Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Студенттердің тәжірибелік жұмыстары
Электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Текелі кәсіптік колледжінің екінші санатты өндірістік оқу шебері Тулекова А.К.
ХХI - ғасырда IT (Information Technology - Ақпараттық технология) саласының жылдам дамуына байланысты оған қатысты барлық мамандықтарға қызығушылық артуда.
Сондықтан, Текелі кәсіптік колледжінде 2006 жылдан бастап 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы ашылған болатын. Уақыт өткен сайын жасөспірімдер тарапынан бұл мамандыққа деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Алматы облысындағы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1153 студент аталған мамандықты игеріп жатқан көрінеді. Сол себепті, осы мамандықты оқытудың әдістемелік негіздерін жетілдіру, оны оқытудың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру өте маңызды болып табылады.
Осы бағытта жұмыс жасаған жылдар ішінде мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты, оны оқытудың әдістемесін зерттеп, оны жетілдірудің біраз жолдарын қалыптастырдым. Мамандықты оқытуға арналған оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында біраз қиындықтар туындап жатады. Солардың бірі-оқыту барысында студенттердің мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығының бақылаудан тыс қалып қоятындығы. Оқытудың алғашқы кезеңінде оқу бағдарламасы бойынша клавиатурамен жұмысты меңгеруге өте аз уақыт бөлінеді. Бұл жәйт, біріншіден, студенттердің оқу бағдарламасында көзделген басқа қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауына қиындықтар келтірсе, екіншіден, білім алушылардың өндірістік іс-тәжірибеден өтулері кезінде жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында бұл мәселе колледждің қызмет көрсету саласы әдістемелік бірлестігінің отырысында қарастырылып, өз шешімін тапқан болатын. Сөйтіп, мәтінді теру жылдамдығына қойылатын талаптар нақтыланып, оқытудың әр кезеңіне арналған 1 минутта терілетін символдардың келесі мөлшері бекітілді:
1 курс
2 курс
3 курс
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 минутта терілетін символдар саны
30-40
40-80
80-120
120-150
150-180
180-200
Бірақ, <<көш жүре түзеледі>> демекші, тексеру жүргізу барысында бұл көрсеткіштерге өзгерістер енгізуге тура келді. Себебі, жоғарыда көрсетілген символдар саны 1 курс студенттері үшін тым жеңіл, ал 2 курс студенттері үшін тым ауыр болды. Сонымен қатар, символдар мөлшері бір аралықтағы сандар жиынтығы емес, нақты бір сан болуы керектігі анықталды. Сөйтіп, 2012-2013 оқу жылының басында 1 минутта терілетін символдардың мөлшері өзгертіліп, қайта бекітілді:
1 курс
2 курс
3 курс
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 минутта терілетін символдар саны
60
90
120
150
180
210
Бұл орайда, бекітілген мөлшерлер студенттердің барлығына ортақ, ең төменгі көрсеткіштер екенін айта кеткім келеді. Себебі, бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, минутына 250-300 символ теретін түлектер де болады.Әрине, бұл олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне тікелей байланысты.
Мәтін теру жылдамдығын тексеру барысында білім алушылардың сауаттылығын да қатаң қадағалау қажет. Бұл қажеттілік мәтін теруді тексеру кезінде <<қате терілген сөздер есепке алынбайды>> деген талапты туындатты. Мұнымен қатар, студенттердің бойында сауаттылықты қалыптастыру жұмысына әкімшілік тарапынан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары жұмылдырыла бастады. Электрондық есептеу машиналарының операторы мамандығын оқытатын оқытушыларға қазақ тілі пәнін оқыту барысында студенттердің сауаттылығын басты назарда ұстау жүктелді.
Бұған қоса, мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығын тексеруді ұйымдастырудың өзіндік жолы қалыптастырылды. Сөйтіп, әр семестр сайын өндірістік оқу сабақтарынан өткізілетін тексеру жұмыстары екі кезеңнен тұратын болып шешілді: 1 кезең - мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығын анықтайтын сынақ, 2 кезең - практикалық тапсырманы орындау.
Оқу жылының басында білім алушылар мәтін теру жылдамдығына қойылатын талаптармен таныстырылады, оларға жылдам теру дағдысын қалыптастыруды өз беттерінше сабақтан тыс уақытта жүзеге асыру қажеттілігі түсіндіріледі. Мәтін теру жылдамдығын жетілдіру студенттердің қолдарынан келетін іс болғандықтан, онымен олар көбінесе қолдары бос уақытта үйде айналысады. Студенттерді үй жағдайында мәтін теруге жаттықтыру үшін оларға іс қағаздар жүргізуге қатысты <<Өмірбаян>>, <<Арыз>>, <<Өтініш>> және т.б. құжаттар сияқты арнайы мәтіндерді беруге болады. Бұл олардың, біріншіден, мәтін теру дағдыларын дамытуға септігін тигізсе, екіншіден, оларға құжаттардың құрылымы мен мазмұнымен танысуға мүмкіндік туғызады.
Студенттер тарапынан қызығушылық тудырып, қолдауға ие болған бұл жұмыстың нәтижесінде, теруге арналған мәтіндерге қойылатын талаптар айқындалды:
1 курс студенттеріне арналған мәтін 90-нан аса қазақ әріптерін ғана қамтуы қажет. Мысалы, <<Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтаманы басқару үшін қажет (Барлығы - 98 символ)>>.
2 курс студенттеріне арналған мәтін 150-ден аса қазақ әріптері мен арнайы символдардан тұруы қажет. Мысалы, <<Модем-компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Недәуір кең тарағандары - <<стандартты модемдер>> (56 кбит/сек дейін). (Барлығы - 164 символ).
3 курс студенттеріне арналған мәтін 210-нан аса қазақ, ішінара ағылшын әріптері мен арнайы символдардан тұруы қажет. Мысалы, <<Тақырыптық каталогтар арасынан мыналарды атап өтуге болады:
+ Yahoo (http://www.yahhoo.com) - ресурстар каталогына қоса электронды поштаға шығуға, жаңалықтар тақтасын жасауға тегін жол ашады.
+ Rambler ( http://www.rambler.ru) - 1966 жылдан жұмыс істеп келеді, оның 15 мыңнан аса сайттары, миллиондаған сілтемелері бар (Барлығы - 278 символ). Назар аударыңыз! Қате терілген сөздер есепке алынбайды.
Сонымен қатар, арнайы мәтіндер әр жартыжылдық сайын алмастырылып отыруы қажет (студенттер ол мәтіндерді жаттап алмауы үшін).
Мәтін теру техникасын бағалау барысының сапасын және тиімділігін арттыру үшін <<Соло на клавиатуре>>, <<Клавиатурный тренажер>> және т.б. арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегіне жүгінуге болады.
Бұл шаралар оралман студенттердің қазақ әліпбиін жетік меңгеріп, олардың бойында қазақ тілінде сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыруға көмектесетін бірден-бір тиімді әдіс екенін аңғарылды. Себебі, алғашқыда қазақ тілінде жазу барысында көп қате жіберетін студенттер мәтінді жылдам теруге арналған жаттығуларды орындау барысында сауаттылықтарын біршама жылдам арттыратын болды.
Электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын игерген әрбір түлектің мәтінді жылдам, әрі сауатты теруі - олардың құзыреттілігіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады.
Электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығының тағы бір ерекшелігі-компьютермен жұмыс жасау барысында қолданылатын барлық бағдарламалардың мүмкіндіктерін меңгеруге уақыт берілмейді. Ол тіпті мүмкін емес. Ал, бәсекеге қабілетті маман иесі болу үшін күн сайын жетілдіріп отыратын, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауды міндетті түрде білген жөн. Аталған олқылықтың орнын <<Қолданбалы бағдарламалар мен жабдықтар әлемі>> атты факультативтік курс өткізу арқылы толтыруға болады. Бұл курстың барысында студенттер аса маңызды <>, <>, <>, <>, <>, <>, <> және т.б. бағдарламалармен жұмыс жасауға және ламинатор, түптеуші (брощюровщик) секілді жабдықтармен жұмыс жасауға машықтанады. Бұл қажеттіліктің барлығы студенттердің іс-тәжірибеден өтуі барысында жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес болуға тырысудан туындап отыр.
Аталған мамандықты оқытуда туындайтын мәселелердің бірі - студенттердің арнайы құрал-жабдықтарының түгел болуы. Көп адамдарда электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын игеру үшін тек қана компьютер қажет деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шын мәнінде, өндірістік оқуды ұйымдастыру барысында студенттерге CD және DVD дискілер, флеш карта, ламинат парақтары, түрлі-түсті қағаздар және т.б. сияқты құрал-жабдықтар қажет болады. Сондықтан, оқытудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың ата-аналарына өндірістік оқу барысына қажет болатын құралдар мен материалдардың тізімін алдын-ала беремін.
Ұстаздық міндетімді атқара жүріп, жастарға сапалы білім беру мен олардың кәсіби дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырдық. Соның нәтижесінде, білім алу үрдісін жеңілдету және оны дұрыс бағалауды іске асыру мақсатында әр студенттің <<Ақпараттық қорын>> жинақтауды қолға алдым. Бастапқыда ол тек қана білім алушылардың үздік шыққан жұмыстарын сақтау мақсатында жүргізілген болатын. Кейін студенттердің тілектері бойынша бұл қордың аясы біраз кеңейтілді. Мысалы, казіргі таңда студенттердің <<Ақпараттық қорлары>> келесі бөлімдерден тұратын болды:
1.Мәтін теру жылдамдығының көрсеткіштері және оны өзіндік бағалау кестесі;
2. Студенттердің тәжірибелік жұмыстары;
3.Электронды ресурстар қоры (безендіруге қажетті суреттер қоры);
4. Пайдалы кеңестер мен қосымша материалдар.
Бұл тәжірибелік жұмыстар қоры білім алушылардың жұмыстарын өзара бағалауды, салыстыруды ұйымдастыру және ата-аналарға балаларының жұмыстарын көрсету мақсатында жинақталып, тәжірибелік жұмыстар портфолиосы қызметін атқарады.
Жоғарыда айтылған ой-түйіндер, аталған мамандықты оқытудың нәтижесінде жинақталған педагогикалық іс-тәжірибеден туындады.
Қорыта айтатын болсақ, электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығы басқа мамандықтардан мүлдем басқа, өзіндік ерекшеліктерге толы мамандық. Оны оқытудың әдістемесі толық қалыптасып болмаған. Сондықтан, осы бағытта алдаға уақытта көп жұмыс жасау қажет. Мәселен, бұл мамандық бойынша технологиялық карталар құрастыру әдістемесі толық қалыптаспаған.
Жалпы алғанда, электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын оқытудағы келешектегі жоспарларға келетін болсақ алдағы уақытта
oo аталған мамандықты игеріп жатқан білім алушылар үшін <<Іс қағаздар мен мұрағат ісін жүргізуші>> мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру арқылы қосымша білім берілген дұрыс па?;
oo мамандықтың ауқымын кеңейту мақсатында оны <<0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану>> мамандығымен біріктіріп оқытуға бола ма? деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
Бұл шаралардың барлығы бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының сұранысына ие болатын және жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті маман даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Т.Ермеков <<Информатика элементтері>> - Астана, 2007
2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов <<Информатикадан 30 сабақ>>-Астана, 2011
Текелі кәсіптік колледжінің екінші санатты өндірістік оқу шебері Тулекова А.К.
ХХI - ғасырда IT (Information Technology - Ақпараттық технология) саласының жылдам дамуына байланысты оған қатысты барлық мамандықтарға қызығушылық артуда.
Сондықтан, Текелі кәсіптік колледжінде 2006 жылдан бастап 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы ашылған болатын. Уақыт өткен сайын жасөспірімдер тарапынан бұл мамандыққа деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Алматы облысындағы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1153 студент аталған мамандықты игеріп жатқан көрінеді. Сол себепті, осы мамандықты оқытудың әдістемелік негіздерін жетілдіру, оны оқытудың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру өте маңызды болып табылады.
Осы бағытта жұмыс жасаған жылдар ішінде мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты, оны оқытудың әдістемесін зерттеп, оны жетілдірудің біраз жолдарын қалыптастырдым. Мамандықты оқытуға арналған оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында біраз қиындықтар туындап жатады. Солардың бірі-оқыту барысында студенттердің мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығының бақылаудан тыс қалып қоятындығы. Оқытудың алғашқы кезеңінде оқу бағдарламасы бойынша клавиатурамен жұмысты меңгеруге өте аз уақыт бөлінеді. Бұл жәйт, біріншіден, студенттердің оқу бағдарламасында көзделген басқа қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауына қиындықтар келтірсе, екіншіден, білім алушылардың өндірістік іс-тәжірибеден өтулері кезінде жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында бұл мәселе колледждің қызмет көрсету саласы әдістемелік бірлестігінің отырысында қарастырылып, өз шешімін тапқан болатын. Сөйтіп, мәтінді теру жылдамдығына қойылатын талаптар нақтыланып, оқытудың әр кезеңіне арналған 1 минутта терілетін символдардың келесі мөлшері бекітілді:
1 курс
2 курс
3 курс
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 минутта терілетін символдар саны
30-40
40-80
80-120
120-150
150-180
180-200
Бірақ, <<көш жүре түзеледі>> демекші, тексеру жүргізу барысында бұл көрсеткіштерге өзгерістер енгізуге тура келді. Себебі, жоғарыда көрсетілген символдар саны 1 курс студенттері үшін тым жеңіл, ал 2 курс студенттері үшін тым ауыр болды. Сонымен қатар, символдар мөлшері бір аралықтағы сандар жиынтығы емес, нақты бір сан болуы керектігі анықталды. Сөйтіп, 2012-2013 оқу жылының басында 1 минутта терілетін символдардың мөлшері өзгертіліп, қайта бекітілді:
1 курс
2 курс
3 курс
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 семестр
2 семестр
1 минутта терілетін символдар саны
60
90
120
150
180
210
Бұл орайда, бекітілген мөлшерлер студенттердің барлығына ортақ, ең төменгі көрсеткіштер екенін айта кеткім келеді. Себебі, бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, минутына 250-300 символ теретін түлектер де болады.Әрине, бұл олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне тікелей байланысты.
Мәтін теру жылдамдығын тексеру барысында білім алушылардың сауаттылығын да қатаң қадағалау қажет. Бұл қажеттілік мәтін теруді тексеру кезінде <<қате терілген сөздер есепке алынбайды>> деген талапты туындатты. Мұнымен қатар, студенттердің бойында сауаттылықты қалыптастыру жұмысына әкімшілік тарапынан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары жұмылдырыла бастады. Электрондық есептеу машиналарының операторы мамандығын оқытатын оқытушыларға қазақ тілі пәнін оқыту барысында студенттердің сауаттылығын басты назарда ұстау жүктелді.
Бұған қоса, мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығын тексеруді ұйымдастырудың өзіндік жолы қалыптастырылды. Сөйтіп, әр семестр сайын өндірістік оқу сабақтарынан өткізілетін тексеру жұмыстары екі кезеңнен тұратын болып шешілді: 1 кезең - мәтін теру жылдамдығы мен сауаттылығын анықтайтын сынақ, 2 кезең - практикалық тапсырманы орындау.
Оқу жылының басында білім алушылар мәтін теру жылдамдығына қойылатын талаптармен таныстырылады, оларға жылдам теру дағдысын қалыптастыруды өз беттерінше сабақтан тыс уақытта жүзеге асыру қажеттілігі түсіндіріледі. Мәтін теру жылдамдығын жетілдіру студенттердің қолдарынан келетін іс болғандықтан, онымен олар көбінесе қолдары бос уақытта үйде айналысады. Студенттерді үй жағдайында мәтін теруге жаттықтыру үшін оларға іс қағаздар жүргізуге қатысты <<Өмірбаян>>, <<Арыз>>, <<Өтініш>> және т.б. құжаттар сияқты арнайы мәтіндерді беруге болады. Бұл олардың, біріншіден, мәтін теру дағдыларын дамытуға септігін тигізсе, екіншіден, оларға құжаттардың құрылымы мен мазмұнымен танысуға мүмкіндік туғызады.
Студенттер тарапынан қызығушылық тудырып, қолдауға ие болған бұл жұмыстың нәтижесінде, теруге арналған мәтіндерге қойылатын талаптар айқындалды:
1 курс студенттеріне арналған мәтін 90-нан аса қазақ әріптерін ғана қамтуы қажет. Мысалы, <<Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтаманы басқару үшін қажет (Барлығы - 98 символ)>>.
2 курс студенттеріне арналған мәтін 150-ден аса қазақ әріптері мен арнайы символдардан тұруы қажет. Мысалы, <<Модем-компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Недәуір кең тарағандары - <<стандартты модемдер>> (56 кбит/сек дейін). (Барлығы - 164 символ).
3 курс студенттеріне арналған мәтін 210-нан аса қазақ, ішінара ағылшын әріптері мен арнайы символдардан тұруы қажет. Мысалы, <<Тақырыптық каталогтар арасынан мыналарды атап өтуге болады:
+ Yahoo (http://www.yahhoo.com) - ресурстар каталогына қоса электронды поштаға шығуға, жаңалықтар тақтасын жасауға тегін жол ашады.
+ Rambler ( http://www.rambler.ru) - 1966 жылдан жұмыс істеп келеді, оның 15 мыңнан аса сайттары, миллиондаған сілтемелері бар (Барлығы - 278 символ). Назар аударыңыз! Қате терілген сөздер есепке алынбайды.
Сонымен қатар, арнайы мәтіндер әр жартыжылдық сайын алмастырылып отыруы қажет (студенттер ол мәтіндерді жаттап алмауы үшін).
Мәтін теру техникасын бағалау барысының сапасын және тиімділігін арттыру үшін <<Соло на клавиатуре>>, <<Клавиатурный тренажер>> және т.б. арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегіне жүгінуге болады.
Бұл шаралар оралман студенттердің қазақ әліпбиін жетік меңгеріп, олардың бойында қазақ тілінде сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыруға көмектесетін бірден-бір тиімді әдіс екенін аңғарылды. Себебі, алғашқыда қазақ тілінде жазу барысында көп қате жіберетін студенттер мәтінді жылдам теруге арналған жаттығуларды орындау барысында сауаттылықтарын біршама жылдам арттыратын болды.
Электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын игерген әрбір түлектің мәтінді жылдам, әрі сауатты теруі - олардың құзыреттілігіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады.
Электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығының тағы бір ерекшелігі-компьютермен жұмыс жасау барысында қолданылатын барлық бағдарламалардың мүмкіндіктерін меңгеруге уақыт берілмейді. Ол тіпті мүмкін емес. Ал, бәсекеге қабілетті маман иесі болу үшін күн сайын жетілдіріп отыратын, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауды міндетті түрде білген жөн. Аталған олқылықтың орнын <<Қолданбалы бағдарламалар мен жабдықтар әлемі>> атты факультативтік курс өткізу арқылы толтыруға болады. Бұл курстың барысында студенттер аса маңызды <
Аталған мамандықты оқытуда туындайтын мәселелердің бірі - студенттердің арнайы құрал-жабдықтарының түгел болуы. Көп адамдарда электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын игеру үшін тек қана компьютер қажет деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шын мәнінде, өндірістік оқуды ұйымдастыру барысында студенттерге CD және DVD дискілер, флеш карта, ламинат парақтары, түрлі-түсті қағаздар және т.б. сияқты құрал-жабдықтар қажет болады. Сондықтан, оқытудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың ата-аналарына өндірістік оқу барысына қажет болатын құралдар мен материалдардың тізімін алдын-ала беремін.
Ұстаздық міндетімді атқара жүріп, жастарға сапалы білім беру мен олардың кәсіби дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырдық. Соның нәтижесінде, білім алу үрдісін жеңілдету және оны дұрыс бағалауды іске асыру мақсатында әр студенттің <<Ақпараттық қорын>> жинақтауды қолға алдым. Бастапқыда ол тек қана білім алушылардың үздік шыққан жұмыстарын сақтау мақсатында жүргізілген болатын. Кейін студенттердің тілектері бойынша бұл қордың аясы біраз кеңейтілді. Мысалы, казіргі таңда студенттердің <<Ақпараттық қорлары>> келесі бөлімдерден тұратын болды:
1.Мәтін теру жылдамдығының көрсеткіштері және оны өзіндік бағалау кестесі;
2. Студенттердің тәжірибелік жұмыстары;
3.Электронды ресурстар қоры (безендіруге қажетті суреттер қоры);
4. Пайдалы кеңестер мен қосымша материалдар.
Бұл тәжірибелік жұмыстар қоры білім алушылардың жұмыстарын өзара бағалауды, салыстыруды ұйымдастыру және ата-аналарға балаларының жұмыстарын көрсету мақсатында жинақталып, тәжірибелік жұмыстар портфолиосы қызметін атқарады.
Жоғарыда айтылған ой-түйіндер, аталған мамандықты оқытудың нәтижесінде жинақталған педагогикалық іс-тәжірибеден туындады.
Қорыта айтатын болсақ, электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығы басқа мамандықтардан мүлдем басқа, өзіндік ерекшеліктерге толы мамандық. Оны оқытудың әдістемесі толық қалыптасып болмаған. Сондықтан, осы бағытта алдаға уақытта көп жұмыс жасау қажет. Мәселен, бұл мамандық бойынша технологиялық карталар құрастыру әдістемесі толық қалыптаспаған.
Жалпы алғанда, электронды-есептеу машиналарының операторы мамандығын оқытудағы келешектегі жоспарларға келетін болсақ алдағы уақытта
oo аталған мамандықты игеріп жатқан білім алушылар үшін <<Іс қағаздар мен мұрағат ісін жүргізуші>> мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру арқылы қосымша білім берілген дұрыс па?;
oo мамандықтың ауқымын кеңейту мақсатында оны <<0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану>> мамандығымен біріктіріп оқытуға бола ма? деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
Бұл шаралардың барлығы бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының сұранысына ие болатын және жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті маман даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Т.Ермеков <<Информатика элементтері>> - Астана, 2007
2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов <<Информатикадан 30 сабақ>>-Астана, 2011
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz