Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Абдоллаға мінездеме бер
І топ Ізденіс тобы
Қасым Аманжолов ( Өмірі мен шығармашылығын зерттеу)
Қасым-батыр, азамат, Қасым-өлең,
Бірге өлмеген өлеңі өзіменен.
Тани білу, бағалау өр мінезін,
Өлеңіне ерлік жайлы бойлап терең.
Слайд видео
Сабақтың айдары:
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.
Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса, несі Қасым? -- деп ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы <<Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын>> деп баға берген екен.
ІІ топ Зерттеу тобы (Ақын өлімі туралы аңыз поэмасын зерттеу)
Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау,
Ойымызды ортаға сап, байқап қарау.
Поэмадан эпитет, теңеу іздеп,
Тақырып пен идеяны ашып қарау.
.Абдолла Жұмағалиев туралы видео
2. Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.
Қасым Аманжоловтың <<Ақын өлімі туралы аңыз>> поэмасын талдау
Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.
<<Ақын өлімі туралы аңызды>> ақын ауырып емханады жатқанда жазған.
Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы.
Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны <<Біздің Байрон>> деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада жатқанда естиді. Кейін ақын: <<Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді,>>--деп жазыты естелінде.
Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.
Қасым шығармашылығы -- қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. <<Ақын өлімі туралы аңыз>> поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау <<Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз>> деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: <<Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады>>, - деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі сахнада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай каптап,
Найзаға іліп ар-ұятты,
Келе жатты сұм жендеттер.
Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар - барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.
Қасиет күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! - деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. <<Намысты ұлан аласұрып>> жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.
Кең даланы жүнше түтіп,
Орман шашын талдап жұлып,
Көл жағасы - жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.
Ала алмайсың! - деді ер ұлан,
Алмай қойман! - деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау кұрсауы.
Бұл - кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
Қызыл жасыл киінген өрт
Көрінді оған боп қыз ойнақ боп,
Толқып торғын, жайнап букет,
Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Ашып отқа омырауын,
Естісін, - деп, - қырсық жауым,
Айтты ол шырқап өрт ішінде
Сүйген әні <<Қарғам-ауын>>.
Қайсар батыр от киінген
Күш-қайратын тіске жиып.
Жаңағы ақшыл ер жүзінен
Жалын тілі тұрды сүйіп...
Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап.
Өрт топанып кешіп Нұхтай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап.
Бұл - екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл - трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: <<Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты>>, - деп жазды.
Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.
Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.
Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.
Шығарманың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.

Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.
Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.
Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.
ІІІ топ Сарапшылар тобы
Батырдың мінезінен абаттану,
Үлгі алып, ойыменен өзін тану.
Өрліктен, қайсарлықтан үлгі алып,
Қасымның қасиетінен қанаттану.
Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын, -деп ақын өзі жырлағандай алдымен ақын шежіресімен танысып алайық. (слайд)
Хронологиялық кесте
1911 ж 10 қазан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Жастай жетім қалады.
1924 -- 1947 Семей қаласында интернатта оқиды.
1927 -- 1930 Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1930 -- 1932 Орал қаласында, Ленинград қаласында оқып, бірақ аяқтамайды.
1932 -- 1933 Орал қаласының "Екпінді құрылыс", Алматыда "Лениншіл жас" газеттерінде істейді, өлеңдері көптеп жарияланады.
1933 -- 1935 Орал қаласында әскери міндетін өтейді.
1935 -- 1936 Оралдың театрында жұмыс істейді, ақындық, әншілік,
артистік таланты ашылады.
1936 -- 1941 Алматыда газеттерде, Жазушылар Одағында қызмет істейді.
1938 "Өмір сыры"атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады.
1941 -- 1945 Ұлы Отан соғысына қатысады.
1946 Әйелі Сақыпжамалға үйленеді.
1947 Қызы Дариға дүниеге келеді, өзі сырқаттанып жатып қалады.
1946 - 1952 "Балбөбек", "Нұрлы дүние", "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылды.
1954 Қазақстан жазушыларының ІІІ съезінің ашылуына қатысады.
1955ж 18 қаңтар ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
Сонау отызыншы жылдардың бас кезінде бүгінгі облыстық Орал өңірі сол кез - дегі <<Екпінді құрылыс>> газе - тінің редакциясында ақындар Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұма - ға - лиев тізе қосып қызмет атқар - ған. Осы ғимарат - қазіргі Ғұмар Қараш көшесіндегі №14 үй облыс орталығындағы тарихи орын - - дардың бірі. Дәл осы үйде поэзияның қос бірдей қаһар - манына тағзым ретінде ескерт - кіш тақта ашылды
А) Венн диаграммасы.
Қасым Ұқсастығы Абдолла
Абдолланың Отанына деген махаббаты , жауға деген айбарлы үнінде ақын Қасым , жауынгер Қасым үнін естуге бола ма?
Венн диагр.
Қасым Абдолла
Жауынгер
Батыр
ақын
Қанды майданды көрген ерлер
Жауынгер
Сазгер
ақын
Соғыстан жаралы оралды Өмір мен өлімді жеңеді
1-тапсырма Поэмадан көркемдеуіш сөздерді тауып,астын сыз, троптың қай түріне жататынын анықта
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, гүрзі қақтап отқа ,
Жекпе - жек өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқпа?
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Жүрегінің кекті зілін,
Қанды қырғын қапылыста
Айырылып бар жолдасынан,
Жараланған жолбарыстай,
Өрт жанарлы бір жас ұлан
Қоса түйіп қорғасынға,
Ырғып бұлттай түсер жайдай,
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын ,
Тас бекініп.
Өмір гүлін жаншып, таптап
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай қаптап,
Найзаға іліп ар - ұятты, -
Келе жатты сұм жендеттер,
Жиіркеніп,
Жиырылды жер,
Жауға тамшы татырмастай,
Буырқанып тасты өзендер
Сол аймақтың әрбір тасы
Ұшқандай ед құс боп көкке
Қанды көбік қара топтан
Ортасында бейне шың тас,
Өр кеудесін етіп қалқан.
Сол баяғы жатыр бір жас.
Қойып айды қарауылға,
Күнде шомды ұлы ұйқығы.
Қонды орманға қорғасын бұлт
Жат дыбысқа құлағын сап,
Тың тыңдаған адамға ұқсап
Айнала аймақ тұрды жым - жырт.
Ойшыл орман мүлгіп - қалғып,
Төңіректің сырын аңдып,
Жайлап қана тартып сырнай,
Сыр шертеді ну қарағай.
Сонан орман етегінде
Жаланған от сатыр - сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулап отыр.
Сол бір оттан ыршып бір шоқ
Түстіме ер кеудесіне?
Қойылғандай болды сол от
Динамиттің пілтесіне.
Қасақа жау қарсы алдында,
Қасақан көрсетіп қыр,
Сенің алтын ошағыңда,
Ұрлық отын жағып отыр.
Түскен дұшпан терезеңнен
Қапылыста салып жара,
Қуса сені өз төріңнен,
Көнсең соған,
Не масқара?...
Құдірет күші жер -жаһанның,
Қанатын бер қыран құстың.
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
2-Тапсырма
Кестені толтыр
Поэмадан Абдоллаға арналған бейнелі сөздерді жаз

3-тапсырма
Ізденіс тобы
Венн диагр.
Қасым Абдолла
<<Зерттеу тобы>>
Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы
Поэма тақырыбы
Поэманың идеясы
Басталуы
Байланысуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешімі
<<Сарапшы>> тобы
Жылдар тізбегінің сырын аш
1911 ж 10 қазан
1924 -- 1947
1927 -- 1930
1930 -- 1932
1932 -- 1933
1933 -- 1935
1935 -- 1936
1936 -- 1941
1941 -- 1945
1946
1947
1946 - 1952
1955ж 18 қаңтар
БББ кестесін толтыр
Білемін
Білдім
Білгім келеді

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz