Ерлік пен батырлық: Бауыржан Момышұлы мен Бұқар жыраудың шығармалары арқылы

Тақырыбы: Ерлік пен батырлық туралы

Мақсаты :1. Б. Момышұлының «Ерлік пен батырлық туралы» шығармасымен, Бұқар жыраудың «Батырың өтті Бөгенбей» жырымен таныстыру. 2. Батырлардың еліміз, жеріміз үшін жасаған ерең еңбегімен таныстыру. 3. Оқушыларды елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Жеңдіріп біз ашуды

Ақылға әр кез келеміз.

Азамат боп ер жетіп,

Ағаларға ереміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Атамекен тарауы бойынша сұрақтарға жауап алу.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

Б. Момышұлы (1910-1982)

Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң мұғалімдік қызмет атқарған. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен әскери батальонды басқарып көзге түскен. Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

а) Оқулықпен жұмыс: Ерлік пен батырлық туралы шығарманы оқушыларға оқыту, қысқаша түсініктерін сұрау.

ә) Бұқар жыраудың «Батырың өтті Бөгенбай» жырын мәнерлеп оқыту.

б) Бөгенбай батыр туралы деректі оқушылар өз беттерімен оқиды, бір-біріне сұрақ дайындайды.

Сұрақ жауап:

  1. Бауыржан Момышұлы қай жылы туған?
  2. Бауыржан Момышұлы қандай соғысқа қатысқан?
  3. Оның ойындағы ер азамат қандай болу керек?

ҮІ Қорытындылау

Ерлік пен батырлық туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

ҮІІ Үйге тапсырма: Б. Момышұлы туралы деректер жинау, Батырың өтті Бөгенбай жырын жаттау

ҮІІІ Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Батырдың нар тұлғасы: Бауыржан Момышұлы шығармалары арқылы ерлік тәрбиесін қалыптастыру
Қасым Аманжолов Бауыржан мен Жақсылық Сәттібеков Ел үшін шығармалары бойынша сабақ жоспары: ерлік пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
Мәңгі тірі Момышұлы: Бауыржан Момышұлы туралы оқырмандар конференциясы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Бауыржан Момышұлы: өмірі, соғыс ерлігі және тәрбиелік маңызы
Бауыржан Момышұлы: өмірі, әскери қызметі және әдеби мұрасы
Бауыржан Момышұлы: өмірі, ерлігі және әдеби мұрасы
9 сынып: Ел бірлігі мәселесі - Бұқар жыраудың толғаулары және Тілек өлеңі
Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра: Бауыржан Момышұлының өмірі мен тәрбиелік маңызы
Бауыржан Момышұлы: Ұлы Отан соғысындағы өмірбаяны, әскери тактикасы және педагогикалық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz