Командалармен сәлемдесу

Химия пәнінен бір сабақ
«ТЕРГЕУ» ОЙЫНЫ
№2 орта мектеп-лицейінің химия пәндерінің мұғалімі
Исина Халамкас Темиржановна
Оқушылардың жаңа сабақты жақсы меңгеруі үшін білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп отырған жөн. Осы мақсатта химия пәнінен 8-сыныпта
«Күрделі заттардың маңызды кластары. Оксидтер»
тақырыбы бойынша қорытынды-бақылау сабағы тергеу ойыны түрінде өткізілді.
Төменде осы тергеу сабағының жоспары ұсынылады.
Оқушылар білім деңгейіне сәйкес 3-4 оқушыдан топтарға бөлінді. Әр топта үлгерімі өте жақсы, үлгерімі жақсы, үлгерімі орташа және үлгерімі нашар оқушылар саны бірдей болды.
Құралдар, кабинетті көркемдеу.
Командалардың үстелдерінде:
№1, №2, №3, №4 кестелер, жауап парағы, есеп шығаруға арналған таза парақтар, Менделеев кестесі, қаламдар, есептегіш машина, 100 химон.
Мұғалімнің үстелінде:
еске түсіргіштер, «Сатып алу» кестесі, «Банк тапсырмаларының» жауаптары, өзгерістер сызбанұсқасы, бағалары жазылған еске түсіргіштер, шығарылған есептерді сатып алатын химондар.
Тақтада:
шифрленген өзгерістер сызбанұсқасы, бағасы бар еске түсіргіштер, ойын уақыты, кейбір ережелер.
Жеке үстелде:
мазмұны және деңгей күрделілігі әр түрлі 35 тапсырма (әрбір тапсырманың бағасы көрсетілген), «Банк тапсырмалары» кестесі.
Сабақтың түрі:
қорытынды-бақылау.
Сабақтың дидактикалық мақсаты:
А) «Күрделі заттардың маңызды кластары. Оксидтер» тақырыбы бойынша оксидтер туралы оқушылардың білімдерін қорытындылау және тексеру; оксидтерді алу реакция теңдеулерін құрастыру және электрондық баланс әдісімен коэффициенттерді қою дағдыларын тексеру;
Ә) химиялық формулалар және реакция теңдеулері бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
Тергеу ойының мақсаты:
1) Заттар айналымы сызбанұсқасын шешу;
2) Көбірек ақша табу керек.
Ойын мазмұнына байланысты іс-әрекеттер.
Жеке меншікті тергеу бюросы(топтар) тапсырыс алады: сандар және әріптермен көрсетілген заттар сызбанұсқасын шешу. Тергеу жүргізу жүшін оқушылар информатордан (мұғалімнен) еске түсіріш сатып алады. «Банк тапсырмаларынан» алған есепті шығарып, оны «Сатып алу» орнына сатып, ақша табады.
Жеке меншікті тергеу бюросы
(командалар)
№1 №2 №3 №4
Ойын ережелері.
Ойын басында әрбір бюрода 100 химоннан бар. Тергеу жүргізу үшін бюро 3-4 адамнан тұрады. Әрбір бюрода алып-сатуға бір кісі тағайындалады.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар кезектесіп еске түсіргіштер сатып алады. Еске түсіргіш - ол есеп, оны шығарып, сызбанұсқаладағы шифрленген затты табады. Ең арзан еске түсіргіштің шығару жолы курделі болдады, ал ең қымбаты жеңіл болады.
Ойын барысында бюро қызметкерлері «Банктен» тапсырмаларды өздері таңдап алады, содан соң «Сатып алу» орнына сатады. Тапқан ақшаларын жаңа басқа командаға сатуы алуға жұмсайды. Бюро сатып алған еске түсіргіштерін басқа командаға сатуы мүмкін. 5 химонға информатордан еске түсіргіштерін басқа командада екені туралы ақпарат сатып алуға болады. Сатып алынған еске түсіргіштерді информатор сызып тастайды. «Жауап» парағын толтырады (сызбанұсқа шешімін және сызбанұсқа сәйкес өзгерістерді жазады) . Бар ақшасын санап, оның жалпы санын сол параққа жазып, информаторға тапсырады.
Командалардың жұмысын бағалау.
Сызбанұсқаны 50%-дан 75%-ға дейін шешкен команда «3» алады; 75%-дан көп шешкендері «4»; 100% «5» алады. Сызбанұсқаны шешкен және 100 химон жинаған команда екі «5» алады; 200 химон жинаған үш «5» алады. Бюроның өз қызметкері жұмысын дұрыс устемесе, бағасын кемітуге құқысы бар.
Ойынның барысы.
1) Командалармен сәлемдесу.
2) Мақсат қою. Қорытынды-бақылау сабағы тергеу ойыны түрінде өтеді. Әр түрлі тапсырмалар беріледі. Заттар айналымының сызбанұсқасын орындайды, яғни А затынан В затын алу керек.
3) Ойын ережелерін түсіндіру.
Командаларға сызбанұсқа берілді (тақтада) .
А 1 >В
202010
50Еске түсіргіш бағасы
30 3060 50
Мұғалім үстелінде еске түсіргіштер бар.
А-еске түсіргіші (е. т. )
- 20 химон
В қосылысы екі элементтен түзілген, электрондарының формулалары мынадай:
І - 1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 3 ; ІІ - 1s 2 2s 2 2p 4
Реагент төмендегі көрсетілген реакциялардың бәріне қатысады:
Н 2 + . . . -> Н 2 О; К + . . . -> К 2 О; S + . . . ->SO 2
Командалар кезектесіп 100 химондары біткенше еске түсіргіштерді сатып алады. Еске түсіргіш қай командаға сатылғанын мұғалім сызбанұсқада белгілеп отырады. Ақша табу үшін командалар «Банкпен» есеп алып шығарады, содан соң «Сатып алу» орнына сатады. «Банк тапсырмаларында» есептер нөмірленген, химонмен бағаланған; курделілері қымбат, қарапайымдары арзан тұрады.
Банк тапсырмалары.
Реакция теңдеуін аяқтаңыздар:
C + O 2 -> . . . ; Al + O 2 -> …; Fe + O 2 -> …; P + O 2 -> …
Реакция теңдеуін аяқтаңыздар:
S + O 2 ->…; Be + O 2 Zn + O 2 K + O 2
Реакция теңдеуін аяқтаңыздар:
Ca + O ->…; Na + O->…; As + O->…; N 2 + O 2 ->…;
Реакция теңдеуін аяқтаңыздар:
H 2 + O 2 -> . . . ; H 2 + F 2 -> . . . ; H 2 + Ca-> . . . ; H + Na-> . . . ;
Керек индекс және коэффициенттер арқылы жоқ заттардың формулаларын сақинаға жазыңыздар:
а) ә)
Керек индекс және коэффициенттер арқылы жоқ заттардың формулаларын сақинаға жазыңыздар:
а) ә)
Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:
Р + О 2 -> Р 2 О 5
Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:
К + О 2 -> К 2 О 5
Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:
Na + О 2 ->Na 2 О
Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:
Mn + О 2 ->Mn 2 О 3
Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:
Mn + О 2 ->Mn 2 О 7
Төменде келтірілген реакцияның жылу эффектісін есептеңіздер. Термохимиялық теңдеуін құрыңыздар:
H 2 + Cl 2 -> 2HCl
E байл. кДж/моль 436 243 432
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz