Тайбурылдың шабысы: Қобыланды батыр мен тұлпарлар жыры тақырыбындағы әдебиет сабағы

Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы
Мақсаты :1. Тайбурылдың шығармасымен таныстыру. 2. Қобыланды батырдың батылдығымен, Тайбурылдың шапқырлығымен таныстыру. 3. Оқушыларды елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әр кез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Б. Момышұлы туралы деректерді тексеру, «Батырың өтті Бөгенбай» жырын жатқа сұрау.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Батырлар жыры туралы түсініктерін қайталау.
Батырлар жыры топтастыру стратегиясы
а) Оқулықпен жұмыс: «Тайбурылдың шабысы» мәтінін оқулықтан оқыту.
ә) Қобыланды батыр туралы айту, еске түсіру.
Дәптермен жұмыс: Венн диаграммасы
Тайбурылдың шабысы мен Бөгенбайдың Шұбар атын салыстыру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Сұрақ жауап:
- Қобыланды батырдың тұлпарының есімі кім?
- Батырлар жырын басқаша қалай атауға болады?
ҮІ Қорытындылау
Бүгінгі жырдың басты кейіпкері кім?
«Тұлпарың-қанатың» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ҮІІ Үйге тапсырма: «Тайбурылдың шабысы» шығармасының мазмұнына дайындалу.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау