Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Нысан қасиеті

Пән Информатика сынып 10 Күні 30.10.14 ж.
сабақ №: 9
Тақырып: Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
Мақсат: Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Білімділік - Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсініктер бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық - Оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ типі: аралас
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, таратпа карточкалар, Visual Basic6 бағдарламасы, дәптерлер, интерактивті тақта, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
(2 мин)
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
(10 мин)
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру нәтижесінде баспалдақ бойымен жоғары көтерулері тиіс.
Орындарынан тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(8 мин)

Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнін жасау үшін қызмет атқаратын басты терезе Пішін деп аталады.
Пішін түрлі қасиеттер мен әдістерге, оқиғаларға ие. Пішін ұсақ нүктелі тордан тұрады. Тор пішіндегі нысандардың дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Пішін - пішін конструкторы терезесінде орналасады.
Егер экранда пішін көрінбесе, онда оны келесі бұйрықтарды орындап шығаруға болады:
1. Бас мәзірден View Object бұйрығын шерту арқылы;
2. Shift+F7 функционалды батырмалар үйлесімін шерту арқылы;
3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы шерту арқылы.
Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:
1. Бас менюден View-Object командасын орындау арқылы;
2. Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы

Басқару элементтері (нысандар)
Қолданбаның интерфейсін жасау үшін түрлі нысандар орнатамыз. Нысандар Toolbox құрал - саймандар тақтасында орналасқан.

Visual Basic ортасының Комоненттер панелінде келесі элементтер орналасқан:
1. Pointer - панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.
2. Label - текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.
3. Frame - формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.
4. CheckBox - формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.
5. ComboBox - формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.
6. HscrollBar - формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
7. Timer - формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент
8. DirListBox - формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.
9. Shape - формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент
10. Image - формаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.
11. OLE - Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент.
12. PictureBox - формаға графиктік өріс шығаратын компонент.
13. TextBox - формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
14. CommandButton - формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент.
15. OptionButton - формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент
16. ListBox - формаға бірнеше қатарлардан тұратн жазулар тізімін шығаратын компонент
17. VscrollBar - формаға тік айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
18. DriveListBox - формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент
19. FileListBox - формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент
20. Line - формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
21. Data - формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент.
Оқиға
Оқиға - нысанның өзгеріске ұшырауы немесе нысандардың бір-бірімен әрекеттесуі. Нысандар оқиғаны шақырып, оқиғаға қарсы жауап іздейді.
ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
(11 мин)
Оқулықпен жұмыс. 69-71 б.б. Тәжірибелік тапсырмаларды ДК-де Visual Basic6 бағдарламасында орындау.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Төмендегі тапсырманы орындаңдар:
1) Жаңа жоба ашып, пішінге Label1 батырмасын апару арқылы орнатыңдар.
2) Caption қасиетіне "Мен оқушымын" деп жазыңдар.
3) Жобаны Run/Start не F5 батырмалар үйлесімімен іске қосыңдар, жобаны Run/End батырмасымен жабыңдар.
4) Жобаны Exe қосымшасы түрінде сақтаймыз, ол үшін: File/Make Project1.Exe батырмасына шертеміз, диалогтік терезе пайда болады.
5) Қажетті буманы таңдап, өздерің жобаға атау беріп, сақтаңдар.
6) Енді жобаны File/ Open Project батырмалары арқылы ашыңдар.
7) Пішін мен Label нысанының өлшемін берілген кестедегідей етіп өзгертіңдер.
Нысан қасиеті
Left
Top
Width
Height
Пішіннің өлшемі
2800
2800
5500
3800
Label
235
110
5300
1200
8) Нысанның әрпі мен түсін Қасиеттер терезесінен BackColor батырмасын шертіп, System (Жүйелік түс) және Palette (Палитра) ішінен керекті түсті таңдап, Label батырмасының түсін өзгертіңдер.
9) Сөздің әрпін Font қасиеті арқылы өз қалауларыңша өзгертіңдер.
10) Нысан ішіндегі сөзі ортаға орналасуы үшін: Aligment қасиеті арқылы ортаға орналастырыңдар.
11) Пішінге сурет кірістіру үшін: суреттерді ғаламтордан, дискіден жүктеп алуға және дайын суреттерді қолдануға болады.
12) Сендер Image нысанын пішінге кірістіріп, қасиетін мынадай етіп орнатыңдар: Left-230, Top-1300, Width-2015, Stretch қасиетін True етіп өзгертіңдер, осыдан барып, Picture қасиетіне кіріп, керекті суретті таңдап алыңдар.
13) Жобаны басқаратын бұйрықтық (commandbutton) кірістіреміз.
14) Өлшемін, түсін өз қалауларыңмен өзгертіңдер.
15) Батырманы "Жабу" деп атаңдар, ортаға орналастырыңдар, сөздің түсін, өлшемін өзгертіңдер.
16) Style қасиетіне Graphical қасиетін таңдаңдар.
17) Батырманы екі рет шертіп, кодтау алаңына көшіңдер.
18) Кодтау алаңына "End" деп жазыңдар.
19) Жобаны іске қосып көріңдер.
1. Қасиеттерін қалағаныңша өзгертуге болатын негізгі нысандармен жұмыс.
Мақсаты: белгілермен, мәтіндік тереземен, жиектемемен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
1) Жұмыс алаңына 2 Textbox, 2 CommandButton, 2 Label, 1 Frame нысандарын орналастырыңдар.
(17-сурет).

2) Нысандардың қасиетін кестеде берілген мәлімет бойынша өзгертіңдер.
Нысан
Қасиеті
Мәні
Label 1
Caption Font
Бос қалдырасың. Бұл жерден Мәтіндік терезеге не жазсаң, сол мәтін көрінетін болады.
Label 2
Caption Font
Есімің Name
Label 3
Caption Font
Тегің Fam
CommandButton1
Name Caption
Сәлем
CommandButton2
Name Caption
Тазалау
TextBox1
Name text
Есімі (бос қалдырасың)
TextBox2
Name text
Тегі (Бос қалдырасың)
Frame
Name Caption
Жиектеме
3) Backcolor, ForeColor, Font қасиеттерін өз қалауларың бойынша орнатыңдар.
4) "Салем" нысанының код процедурасын жазыңдар:
Frame1. Caption= "Қош келдің, қымбаттым"
Label1. Caption= Text1. Text + " " + Text2. Text
5) "Тазалау" нысанының код процедурасы:
Frame1. Caption=" "
Label1. Caption=" "
Text1. Text=" "
Text2. Text=" "
6) Нәтижесін тексеріп, басқа да қасиеттерін өзгертіп, тағы да тексеріңдер!
7) Жұмысты сақтаңдар.
V. Сергіту сәті.
(2 мин)
Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
oo Алақанды уқалау.
oo Қолды қысу
oo Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
oo Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
oo Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
VІ. Бекіту.
( 5 мин)
Бақылау сұрақтары
1. Visual Basic қосымшаларын жасауда қандай терезе қолданылады?
2. Project - AddForm бұйрығы қай кезде қолданылады?
3. Оқиға дегеніміз не?
4. Оқиғаның түрлерін атаңдар.
Жауаптары:
1. Пішін
2. Егер бір жобаға бірнеше пішін орналастыру керек болса AddForm бұйрығы орындаймыз.
3. Оқиға - нысанның өзгеріске ұшырауы немесе нысандардың бір-бірімен әрекеттесуі.
4. Click оқиғасы, MouseDown оқиғасы, MouseMove оқиғасы, KeyPreview оқиғасы.
VІI.Рефлексия
(3 мин)
Оқушылармен шаттық шеңберін құрып отыру. Оқушыларға доп лақтырып, допты ұстап алған оқушы сабақ туралы өз пікірін, ойын, түсінген, түсінбеген жерлерін айтады.
Шеңбер құрып отыру. Допты ұстап алып, сабақ жайында өз пікірін айту.
VІIІ. Оқуды бағалау.
(2 мин)
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Бағаны күнделіктеріне қойдырады
ІХ.Үй жұмысы.
(2 мин)
§8, 10 оқу, конспект.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Ұқсас жұмыстар
Программа тілін машиналық тілге аударатын тіл
Алгоритм және визуалды программалау технологиясы
Visual Basic бағдарламасымен жұмыс істеу принциптері
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Түсінбеген жерім
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Терезелер. 5-сынып
Microsoft visual basic бағдарламасындағы жаңа нұсқаулар
Файлдар, бумалар және жарлықтар жайлы ақпарат
Word-тың графикалық мүмкіндіктері. wordart фигуралық мәтін кірістіру. 8 сынып
Пәндер