып келеді.

Соңғы жылдарда ЖББ мектептердің түлектерін ҰБТ сынағына дайындау жеке пән мұғалімдеріне үлкен жауап кершілік міндетейді. Пәнді оқытудың жаңа әдістерін тиімді тәсілдерін іздеуге итермелейді.

Физика пәнін тандаған оқушылар сынақ нәтижесінде 100% білім деңгейін көрсетпейді. Мұндай қателіктерді не себептен жіберетінің талдай келе, төмендегі себептерді анықтауға болады:

  • Оқушылардың есептерді шығара алмауы
  • Физикалық құбылыстармен заңдылықтардың тұжырымдамасын біле отыра, оларды нақты жағдайларға дұрыс қолдана алмауы
  • Есептерді тез шығару жолдарын, тиімді тәсілдерін білмеуі
  • Физикалық шамалардың негізгі өлшем бірліктерін нашар игеруі
  • Математикалық білімдерін физикалық есеп шығаруда қолдана алмауы
  • Тапсырмалардың берілген жауаптарына дұрыс көңіл бөлмеуі
  • Физиканың бір бөлімдерінен алған білімін басқа бөліммен байланыстыра алмауы

Осы қателіктерді жоюдың тиімді әдістері барма?

Оқушылардың көбінде физикадан азыды көпті білімі болған менен оның жүйелілігі жетістей жатады. Сондықтан ҰБТ дайындықты оқушының алған білімін жүйелеуден бастаған тиімді. Бұл жұмысты 10 сыныптан бастаған қолайлы, себібі 9 сыныпта оқушылар физика курсын негізін оқып болады.

Қайталау үшін әр тарауға жеке - жеке теориялық шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктерді кестелерге немесе сызба -нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Олар өз қолымен сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады. Осындай жолмен алдымен білімдерін жүйелеп алған оқушы кезкелген қосымша кітаптарды, анықтамалық кітапшаларды еркін түсініп оқуға мүмкіндік алады. Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы қажет оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана алулары өз алдына бір мәселе. Мысалы, төмендегі кестеде (1 кесте) көрсетілгендей қозғалыс түрлерін жеке бағандарға бөліп, тиісті формулаларын оның астына жазып алса, әсіресе білім деңгейі төмен оқушылар үшін ол формулалар бір-бірімен ауыспай есте оңай сақталады. Есеп шығару барысында бір-екірет тиісті бағанана алып пайдаланған формуласын қозғалыстың басқа түрлерімен шатыстырмайды.

  1. кесте

G:\ \Лаззат сканер\img275.jpg

1. Егер кинематикалық теңдеуі х= 5t+20 болса, нүкте қалай қозғалады?

Ж: Уақыттың бірінші дәрежесі кіретін сызықтық теңдеу бірқалыпты қозғалыстың теңдеуі болып табылады: дене бірқалыпты қозғалады.

2 . Автомовиль қозғалысын 0. 5 м/c 2 үдеумен бастайды. Осы үдеумен қозғала отырып, ол 4с та қанша жол жүреді?

Ж: Қозғалыс бастапқы жылдамдықсыз бірқалыпты үдемелі, сондықтан S=at 2 /2=4м.

3. Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер шеңбердің радиусын өзгертпей, оның жылдамдығын 2 есе арттырса, оның центрге тартқыш үдеуі қалай өзгереді?

Ж: a ц = Ʋ 2 /R; 4 есе артады.

(1-кестені пайдаланып 2013ж тест тапсырмасының 3. 10, 5. 1, 6. 10, 7. 1, 7. 10, 8. 1, 9. 10, 13. 10, 14. 1, 19. 1, 20. 10 т. б талдауға болады. )

Динамика негіздерін қарастырғанда төмендегідей кестені оқушылармен бірге толтырған дұрыс. Оқушылардың ұсыныстары бойынша кестелерге өзгерістер енгізуге болады. Мұндай әдіс оқушылардың белсенділігін арттыра түседі.

(2 кесте)

Күштің атауы
Формула
Күштің бағытын анықтау, белгіленуі
Пайда болу шарттары
Күштің жұмысы
Күштің атауы:

Ауырлық күші

Бүкіләлемдік тартылыс күші

Формула:

F=mg

F=G m 1 m 2 R 2 \frac{m_{1 \bullet m_{2}}}{R^{2}}

Күштің бағытын анықтау, белгіленуі:

mg

mg

Пайда болу шарттары: Үнемі әсер етеді
Күштің жұмысы:

A=mgh (төмен)

A=mgh (жоғары)

A= -(mgh 2 -mgh 1 )

Күштің атауы: Серпімділік күші
Формула: F= -kx
Күштің бағытын анықтау, белгіленуі:

F серп

N

Пайда болу шарттары:

Дене деформа

цияға ұшырағанда

Күштің жұмысы: А= -(kx 2 \2-kx 2 \2)
Күштің атауы: Үйкеліс күші
Формула: F= μ \mu N
Күштің бағытын анықтау, белгіленуі: F үйк V
Пайда болу шарттары: Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда
Күштің жұмысы: A=F үйк s

1. F 1 =2H және F 2 =4H екі күш дененің бір нүктесіне түсірілген. F 1 және F 2 күштердің арасындағы бұрыш нөлге тең. Осы күштердің теңәсерлісінің модулін табу керек.

Ж: 6H, себебі күштер бағыттас, бір түзеудің бойымен әсеретеді:F=F 1 +F 2 =6H

2. Жіпке ілінген шарикті горизонталь жазықтықта айналдыратың центрге тартқыш күштің тегі қандай?

Ж: Серпімділік күші

3. Үйкеліс күш F үйк мен реакция күші мен реакция күші N байланыс графигінен үйкеліс коэффициентін анықтаңыз.

F үйк

5

10 N(H)

  1. 0, 5 B) 0, 3 C) 0, 25 D) 0, 4 E) 3

Шешуі: F=µN \rightarrow µ=F/N=0. 5

(2-кестені пайдаланып 2013ж тест тапсырмасының 2. 13, 3. 11, 4. 2, 4. 20, 6. 2, 8. 2, 8. 3, 8. 12, 10. 12, 10. 23, 11. 3, 19. 11 т. б талдауға болады. )

Параллель және тізбектей қосу тақырыбына келетін есептерді шығару барысында оқушылар конденсаторлар мен серіппелер жүйесін қосу, резистордың жалпы кедергісін есептеулерден қателіктер жіберіп жатады. Төмендегі кесте арқылы әртүрлі резисторлар мен конденсаторлардың, серіппелердің параллель және тізбектей жалғандағы айырмашылықтары мен ұқсастығын бір жерден көре отырып жеңіл есте сақтай алады. (3 кесте)

G:\ \Лаззат сканер\img2766.jpg

1. Қатаңдығы k және 2k, бір­бірімен тізбектей қосылған екі серіппеге массасы m жүк ілінген. Тепе-теңдік күйінде жүк қандай арақашықтыққа төмен түседі? (2010ж 17. 21)

А) 3 m g 2 k \frac{3mg}{2k} B) m g 2 k \frac{mg}{2k} C) 3 m g 4 k \frac{3mg}{4k} D) 3 m g k \frac{3mg}{k} E) m g k \frac{mg}{k}

Шешуі: Гук заңынан х = F k \frac{F}{k} k

Кестені пайдаланып жалпы k табамыз

k = k 1 k 2 k 1 + k 2 = k 2 k k + 2 k = 2 k 3 \frac{k_{1\ \ }k_{2}}{k_{1} + k_{2}} = \frac{k \bullet 2k}{k + 2k} = \frac{2k}{3} 2k

m

x= 3 m g 2 k \frac{3mg}{2k}

2. Бір серіппенің қатандығы k. Параллель қосылған осындай екі серіппе жүйесінің қатаңдығы:

А) k B) k 4 \frac{k}{4} C) 2k D) k 2 \frac{k}{2} E) 4k

Шешуі: параллель қосылғанда k=k 1 +k 2 =2k

3. Тізбектің толық сыйымдылығын анықта?

А С 1 С 2 В

С 3 С 4

А) 1С В) 2С/3 С) 3С/5 Д) 4С Е) 1С/2

Шешуі: С 1+2 = С 2 \ \frac{С}{2} (тізбектей)

С 12+3 =С+ С 2 \frac{С}{2} = 3 С 2 \frac{3С}{2} ( параллель)

С R =C 123+4 = 3 C 2 C 3 C 2 + C = 3 5 C \frac{\frac{3C}{2}\ C}{\ \frac{3C}{2} + C} = \frac{3\ }{5\ }C (тізбектей)

4. Кедергілері 15 Ом және 10 Ом болатын өткізгіштер өзара параллель қосылған. Олардың жалпы кедергісі

А) 8 Ом В) 6 Ом С) 25 Ом Д) 12 Ом Е) 10 Ом

Шешуі: R= R 1 R 2 R 1 + R 2 = 150 15 = 10 О м \frac{R_{1\ \ } \bullet R_{2}}{R_{1\ \ } + R_{2}} = \frac{150}{15} = 10\ Ом

(3-кестені пайдаланып 2013ж тест тапсырмасының 1. 5, 4. 17, 4. 24, 9. 17, 17. 14, 18. 14 т. б талдауға болады. )

Сол сияқты тербелмелі жүйелер үшін мынадай кестені пайдалану тиімді.

4 кесте

G:\ \Лаззат сканер\img277.jpg

Мәліметтердің барлығын бір кестеге жинақтау арқылы тербелмелі жүйелер жайлы толық мағлұмат алып, әрі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады.

1. Тербеліс периоды 2 с математикалық маятниктің ұзындығы неге тең?

А) 1=10 см В) 1=1, 25 см С) 1=2, 5 м Д) 1=50 см Е) 1=1 м

Шешуі: Маятниктің ұзындығын анықтау үшін : l= T 2 g 4 π 2 \frac{T^{2}g}{{4\pi}^{2}} Осыдан, l= 2 2 10 4 π 2 1 м \frac{2^{2}10\ }{{4\pi}^{2}} \approx 1\ м

2. Жиілігі 1000 Гц электромагниттік тербеліс алу үшін, тербелмелі контурға сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен бірге индуктивтілігі қандай катушка қосу керек?

А) 0, 012 Гн В) 0, 024 Гн С) 0, 12 Гн Д) 1, 2 Гн Е) 1200 Гн

Шешуі: Контурдың индуктивтілігін анықтау үшін:

ν = 1 Т = 1 2 π L C \nu = \frac{1}{Т} = \frac{1}{2\pi\sqrt{LC}} , осыдан L= 1 ν 2 4 π 2 C \frac{1}{\nu^{2}4\pi^{2\ }C} =0, 012 Гн

(4-кестені пайдаланып 2013ж тест тапсырмасының 1. 7, 2. 24, 3. 24, 6. 18, 6. 20, 7. 7, 11. 18, 12. 17, 12. 18, 15. 24 т. б талдауға болады. )


Ұқсас жұмыстар
Келмеген оқушылар
Маятниктің бастапқы массасы
Орташа қуат
Деформация түрлері
§35. Гук заңы §36. Динамометр
Механикадағы күштер
Қуат. қуат бірліктері
Гук заңы. динамометр
Жұмыстың формуласы
Формуланы қолданып есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz