А. Ершуовтың Қыс және С. Жүнісовтің Сонарда шығармалары: қысқы дала табиғатын талдау

Тақырыбы: А. Ершуов «Қыс». С. Жүнісов «Сонарда»

Мақсаты :1. А. Ершуов «Қыс». С. Жүнісов «Сонарда» шығармаларымен таныстыру. 2. Ақындардың қысқы дала табиғатына арналған шығармаларының мазмұнын түсіндіру. 3. Табиғат сырларын түсіне білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ақ тиін» шығармасының мазмұнын сұрау, «Ару көктем армысың?!» өлеңін мәнерлеп оқыту

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: а) А. Ершуов, С. Жүнісов туралы түсінік беру.

ә) Қыс өлеңін мәнерлеп оқыту. Жаттауға уақыт беру. Оқушылар жаттаған шумақтарын айтып шығады.

б) Сонарда әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,

дәптерге жаздыру.

Сұрақ жауап:

1. Сонар дегеніміз не?

2. Ол қай кезде болады?

3. Атасы мен немересі қайда шықты?

Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 11-12 бет. Дәптерге қақпанға түскен қасқырды сипаттап жазу.

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Қандай шығармалармен таныстық?

ҮІІ Үйге тапсырма: Қыс өлеңін жаттау, «Сонарда» әңгімесін мазмұндау

ҮІІІ Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
3-сынып әдебиеттік оқуы: А.С. Пушкин және М. Иманжановтың Қысқы кеш шығармалары бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған аралас сабақ: Көңілді қыс - қысқы табиғат, мәтін және ойындар
5-сыныпта С. Жүнісовтің Ақырғы бәйге шығармасын талдауға арналған сабақ жоспары
С. Сейфуллиннің Аққулы көлде және М. Жұмабаевтың Жазғы таң шығармалары бойынша әдебиет сабағы
С. Мәуленовтің Дала жұлдызы әңгімесі арқылы Ыбырай тұлғасы мен шығармашылығын таныту
Қазақстанның орманды дала және дала зоналары: табиғат компоненттері, климат және шекаралары
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңіне арналған кіріктірілген сабақ: мазмұнды талдау және сөздік жұмыс
Таза ауа: Көкшетау табиғатын талдау және экологиялық тәрбиеге арналған сабақ жоспары
М. Жұмабаевтың Қысқы жолда өлеңін талдау және эстетикалық шығармашылық қабілеттерді дамыту сабағы
Ахмет Байтұрсынұлы мен С. Торайғыров шығармалары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz