Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қош болыңыз Ертегі әжей

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: <<Түлкі мен Тырна>> Орыс халық ертегі
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету. Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жан құбылысын сезінуге сұрақтарға жауап беруге үйрету, білімдерін кеңейту, ертегі кейіпкерлерінің мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту. достыққа мейрімділікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: сұрак -жауап, сахналау, көрсету, мадақтау, бағалау,жұмбақтар.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерің сүреттері, дидактикалық ойын,интер-тақта,атрибудтар
Билингвалдық компонент:Түлкі-Лиса,Тырна-Журавль,Ертегі-Сказка,
Әрекет кезені
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы

Іздену- Ұйымдастырушылық

Рефлексивті-коррекциялаушы
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар міне тағы бір күн туды, бүгінгі күнді жақсы көніл күймен қарсы алып, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
<< Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүректің жылуын,
Апайларға сыйлайық.>>
-жарайсыңдар балалар.
Кәні енді барлығымыз орындарымызға отырайық.
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін табыға тырысып көріндер.
<< Жиіп теріп болатын
Қамба астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?>>
-Күз мезгілінде неше ай бар екен,балалар?

-Кәні кім атап береді,қандай айлар екен?

-Балалар, күз мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?

-Әкежан, кәні сен айтып берші

Қуанышты көнілмен щенбер бойында қимыл-козғалыстармен жасайды

-Күз мезгілі

-Үш ай

-Қыркүйек,қазан қараша.

1.- Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, Әкежан
Шақырады біздерді.

2. Көбейді құт береке,
астық толы қамбамыз,
құтты болсын мереке Ақерке
алтын күзді тойлаймыз

3. Қоңыр күз келдің бе
қабығың түйіліп, Қадыржан
қауындар жемістер
қалыпты жиылып.

Балалар, бүгін бізде ерекше ұйымдастырлған оқу іс-әрекеті көркем әдебиет болады

Ғажайып сәт: Ертегілер әуенімен топқа ертегі әжей келеді
Тәрбиеші: - Балалар,бізге ертегі әжей қонаққа келді.
Ертегі әжеймен амандасайық.
-Сәламетсіз бе? - Ертегі әжей қош келдіңіз.

Ертегі әжей:
-Сәламатсыңдар ма, балалар. Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегі білесіңдер?-Жарайсындар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер,мен сендерге құр қол келгенім жоқ,
Сендерге сиқырлы қорап әкелдім. Бұл сыйлығымды бермес бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешімін тапсандар сыйлығымды беремін.

1.Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу ( Түлкі)

2. Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (Тырна)

Сендер дұрыс таптыңдар, бұл сиқырлы қорапты
тәрбиеші апайларыңа берейін

Тәрбиеші:- ой балалар мына ғажайып қорапта не бар екен, ой қандай керемет.
-Ертегі әжей бізге жаңадан ертегі әкеліпті.Бұл орыс халқынын ертегісі <<Түлкі мен Тырна>> деп аталады екен. Балалар олай болса осы Ертегі әжей әкелген ертегі мазмұнымен танысайық.Ертегі әжей сізге көп рахмет, сізде бізбен бірге ертегіні тамашалаңыз.
-Кәні балалар назарымызды экранға аударайық.
( Ертегіні слаид арқылы көрсету)

-Балалар ертегі сендерге ұнадыма? Ертегі не туралы екен? 1. Түлкі кімді қонаққа шақырды?
2.Тырна тамағын іше алды ма?
3.Тырна қонаққа кімді шақырды?
4.Түлкі тырнаның үйінен қалай қайтты?

-Балалар біз орыс тілінде түлкіні-лиса дейміз,
-ал тырнаны-журавль дейміз.Кәні бәріміз бір қайталайық.

-Түлкі-лиса
-Тырна-журавль

Жарайсыңдар балалар,
Олай болса осы ертегі туралы білімдерімізді кенейту үшін белсенділік орталықтарына барып жұмыс жасайық

1.Үстел-үсті орталығы: Орман және үй жануарларын топтастыру,және қиынды сүреттерді құрастыру.
Мақсаты:
Орман және үй жануарларының аттарын атап, ажыратып топтастыруға және қиынды сүреттерді үйлесімділікпен құрастыра білуге үйретіп, саусақ маторикасын дамыту.
2. Әдебиет орталығы: << Түлкі менТырна>> ертегісін әңгімелеу.
Мақсаты:
Ертегіні сүрет бойынша жүйілі түрде әңгімелеу, ертегі кейіпкерлерге байланысты өлең, тақпақтар жаттау.

3.Өнер орталығы: Құмыра мен тарелканың сүреттерін салу
Мақсаты:
Балалардың сүрет салуға деген қызығушылығын арттыра отырып, құмыра мен тарелканың бейнесін бейнелеуді үйрету.

4.Желелді ролді ойын орталығы:<<Түлкі мен Тырна>> ертегісін драматизациалау.
Мақсаты:
Балаларды ертегі мазмұны бойынша рөлдерге еніп бірігіп тату ойнауға, дауыс ырғағын, іс-қимылын келтіріп
ертегіні драматизациялауға үйрету.
(балалар жұмысын аяқтағасын ортаға жинап сергіту сәтін жасату)

Сергіту сәті: <<Апта күндері>>
-Балалар, кәні орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық, сергіту сәтін жасайық.

<< Дүйсенбіді доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуенге шықтық далаға,
Сәрсенбіде сүрет салдық сәнді етіп.
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жапырақ тердік аулада,
Сенбі күні шықтық біз саяхатқа,
Демалыста үйде болып демалып,
Осылайша өте шықты бір апта.>>

-Бойымыз сергіп қалды балалар я,ендеше өз қалаған орталықтарыңа барып жұмыстарымызды жалғастырайық.
( балалардың аусымдық жұмыстары)

Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап қай орталықтарда қандай жұмыс жасағандарын сұрау.

Тәрбиеші: -Ертегі әжей біздің балалардың жұмыстары сізге ұнадыма?

Ертегі әжей: -Ұнады,балалар менің әкелген ертегім бойынша белсенділік орталықтарда жақсы жұмыс жасады, мен риза болып тұрмын.

Тәрбиеші: - Ертегі әжей біздің балалар сізге түлкі мен тырна жайлы тақпақ айтып бергісі келіп тұр.

1. Сирағы ұзын тырнамын,
Тырнағы ұзын тырнамын,
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы біздей тырнамын.

2. Түлкі деген қу екен
Жүрген жері шу екен
Айлакер бұл аң
Артында көп ылаң.

Ертегі әжей: -рақмет,сендерге .Ендігі келер кезде мұнанда қызықты ертегі алып келемін. Мені басқа топтың балалары күтіп отыр мен кетейін, қош болыңдар балалар.

-Қош болыңыз Ертегі әжей.

Тәрбиеші:-балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар,Ертегі әжей сендерге риза болды,ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінімізді аяқтаймыз.

<<Қол ұстасып тұрайық
Жарты щенбер құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық>>

-Сәлеметсіз бе?
-Ертегі әжей,қош келдіңіз

-мақта қыз бен мысық, шалқан,үш аю,бауырсақ ертегілері

--Түлкі

--Тырна

Ертегі ұнады

Түлкі. Тырна.

Балалар орталықтарға барады

-Қош болыңыз
Ертегі әжей

Ұқсас жұмыстар
Мен әдепті баламын.
Ертегілер еліне саяхат Ертегілер туралы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісінің сахналық қойылымы
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру
<<сары ләйлек>> қытай ертегісі
Отбасы мүшелері
Сендер желге барыңдар
Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы
Пәндер