Ж. Қыдыров пен М. Байділдановтың Ару көктем армысың және Ақ тиін шығармаларын талдауға арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Ару көктем армысың?! Ақ тиін

Мақсаты :1. Ж. Қыдыров, М. Байділданов туралы түсінік беру. Ару көктем армысың?!, Ақ тиін шығармалары мазмұнымен таныстыру. 2. Ақындардың көктемгі дала табиғатына арнаған жырларының мазмұнын, мағынасын ашу. 3. Табиғат сырларын түсіне білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Таудағы көктем өлеңін жатқа сұрау. Көктем, Жел өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: а) Ж. Қыдыров, М. Байділданов туралы түсінік беру.

Ару көктем армысың?! өлеңін мәнерлеп оқыту.

Ару көктем армысың!

Көкке біткен әнбісің,

Жерге біткен сәнбісің,

Алтын арай таңбысың!?

ә) Оқушылар өз беттерімен іштей оқиды, 5, 7 минут жаттауға уақыт беріледі. Өлең шумағын дәптерлеріне жатқа жазады.

б) Ақ тиін шығармасын тізбектей оқыту. Мазмұнын түсіндіру.

Сұрақ жауап:

1. Ақ тиінде жылдың қай мезгілі суреттеледі?

2. Қорадағы көрінген мақұлық не еді?

3. Ақтөс пен Ақ тиін қалай достасты?

Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 9-10 бет. Тиінді сипаттап жазу

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Қандай шығармалармен таныстық?

ҮІІ Үйге тапсырма: Ақ тиін шығармасын мазмұндау. «Ару көктем армысың?!» өлеңін мәнерлеп оқу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Армысың ару - нұр көктем: 8 Наурыз бен Наурызға арналған мектептік мерекелік ертеңгілік бағдарламасы
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Наурыз өлеңін талдау және М. Дулатов пен С. Сейфуллин шығармаларын салыстыру
Ж. Аймауытовтың Қартқожа романын талдауға арналған сабақ жоспары
М. Әуезовтың Көксерек әңгімесін талдауға арналған сабақ жоспары
М. Шахановтың Отырар поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
Ақ ару мен Ер сұлтан тәрбие сағатының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
М. Жұмабаевтың Шолпы өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Арқалық политехникалық колледжінің Ақ Ару - Ер Сұлтан студенттік байқауының сценарийі
Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесін талдауға арналған сабақ жоспары
М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz