Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тазалық - денсаулық кепілі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тәрбиеші:Амирханова. Н. У.

«Восход»ЖББОМ. Ақсоғым ауылы

Білім беру саласы:Қатынас. Теректі ауданы. Батыс Қазақстан облысы.

Бөлімі: Қоршаған орта.

Тақырыбы: «Тазалық - денсаулық кепілі»

Мақсаты: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз тазалық жөнінде болады. Біздер әрдайым таза жүрсек, ауырмаймыз. Деніміз сау болады. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек екен?

Балалар: Жуыну керек, үстімізді ұқыпты ұстау керек, жаттығулар жасау керек.

- Жарайсыңдар, сендер көптеген ережені біледі екенсіңдер.

Қоңырау шылдырлайды.

-Бізге біреу хабарласып жатыр. Кім екен?

-Алло! Бұл кім екен? Дәрігер Айболит? Иә, бұл «Балақан»тобы. Келіңіз. Біз сізді күтеміз.

-Балалар, бізге дәрігер Айболит келеді. Оны қарсы алайық.

Айболит: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен алыс Африкадан келдім. Аңдарды, құстарды, жануарларды емдеймін. Сендердің көңілді көздеріңді, әдемі күлкілеріңді, әдемі тістеріңді қарауға келдім. Сендер жуынасыңдар ма?

Балалар: Иә, біздер таңертең де кеште де жуынамыз.

Тәрбиеші: Балалар, Айболитке біздің ең жақын достарымыз не екенін айтайықшы.

1-бала: Сәулелі шуақты

Сәулетті қуатты.

Күн-елші анамыз.

Күннен күш аламыз.

2-бала: Су-өмір жүрегі

Денсаулық тірегі.

Шөлдесең, қанасың.

Жуынсаң, тазасың.

3-бала: Қоршаған ауамен

Шығып кең далаға.

Шынық сен әрдайым.

Керемет ауада.

Кір қуыршақты балаларға көрсету. -Балалар, мына қуыршақтың үсті қандай?

-Кір, лас.

-Ол тазалық құралдары туралы білмейді. Оған тазалықтың тұрағы қайда екенін айтып берейік.

4-бала: Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ, таза боласың.

5-бала: Тазалықты іздесең,

Шампунь, сүлгі керегі.

Бірі жуып шашыңды,

Бірі сүртіп береді.

6-бала: Тазалықты іздесең,

Айна, тарақ керегі.

Бірі тарап шашыңды,

Екіншісі көреді.

7-бала: Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың.

Тістеріңді шөткеге

Тазалатып аласың.

Қуыршақ Жайна балаларға алғыс айтып, жуынуға, таза жүруге уәде береді.

Инсценировка «Жұматай, ұят-ай!»

Ойын «Жақсы-жаман»

- Балалар, мен тақпақтар оқимын. Егер жақсы бала туралы болса, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар.

1 . Шашымды тарадым.

Айнаға қарадым.

Ерте тұрдым ұйқымнан.

Мен бақшаға барамын.

2. Анау бала, бетін қара.

Жуынбапты масқара. !

Тырнағы өскен, шашы көптен

Алынбапты масқара!

3. Мен кішкентай баламын.

Айтқан тілді аламын.

Көмектесем анама,

Үйді жинап қоямын.

4. Тұрысбектің түрін-ай.

Көйлегінің кірін-ай.

Жейдесі мен шалбары.

Бірі балшық, бірі лай.

Айболит: Бәреклді!Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге риза болдым. Әрқашан осылай таза жүріңдер, ауырмаңдар.

Айболит балаларға дәрумендер үлестіріп, олармен қоштасады.

Біз не білдік? Әрдайым таза жүреміз. Күтілетін нәтиже: Балалардың таза жүруі.


Ұқсас жұмыстар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (математика): 6 саны
Көлік түрлері: балабақшаға арналған ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті
№27 Жігер балабақшасының ересектер тобына арналған Күміс қыс тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: денсаулық, математика және бейнелеу орталықтары
Су - тіршілік көзі: ересектер тобына арналған валеологиялық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бастауыш сыныптағы ашық тәрбие сағаты: Тазалық - саулық кепілі
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй құстары
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары
Менің тәрбиешім: тәрбиеші еңбегінің маңызын қалыптастыруға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz