Біздікіндей мектепті

«Тілашар» мерекесі
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.
Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген
сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.
Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фото-шоу
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:
- Дарынды дарабоз - Досымжан
- Ұшқыр ойлы - Дильназ бен білімге құштар - Расул
- Ерке мінезді Қуандық пен ұтқыр да тапқыр - Рената
- Жаны жомарт - Абдолхақім мен талабы таудай - Жалғас
- Байсалды жан Ислам мен ақкөңілді Алишер
- Жаны жайсаң - Жанбек пен нәзік жанды - Алия
- Асыл да аяулы Аяна мен сымбатты Султанбек
- Белсенді Бекзат пен пәк сезімді Дария
- Ақ ниетті Нұрасыл мен алғыр да зерек Дана
- Қайсар жанды Магеррам мен мейірімді жан Мерейім
- Ұяң мінезді Нұрмұхаммед пен инабатты Инкар
Дильназ: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Тілашарға келген қуанып,
Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!
Мұғалім
: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.
Мұғалім: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық. (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді) .
Әже:
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа жиналған
Құтты болсын тойларың.
Мұғалім: Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
Ислам: Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты - тілашар.
Султанбек:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Абдолхаким:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Мерейім: Мен оқушы баламын -
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
- Хор:«Қоңырау» әні.
Магеррам:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
Алия: Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Мұғалім: «Қара жорға билемей, бидің сәні келер ме?» - деп жырламай ма әнде? Ендеше бүгінгі білім тойында «Қара жорға» билемейміз бе? Қошеметпен қол соғып, балаларды қарсы алайық!
- Би: «Қаражорға», сынып оқушылары.
- Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі
Қатысатындар: Дильназ, Инкар, Жалғас, Нұрасыл, Расул, Бекзат, Досымжан.
Автор-Дильназ: Ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Қалам-Инкар: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-Жалғас : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-Инкар: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы- Жалғас: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Инкар: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
Автор-Дильназ: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
Дәптер-Бекзат: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Расул: Ал, менің атым - қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды. Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін - мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
Әліппе-Досымжан: Ал мен болсам - бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-Нұрасыл: Менің атым - өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-Инкар: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-Жалғас: Ия, ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-Дильназ: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Ән: «Мектебім» . Орындайтын: Нусанова Рената.
Нұрмұхаммед:
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз - шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Досымжан: Еркесімін атамның,
Еркесімін анамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
Алишер: Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.
«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту.
- Көп-көп ине, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине.
Іс тікпейді, әрине. /кірпі/
- Мұрны пұшық, көзі қысық.
Өзі пысық, бұл не?. . . . /мысық/
- Мекені көкте екі ару,
Бірін-бірі көруге зәру. / ай мен күн/
- Өшірді, сүртті, өзгені құртты,
Өзін де құртты. /өшіргіш/
- Көлден ұшты 3 аққу,
Қайтып қонды 2 аққу.
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез табады? /1 аққу/
- Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр үш ешкі.
Екі ешкі мен үш ешкі
Болады бәрі неше ешкі? /5 ешкі/
- 5 алманың екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? /3 алма/
Мақал-мәтелдер (жалғасын тап) :
1. Бірі бәрі үшін, . . . (бәрі бірі үшін)
2. Ағасы бардың - . . . (жағасы бар),
Інісі бардың - . . . (тынысы бар),
3. Ырыс алды - . . . (ынтымақ) .
4. Әке - . . . (асқар тау) .
5. Ас атасы - . . . (нан)
6. Ас - . . . (адамның арқауы)
7. Әкеге қарап ұл өсер, . . . (анаға қарап қыз өсер)
Мұғалім:
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
- Ертегіні сахналау: «Үйшік» ертегісі
Қатысатын оқушылар: Жанбек-аю, Дана-түлкі, Рената-қоян, Қуандық-тышқан,
Аяна-қасқыр, Дария-бақа.
Аяна:
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
Жанбек:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям - мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Дана: Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзімді.
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға.
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Рената: Әжептеуір бойым да,
Сабақ қана ойымда.
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
Қуандық:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Дария: Ұстаздарды мақтаймын,
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.
Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.
Мұғалім: Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар, қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы -
Тілашардан!
Т - тәртіпті болайық Султанбек
І - ілімді бойға жинайық Мерейім
Л - лашындай биік самғайық Магеррам
А - ақылды азамат болайық Расул
Ш - шыншыл болайық Алишер
А - айбынды болайық Нұрасыл
Р - рахат өмір сүрейік Ислам
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
- Хор:«Менің Отаным - Қазақстан»
Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын балдырған,
Оқушы деген жаңа атың.
- Құрметті оқушылар! «Оқушы»деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды, ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.
- Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен фотоларынан жасалған фото-шоумен аяқтағым келіп отыр. /фото-шоу/
- Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Бірінші бастайды: Дильназ:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Тілашарға келген қуанып,
Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!
Көрініс:
Автор-Дильназ: Ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Автор-Дильназ: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Автор-Дильназ: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Ислам:
Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты - тілашар.
---
Р - рахат өмір сүрейік! Ислам
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Қуандық:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Мерейім:
Мен оқушы баламын -
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
І - ілімді бойға жинайық! Мерейім
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Магеррам:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
Л - лашындай биік самғайық ! Магеррам
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Султанбек:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Т - тәртіпті болайық! Султанбек
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Абдолхаким:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Нұрмұхаммед:
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз - шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Алишер:
Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбак, мақалды.
Ш - шыншыл болайық! Алишер
Хормен:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Алия:
Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Жанбек:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям - мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz