Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану

«Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында

тиімді пайдалану»

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің ағылшын тілі

пәні мұғалімі

Тасуова Жанар Тереновна

Мақсаты:
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан - жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман талабына сай әрбір маман өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және өз сабақтарымда қолданамын.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

• оқушылардың шығармашылығын арттырады;

• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

• пікірталас, талдау жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым - қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым - қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Шетел тілін білу өмірдің өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан өскелең ұрпақты шетел тіліне оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Әрине, тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік. Соның бірі сөйлеу әрекеті. Бәрімізге мәлім шетел тілін меңгерудің негізгі мақсаты - коммуникативтік қатынасты дамыту. Тілді меңгертудің негізі- есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни, жеке тұлғаны қалыптастыру жолы. Шетел тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші негізгі түйін - оқушы, ал ұстаз - оқытушы ғана емес - ол тану әрекетінің дамытушысы. Оқушы көбінесе шынайы қиындыққа қарағанда психологиялық қиындықты жиірек кездестіреді. Сол себепті көбінесе үнсіз қалады. Яғни - оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмағандықтан үндемейді, оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді, өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.


Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік құрал
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану
Білім беруде электрондық оқыту жүйесін енгізу
Сабақ қорытындысын шығару
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Түсіну тапсырмалары
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері
Білім беру барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz