Тіл дамыту: Жеті қазынаның бірі ертегісі арқылы сөйлесуді, түсінуді және мәнерлі сөйлеуді дамыту

Тіл дамыту.

Тақырыбы : « Жеті қазынаның бірі »

Сабақ мақсаты: а) Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;

ә) Ертегі бойынша сұрақ-жауап дағдыландыру;

б) Мәнерлі сөйлеуге эмоциялық тәрбие

Көрнекіліктір : Суреттер, мақал - мәтелдер, слайд

Типі : Жаңа сабақ.

Әдістері : Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : ынта қою.

Бүгінгі күнімізді бір - бірімізге жақсы тілек айтудан бастай

Бір аптада неше күн бар (санайық)

Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейснбі, жұма, сенбі, жексенбі.

- Яғни, жеті күн бар.

Жеті атамыз: 1. Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене.

Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан » - деп есептейді.

Ертегі оқып әңгімелесу.

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты - адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

Сөздік жұмыс жүргізіп, сөздердің мағынасын түсіндіру

Мадақтау -біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу.

Аластау - біреуді ығыстыру, қуып тастау.

Жағымпаздана - жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.

Жеті қазынаны ата.

1. Ер жігіт 5. Мылтық

2. Қанжар 6. Қыран бүркіт

3. Майлауғыш ау 7. Ит

4. Жүйрік ат

Сергіту:

Мынау- менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау-басым ақылды

Бәрін осы атқарған

Мынау-менің оң қолым

Мынау-менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Сәл тынығып алдық сабақты жалғастырамыз.

Ертегіні сахналау.

Арыстан, түлкі, қасқар, ит.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

- Аң патшасы -арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?

- Аңдар қалай жауап берді?

- Арыстан неге ашуланды ?

- Иттің жауабын кім айтады?

- Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп айтады екен ?

- Ит пен арыстан бір -біріне ұқсайма ? Қалай ойлайсыңдар ?

Шығармашылық жұмыс. Суретке қарап ертегі құрастыру.

Ойын «Бұл қай аң?»

Ойын шарты суреттен көрген аңдардың қайда өмір сүретіні; немен қоректенетінің айтады

Қорытынды : Ертегі қалай аталады?

Жеті қазынаның бірі?

Арыстан өзі туралы не білгісі келді? т. б. сұрақ - жауаптар-

мен пысқтау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Жеті қазынаның бірі ертегісі негізінде тіл дамытуға арналған оқу-тәрбие жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы Жеті қазынаның бірі - ертегілер түрлері мен сыни ойлауды дамыту
Кірпінің жанұясы ертегісі арқылы сөйлеуді дамыту және қайырымдылыққа тәрбиелеу бойынша сабақ жоспары
Жеті лақ пен қасқыр ертегісі бойынша тіл дамыту сабақ жоспары (театрландырылған көрініс, Айналайын балабақшасы, Ақсу қаласы)
Сөйлеуді дамыту сабағы: Өзіңе және өзгелерге көмектесу арқылы достыққа тәрбиелеу
Кіріктірілген сабақ: Жеті лақ ертегісі негізінде білімді жүйелеу және дағдыларды дамыту
Тіл дамыту бойынша технологиялық карта: Түлкі мен тырна ертегісі
Тіл дамыту сабағы: Арыстан мен тышқан ертегісі - саяхат түріндегі жаңа ұғымды меңгерту
6-сынып әдебиет сабағы: Әбдірахман Тәжібаев Толағай ертегісі - тіл дамыту және әдеби талдау
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz