Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баланың алғашқы ұстазы

Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Тапқыр достар>> ойыны
Мақсаты:
oo Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
oo Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
oo Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы сөзі:
oo Сәләмәтсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 6 сыныптар арасында өткізілгелі отырған <<Тапқыр достар>> ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шартты, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасының құрамында 1 оқушы, 2 ұстаз болады.
Әр топта 3 оқушыдан: Эмблемасы, галстугы, топтың аты.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:
І Топ көшбасшыларын анықтау (тест)
ІІ Таныстыру
ІІІ Кім тапқыр (әріптер бойынша сөйлеу)
ІҮ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
Ү Сөзтапқыш (бір сөздің ішінен бірнеше сөз құрау)
ҮІІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау)

І кезең- Топ көшбасшыларын анықтау (тест)
1. Балалы үй .....
А) қызық Б) базар В)шулы
2. Ақылы көпті ....... .............. .
А) дау алмайды Б) жау алмайды В)сөз алмайды
3. Баланың алғашқы ұстазы - .............. .
А) мектебі Б) ата-ана В)өзі
4. Ананың көңілі балада, баланың көңілі ............
А) анада Б) оқуда В)далада
5. Нағыз жайлы орын: қылышқа - қынабы, отқа - ошағы, ер жігітке - ............. .
А) Отаны Б) өз үйі В)туған жері
6. Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он
7. төрттен кейін ............................... .
А) досыңдай ойна Б) әкеңдей сыйла В)құрдасыңдай сыйла
8. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа, ........................................ .
А) кісі сені сыйлайды Б) бәрі сені сыйлайды В)кіші сені сыйлайды.

ІІ кезең- Таныстыру
Әр топ өздерін , эмблемаларын таныстырады.
(әділқазылар алқасы бағалау парағы бойынша бағалайды)

ІІІ кезең - Кім тапқыр.
Әр қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен
жауап береді.

Сұрақтары: (әр топқа 12 сұрақтан қойылады)
1. Қонақтарды қалай қарсы аласыз?
2. Жұмыс істегенді жақсы көресіз бе?
3. Газет-журнал оқисыз ба?
4. Қуанған кезде не істейсіз?
5. Түрік кинноларын көресіз бе?
6. <<Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа>> дегенге келісесіз бе?
7. Көршіңізбен татусыз ба?
8. Спортпен айналысасыз ба?
9. Жарнамаға деген көзқарасыңыз?
10. Мерекеде жақындарыңызға не сыйлайсыз?
11. Бақыт деген не?
12. Киноға кіммен барасыз?

1. Еріншексіз бе?
2. Қуанышыңызды кіммен бөлісесіз?
3. Есепті жақсы шығарасыз ба?
4. Ақындық өнеріңіз жоқ па?
5. Күлкіңізді тыя алмағанда не істейсіз?
6. Президент бола қалсаңыз не істейсіз?
7. Ақылды адам қандай болады?
8. Мектеп сізге ұнай ма?
9. Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?
10. Ырымдарға сенесіз бе?
11. Қазақ неге ет жегенді жақсы көреді?
12. Үй жануарларын асырайсыз ба?

1. Уайымшылсыз ба?
2. Билегенді ұнатасыз ба?
3. Сүйікті тағамыңыз қандай?
4. Саудада достық бар ма?
5. Жеті атасын білмеген қандай болады?
6. Тазалықты ұнатасыз ба?
7. Адам көркі не?
8. Компьютерді кім ойлап тапқан?
9. Досыңыз ренжітсе не істейсіз?
10. Жарық бізге не үшін қажет?
11. Адамдармен қалай амандасасыз?
12. Ойыншыларға не тілейсіз?

ІҮ кезең - << Ойлан тап>>.
Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

10

20

30

10

20

30

10

20

30

"Менің атым -Қожа" әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?

"Қобыланды батыр" жыры мен "Алпамыс батыр" жырының
ұқсастығы неде?

"Біржан сал Абай аулында" әңгімесінің авторы кім?

"Менің атым- Қожа" әңгімесіндегі жантасқа мінездеме бер.

"Жауынгердің тұлғасы" әңгімесінде Б.Момышұлы қандай ерлік көрсетті?

Ә.Нұрпейісовтың "Балықшылар" әңгімесіндегі Еламан кім?

Абайдың бір қара сөзін жатқа айт

М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айт

Ү кезең - Сөзтапқыш

<<Ұлтжандылық>> сөзі беріледі. Ойыншылар сол сөзден бірнеше сөз құрау керек.
(5 минут уақыт беріледі)
(ақ, ат, ал, анық, ақыл, ақын, дақ, дат, дақыл, жан, жал, жұт, жат, жақ, жұл, жұлын, жалын,
жұқа, жақын, жақұт, жыл, жылдық, жық, жады, қыл, қал, құт, құн, құл, құлын, құлан,
құжат, қыжыл, қан, нақ, нық, тыл, тұл, ьал, тық, ұлт, ұл, ұн, ұқ, ұлық, ұлан, ық, тал, тақ, т.б)

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, ойыншылар дипломармен марапатталады.

ҮІ кезең - Қорытынды:
Адамға ақыл беретін кімдер? - депті бір қария жас жігітке.
- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін
ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың,
ақылшы дос - жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.
Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Ендеше осымен <<тапқыр достар>> ойынын аяқтаймыз.

№1 жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі

апқыр
достар

(зияткерлік ойыны)

6-сыныптар арасында

Өткізген: Алипова Г.Т.

2009-2010 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Мектеп әкімшілігінің ата - аналар жиналысы
Ата - аналармен серіктестікте жұмыс жасау тәжірибемнен
Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру
Жеке тұлғанаң қалптасуына мұғалім мен ата-ананың атқаратын рөлі
Баланың тәртібін
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Бала тәрбиесі - баршаға сын
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту
Отбасы ынтымағы тәрбиеден
Ата бәйтерек, бала жапырақ
Пәндер