Қаратау өлеңін мәнерлеп оқу

Тақырыбы:Жас қазақтар қайдасың? Қаратау

Мақсаты :1. М. Дулатовтың «Жас қазақтар, қайдасың?», Т. Айбергеновтың «Қаратау» шығармаларымен таныстыру. 2. Ақындардың өлеңдеріндегі оқушыларға беретін негізгі идеялармен таныстыру. 3. Жалынды жастарды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Терең білім аламыз,

Күшімізді саламыз.

Маңыз беріп оқимыз,

Әр күніміздің сабағын.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Туған жер. Туған ауыл. Туған ел туралы тақырыптары бойынша түсініктерін сұрау.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

а) Оқулықпен жұмыс: М. Дулатов туралы түсінік беру. Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.

Ә) «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Б) Т. Айбергенов туралы түсінік беру. «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сұрақ жауап:

  1. «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңі кімге арналған?
  2. Ақын өлеңіндегі жастар қандай болуы керек?
  3. Т. Айбергеновтың өлеңінде табиғаттың қандай бөліктері сипатталған?

Дәптермен жұмыс: Көктем туралы өлең құрастыру.

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Қандай ақындардың өлеңдерімен таныстық?

ҮІІ Үйге тапсырма: «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін жаттау, «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Ақтамберді жырау
Оқымысты шал
Қ.мырза-әли. «жеті» өлеңі
Суреттер сыздыру, сурет бойынша әңгімелету
Елін аралаған елік бала
Сабақтың көрнекілі
Мазмұнын түсіндіру
Абай құнанбаев «шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі
Г дыбысы мен әрпі cауат ашу 1-сынып
1-класс сауат ашу "мал төлін сүюі"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz