Тіл мен тәуелсіздік: ұлағатты сөздердің мағынасы мен тәрбиелік мәні

Тақырыбы: Тіл және тәуелсіздік. Ұлағатты сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тіл мен тәуелсіздік ұғымының байланысты екенін түсіндіру, ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіру. 2. Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; мәтін мазмұнын түсініп оқуға үйрету; 3. Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Сабақтың көрнекіліктері : мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі : сабаққа даярлық.
ІІЖаңа сабақ:
ІІІ Мақсат қою кезеңі С абақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
1. 3-сыныпта өткенді қайталау, сөзге дыбыстық талдау жасау. Дәптерлерінен орындалғанын тексеремін.
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ тілі мәтінінің мазмұнын сұрау, О, туған тіл өлеңін мәнерлеп оқыту
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс. Тіл және тәуелсіздік, Тіл тақырыптарын оқушыларға оқыту.
Сұрақ жауап:
- Тәуелсіздіктің ең басты белгісі не?
-Тілді қалай құрметтейміз?
Ұлағатты сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.
1. Аталар сөзі - ақылдың көзі.
2. Сөздің көркі - мақал
3. Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
4. Ақыл көркі - тіл,
Тілдің көркі сөз.
ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнындау, ұлағатты сөздерді жаттау.