Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мемлекетіміз көпұлтты мемлекет болып келетініне қарамастан тіліміздің аясы одан әрі кеңейіп басқа ұлт өкілдеріне танылып, даму тұрғысында

ТІЛ - ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТІРЕГІ!

Тіл- тіршіліктің нәрі, мәні, құдіретті күш иесі. Ол да өсіп жанданады, дамиды және өшеді. Жан дүниенді, мол рухани байлығыңды танытатын, жүзеге асыратын мықты тірек. Тіл- елдер арасындағы халықтық бірлікке, қоғамдық келісушілікке жол таба білудің басты құралдарының бірі.
<<Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде>> деген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі басты бағдар саясаттың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің дамуына көптеген іс-шаралық жұмыстар жүргізілуде. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда әр аймақта атсалысуда. Әр елдің өзіңе тән мемлекеттік тілдері өмір сүреді. Халқымыздың, даңқымыздың әйгілігін танытатын басты құралымыз бұл - тіл. Себебі, еліміздің мәдениеті, рухани қазыналығы тілдің барысы арқылы жүзеге асырылады. Ерте уақыттан бері өмір сүріп келе жатқан тіліміз - қазақ тілі, бүгінгі күнде өмір мен қоғамның басты фундаменті. Мемлекетіміз көпұлтты мемлекет болып келетініне қарамастан тіліміздің аясы одан әрі кеңейіп басқа ұлт өкілдеріне танылып, даму тұрғысында. Барша мемлекет өзінің білімі мен ғылымын, өнері мен мәдениетін тіл құралының көмегімен айқындамақ. Сондықтан, тіл - қарым-қатынас пен әлемге таныту жолының басты амалы.
Күнделікті өміріміздегі теледидарда берілген бағдарламаларда тілге қатысты бірнеше дәріс сабақтар мен курстар ұсынылған. Бұл адамдарға тілдің қыр-сырын жете білгенге, меңгере алуға, сонымен қатар, еркін сөйлеп, қоғамға еркін қарым-қатынас жасауға арналған арнайы үрдістердің бірі.
Бірақ қазіргі кезде Отанымызда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері, тіпті, қазақпын деген бірақ, ана тілінде сөйлей алмайтын азаматтар жоқ емес бар. Олардың ішінен сөйлей алмақ түгіл қазақ тілін түсінбейтіндер де кездеседі. Туған тілін білмей жат тілде таза, көркем сөйлегеніне қарап тұрғанда таң қаласынң. Неге ана тілінде, туған тілінде солай анық сөйлемеске, неге қазақпын ғой қазақша сөйлеп үйренейін деген ниет өз - өзіне білдіртпеске... Бұл яғни, алдымен өзіне, жеріне, еліне, ана тіліне құрмет тұтпау, сыйламаушылық көрсету деген ойды әкеліп тудырады .
Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлының: <<Ана тіліміз - бізді аман жеткізген бірден-бір арымызда, нарымыз да>> деп айтқан сөзі келешек ұрпақ пен жастарды тіліміздің рухын шыңнан көрсетіп, мәртебесін әр кезде жоғары ұстауға шақыратын басты бағытының бірі болып табылады.
Сондықтан барлығымыз қасиетті мемлекеттік тіл - қазақ тіліміздің байлығын жоғары деңгейде көрсете алуға мол үлес қосып, атсалысайық.

Теректі орта мектебі
Қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Ж.Башикова

Ұқсас жұмыстар
Достық әнін шырқайық
Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі
Жаңа ғасырдағы толеранттылық – үйлесімді қарым-қатынас шарты
Қазақстандық қоғам 10 сынып (12 жылдық )
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан халқы жайлы ақпарат
Конституция - дамудың негізі
Тәуелсіз елдің жастары
Әли Қуан анам
Үш тілде оқыту – заман талабы
Пәндер