Әдебиет сабағы: М. Мақатаев пен Қ. Бекқожиннің көктем табиғаты туралы өлеңдері

Тақырыбы:Таудағы көктем. Көктем. Жел.

Мақсаты :1. М. Мақатаев, Қ. Бекқожин шығармаларымен таныстыру. 2. Ақындардың көктемгі дала табиғатына арнаған жырларының мазмұнын, мағынасын ашу. 3. Табиғат сырларын түсіне білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Аққулы көлде шығармасының мазмұнын сұрау, Жазғы таң өлеңін жатқа айтқызу.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

а) Оқулықпен жұмыс: М. Мақатаев туралы түсінік беру. М. Мақатаев - қазақ поэзиясында (өлеңін) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдері: «Сүйемін, өскен Отаным», «Қазақстан».

Таудағы көктем Көктем

Сай-саланы, Қарайды жарқабақтар күн ыстаған,

Аймалады, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.

Жоталардан жел есті. Тосады жалпақ дала күнге жонын,

Көк қарағай Денесін жазайын деп құрыстаған.

Көп баладай,

Күбір-күбір кеңесті.

Сұрақ жауап:

1. Таудағы көктем өлеңінде не туралы айтылған?

2. Көктем өлеңіндегі табиғатты сипаттап тұрған сөздерді тап.

Дәптермен жұмыс: Көктем туралы өлең құрастыру.

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Қандай ақындардың өлеңдерімен таныстық?

ҮІІ Үйге тапсырма: Таудағы көктем өлеңін жаттау. Көктем, Жел өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
8-сынып әдебиет сабағы: М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау
Мұқағали Мақатаев поэзиясы: 6-сынып әдебиет сабағының жоспары
Ана тілі (2-сынып) - Ә. Дүйсенбиевтің Атай және М. Әлімбаевтың Көктем келді өлеңдері бойынша сабақ жоспары
Ашық сабақ - Қазақ тілі: Көктем табиғаты және үстеуді пысықтау
Жырлайды жүрек: Мұқағали Мақатаев туралы әдеби-сазды тәрбие сағаты
Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңіне арналған әдебиет сабағының жоспары
Қанафина А.С. өткізген бастауыш сыныптың ашық сабақ жоспарлары: М. Мақатаев Отан туралы, Кемеңгер басшы (Н.Ә. Назарбаев), Сан есім
3-сынып әдебиет сабағы: К. Ушинский Төрт тілек - жаңа білімді меңгертуге арналған ашық сабақ
20 ғасырдың 50-70 жж. Қазақстандық кескіндемешілер: Қ. Телжанов пен М. Кенбаевтың шығармашылығы
2-сынып ана тілі сабақ жоспары: Көктем (М. Әлімбаева, А. Асылбеков)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz