Қасым Аманжолов Бауыржан мен Жақсылық Сәттібеков Ел үшін шығармалары бойынша сабақ жоспары: ерлік пен отансүйгіштікті тәрбиелеу

Тақырыбы: Қасым Аманжолов «Бауыржан»,
Жақсылық Сәттібеков «Ел үшін»
Мақсаты : 1. Балаларды «Бауыржан» өлеңімен таныстыра отырып, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру.
2. Баланың дүниетанымымен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетімен сөздік қорын және есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқушыларды ерлікке, батырлыққа, ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, фонологиялық талдау, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі .
Білімге әркез талпынған, ұстазым менің армысың.
Бірге оқып бір жүрген, сыныптастар армысың.
Шаттық шеңбер құрайық шаттанып кеп тұрайық .
2. Үй тапсырмасын сұрау.

« Абылай» өлеңін жатқа сұрау, Абылай хан туралы сұрау
3. Жаңа сабақты талдау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңімен, Жақсылық Сәттібеков «Ел үшін» мәтінімен таныс боламыз.
- Ел басына күн туғанда халықтың ар - намысын қорғай білген, әрбір қазақ жауынгеріне ағасындай ақыл айтып көсем бола білген, Бауыржан аталарың туралы деректі әңгімемен танысамыз.
- Осы мәтінді оқу барысында Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді елді сүюді, ұлттық ар-намысты қорғай білуді үйренеміз.

4. Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағлұмат беру.

«Бауыржан» өлеңін мәнерлеп оқыту, «Ел үшін» әңгімесін бөлімдерге бөліп оқу.
Тізбектеп оқушыларға оқыту.

Сұрақ-жауап: Қ. Аманжолов Бауыржанды қалай сипаттаған, жырдан тауып, оқып бер.

«Ел үшін» әңгімесіндегі баланың аты неге Бауыржан деп қойылған?

«Ел үшін» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата.

5. Дәптермен жұмыс

Ұлағатты сөздерді дәптерге жазу.

«Ерлік-елдің қасиеті,

Жүректілік жігіттің қасиеті. » Б. Момышұлы

Осы мақалдың мағынасын түсіндіру.

6. Қорыту.
Топпен жұмыс. Мақалдардың жалғасын табу:

1-топ. «Батыр майданда шынығады, болат . . . »

2-топ. «Ер туады халықтан, нұр . . . »

3-топ. «Ат шабысына қарай шабады, ер . . . »

7. Үй жұмысы:
«Ел үшін» әңгімесінің мазмұнын сұрау, «Бауыржан» өлеңінен үзінді жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Ерлік пен батырлық: Бауыржан Момышұлы мен Бұқар жыраудың шығармалары арқылы
Тарихқа тағзым: ерлік пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
Майдангерлер қуанышы - ел қуанышы: ерлік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу
Батырдың нар тұлғасы: Бауыржан Момышұлы шығармалары арқылы ерлік тәрбиесін қалыптастыру
Жақсылық пен жамандық: оқушыларды адамгершілік пен әдепке тәрбиелеу сабақ жоспары
Қасым Аманжолов: өмірі мен шығармашылығы, Ақын өлімі туралы аңыз поэмасының әдеби талдауы
Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра: Бауыржан Момышұлының өмірі мен тәрбиелік маңызы
Жақсылық жасауға тәрбиелеу: тәрбие сағатының сабақ жоспары
Жаным толған жақсылық: адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу тәрбие сағаты
Тәрбие сабағы: Туған жер - Атамекен; ұлтжандылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz