Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі
Қасым Аманжолов атындағы
жалпы орта білім беретін
мектеп
Татулығы жарасқан
халықпыз.
2 -3 <<а>> сынып
Өткізген: Байғарина Г.Қ.
2014-2015 жыл
Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы
<<Бір халық>> - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық
мүдделер. <<Бір ел>> - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
<<Бір тағдыр>> - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен
жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және
өсіп-өркендеген Қазақстан!>>
Н. Назарбаев
<<Бірлік - берекеге, береке - мерекеге жеткізеді>>,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда үлкен мереке келе жатыр. Ол Ассамблеяның 20 жылдығы.
Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.Осы мерекеге орай назарларыңызға <<Татулығы жарасқан халықпыз!>> атты халықтар достығы фестивалін ұсынамыз.
Xалықтар достығы фестивалі
Оқу залы. Ортаға шаңырак орнатылып, домбырамен безендіріліп, әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан дастарқанға қойылады.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі 'Татулығы жарасқан халықпыз" атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Кездесуді бастауға рұксат етіңіздер! Енді қонактарды таныстырып өтейін. Қонақтарды таныстыру.
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,
Жақсылыққа, бакытқа,
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз
Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Би: <<Қара жорға>>
Ән: "Атамекен "
Орыс мәдени орталығының өкілдері: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок.
Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған.
Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.
Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!
Орыс биі: <<Калинка>>
Алдарыңызға өзбек ұлттык-мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз.
Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!
Бұралып гөзел біздің билегенде,
Өзбектің асқақ әні тербегенде,
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?!
Ендігі сөзді ұйғыр мәдени орталығына берейік.
Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі: Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топка бөлінеді: хотандык, турфандык, қашғарлық.
Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!
Қорытынды: <<Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...>>
Н. НАЗАРБАЕВ
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!
Сау саламатта болыңыздар!
ӘН: <<Жаса Қазақстан>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz