Халық күйі Тепең көк

Халық күйі «Тепең көк»
Сабақтың мақсаты: «Тепең көк» күйінің аңызымен таныстыру.
І. Күйді тактілеп талдай отыра пернелерді таза ойнауға бейімдеу.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Домбыра үйрену: оң қол қағысына жаттығу.
Көрнекілік: Нота жазбалары, аспаптар. (мүйіз, домбыра, тұяқ, шаңқобыз)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу, аспаптарды
даярлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІV. Жаңа сабақ: Халық күйі «Тепең көк» Үнтаспадан халық күйлері туралы қысқаша мағлұмат беру. Халық күйі деп авторы ұмыт болып қолдан - қолға таралып тартылатын күйлерді халық күйі деп айтамыз. Бұл аңыз күйінің қызықты тарихы бар. Кедей жігіттің жалғыз аты болған. Үлкен тойда атын бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып дөң басына шығып домбырасын алады да «Тепең көктің жүрісіне риза болып көңілі толқып бір күй ойнайды. Күйде Тепең көкті мақтап жатқан жері.
Айт - шу тепең көк
Айналайын тепең көк
Кекіліңе болайын.
Келтеленген жібектей деп мақтайды. Күй сарынын естіген Тепең көк бойына күш бітіп сәйгүліктерді шаң қаптырып жарыста жалғыз келген екен дейді. Кедей жігіттің Тепең көгі бәйгеден жеңіп шығып үстем топтың алдында мерейі үстем болыпты.
Энциклопедиялық анықтамаларға сүйенсек, «Садақ биі» деген атауға ие қазақ биі «Тепеңкөк» деген атауға да ие болып жүр. Ол халық күйінің сүйемелдеуімен орындалады. Музыкалық өлшемі - 6/8 және 9/8. 1934 жылы Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (балетмейстер - А. А. Александров) қойылды. Би жігіттердің ат жарысын, садақ тартуындағы мергендігін, қылыш сайысындағы ептілігі мен шеберлігін, сондай-ақ төзімділігін бейнелейді. «Қыз Жібек» операсының жаңа спектаклінде (1954, 1984) және «Әнші ауыл» көркем фильмінде бидің балетмейстер Д. Әбіров қойған нұсқалары орындалды. Көркемөнерпаздар ұжымының репертуарында «Тепеңкөк» биінің басқа да нұсқалары бар.
1. Үнтаспадан күйді тыңдау.
2. Күйдің өлшемін, екпінін түсіндірі.
3. Түсінікті болу үшін ойнап көрсету.
4. Бас, орта буынды тактілеп талдау.
5. Жеке - жеке ойнату.
6. Жаңа сабақты бекіту.
Мына сұрақтар бойынша топтастыру.
1. Екпіні қандай?
2. Өлшемі қандай?
3. Домбырада қай буында орындалады мақтаған жері (жауап алу)
VІ. Сабақты бағалау. Ойнау деңгейіне қарай.
«Тепең көк» күйін тактілеп жәй екпінде ойнау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz