Тәрбие сағаты: Ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу

D:\Documents and Settings\User\Мои документы\ЖЖенис ага\ФОТО\SDC15253.JPG Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Мектепке

дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар

№22 жалпы орта білім беру мектебі»ММ. Қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қобланов Дженгисбай Таубаевич

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»

Мақсаты: а) Бала бойына сүйішпеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет

тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

ә) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға

жат қылықтардан сақтандыру, ата-ана алдындағы құрмет тұту сезімін

дамыту.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Кіріспе сөз: Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше. Ата-ана баласына саналы тәрбие беріп, оның болашағына зор үмітпен қарайды. Өкінішке орай қазіргі заманда ата-анасы мен ұстаздардың берген тәрбиесін жоққа шығарып, өмірден опық жеп жатқандар қаншама. Балалардың мектеп партасында отырып, оқушыға, қоғамға жат қылықтармен айналысуы бұл-кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Біздің оқушыларымыз осындай жат қылықтардан аулақ болып, саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осы тәрбие сағатының мәні зор деп сенемін.

Көрініс: «Қарт пен бала әңгімесі»

Баласы: -Ата, ата, маған сұрақ қойыңызшы.

Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Баласы: - Ата, үйдің алтын қазығы-бала.

Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана

болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-

қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін

ұмытпа.

Атасы: -Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.

Атасы: -Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ,

жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран

ұйымайды.

Атасы: Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

Баласы: - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Атасы: - Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін

береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін

келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.

Пікірталас сұрағы: Балалар бұл көріністен не байқадыңдар?

Мұғалім: Адам барма, ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам. -деп ақындар жырлағандай қымбатты да аяулы аналарымызға қошемет көрсетіп өтейік.

Оқушылар көріністен қандай ой түйдіңдер? Қарттың айтқанымен келісесіздерме?

Көрініс: «Кешір мені, ана»

Автор: -Жалдамалы пәтерде анасы мен баласы әңгімелесіп отырады.

Анасы: -Балам, сабағыңды жақсы оқы, әкең екеуіміздің ойлап жүргеніміз сенің қамың.

Жақсы тамақтанып, жақсы киінсін деп тынбай еңбек етудеміз. Сабағыңды

жақсы оқысаң, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Ал, енді мен жұмысқа кеттім.

Баласы: - Жарайды, ана, уайымдамаңыз.

Автор: -Анасы шығып кетеді. Бала сабағын оқып отырады. Осы кезде сырттан екі бала

келіп оны ұйымға кіруге үгіттей бастайды.

Олар: -Сен біздің ұйымға кіресің бе, онда қызықты нәрселер көп.

Бала: -Жоқ, мен анамның айтқанын орындап, сенімін ақтауым керек.

Екеуі қарқылдап күледі: -О, күшік! Анасының айтқанынан шықпайды, жігіт емессің.

(Екеуі баланы ұрып-соғып қорқытады)

-Енді қалай, ойландың ба?

Бала: Жарайды, жарайды.

Әлгі екеуі: -Ендеше былай, қазір үйіңнен бізге ақша әкеліп бересің. (Екеуі шығып

кетеді)

Автор: - Бала қорыққанынан анасының сөмкесінен ақша ұрлап әкеліп береді. Анасы

жұмыстан келген соң баласының түрін көріп таң қалады.

Анасы: -Балам, түріңе не болған?

Баласы: -Ештеңе, құлап қалғанмын.

Автор: - Анасы сөмкені ашып қараса ақша азайған сияқты.

Анасы: -Балам, сөмкедегі ақшаны сен алдың ба?

Баласы (дауыс көтеріп) : -Жоқ, неге менен көресіз? (Үйден шығып кетеді) .

Оқушыларға пікірталас сұрақтары: 1. Осы жағдайға кім кінәлі?

2. Баланың іс-әрекеті орынды ма, сен болсаң не

істер едің?

3. Әлгі екі бала туралы не айтасыз, мұндай

балаларға бұл іс неге қажет болды?

4. Көрініс соңын қалай аяқтар едің?

Мұғалім: Әке- отбасының пірі, қара шаңырақтың иесі, әке-үй-ішінің тірегі, баланың

қамқоршысы.

Әке ардақты, әке қымбат әрине,

Әке керек, әр адамға, әр үйге.

Бәрінен де әке керек болса да,

Әке керек, ең алдымен сәбиге.

«Әкесіз бала-панасыз балапан», -дейді халқымыз. Ардақты әке баласының бойына бүкіл адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіреді. Имандылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке баулиды. Әсіресе, ер бала- әкесімен сырлас, жолдас. Ол әкесімен әр істі ақылдасып отырады. Әр баланың әке алдында міндеті, борышы бар: әкені сыйлау, тілін алу, ізет көрсету, әдеп сақтау, т. б.

Өкінішке орай, әкелік міндетін дұрыс атқармай, ішімдікке салынып, адамгершілік қасиеттерден айырылған әкелер де кездеседі. Ондай әкелер тәрбиесіз, ұлтының асыл қасиетінен хабарсыз ұрпақтан пайда болады.

Бейнебаян: Балалар мұндай жағдайдан аулақ болайық, осы көрініске өз пікірлеріңді айтыңдар!

Хадистер мен ұлағатты сөздер не дейді: .

Хадистер:


Ұқсас жұмыстар
5 сынып тәрбие сағаты: Анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу
1-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Аяулы аналар - анаға деген құрмет пен махаббатты тәрбиелеу
Ата-анаға құрмет: имандылық пен адамгершілік негізіндегі тәрбие сағаты
Ата-анаға құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеу: Бұрма орта мектебі 4 А сыныбының ашық тәрбие сағаты
Мерекелік тәрбие сағаты: Анаға деген махаббат пен бала-ана қарым-қатынасын нығайту
Ана - тіршіліктің тірегі: аналарға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу
Анаға құрмет пен мейірімділікті тәрбиелеу: 8 наурызға арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Анаға құрмет пен ұлттық тәрбие арқылы ата-анамен мектеп байланысын нығайту
8-сынып: Табиғаттан нәр алу - табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға тәрбиелеу
Аялайық ананы: 8 Наурызға арналған тәрбие сағаты - анаға құрмет пен мейірімділікті тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz