Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қиянат жасамау ұғымының мәнін түсіндіру
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: _______________________ Мерзiм:________________
Тақырып: Табиғат ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Мұғалiм: Бейсембай Ж.Е Сынып 5 Оқушылар саны:___
Сабақ мақсаты: Қиянат жасамау ұғымының мәнін түсіндіру;
Міндеті:
1. Қиянат жасамау нағыз адамгершілік қасиеттердің бірі екенін оқушыларға ұғындыру;
2. Айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге баулу.
3. Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қиянат жасамауға тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.
2. Тыныштық сәті (3 мин.)
<<Алтын сәуле>> жаттығуын баяу әуенді тыңдай отырып жасау.
Алтын сәуле-нұр, нұр,
Нұр әлемде, нұр менде.
Мейірім сенде, мейірім менде,
Мейірім барша әлемде!
3. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үйге берілген <<Бала және інжугүл қоңыраулары>> (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4. Інжугүлді бала неліктен жұлмады?
5. Егер сендер баланың орнында болсандар, не істер едіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
1. Дәйексөз. 2 мин.
<<Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің>>
Халық нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
(Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2-3 рет бірге қайталап оқимыз)
2. Әңгiмелеу (сұхбат). 4мин.
Қиянат жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау - ісіңің дұрыстығы,
Жақсы сөз айту - өмірдің тыныштығы,
Жақсы әңгіме тыңдау - көңілдің кереметі,
Жақсылықты көре білу - адамның дұрыс әрекеті,
Дұрыс тамақтану- деніңнің саулығы,
Қиянат жасамау адамның адамдығы.
6.Сергіту сәті. Ойын <<Кім жылдам>> 7мин
Сіздерге берілген 5минут уақыт ішінде құрастыруға берілген суреттерді жинақтау қажет. (табиғат көрінісі бейнеленге суретті құрастыру).
7.Шығармашылық жұмыс. 12мин.
Жағдаяттардың шешімін табу.
1-жағдаят
Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят
Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға қағаздан жасалған күннің сәулелерін таратып, жақсы қасиеттер жазғызамын. Осы сәулелерді тақтадағы күн шеңберінің айналасына оқушылармен бірге орналастырамыз.
Оқушылар тақтадағы күннің сәулесін жақсы қасиеттермен бірге дәптерге көшіріп алады.
Қорытындылау.
Жақсы істер жасаймыз,
Табиғатты қорғаймыз,
Үлкендерді тыңдаймыз,
Кішілерді сыйлаймыз,
Біз тәртіпті баламыз,
Болашаққа сенеміз!
Дәптерге жазып, бірнеше рет қайталап оқимыз.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
<<Қиянат жасамау - адамгершіліктің белгісі>>тақырыбында өз
ойларынан шығарма жазу немесе өлең шығарып келу.
9.Топпен ән айту. 5мин
<<Ақ көгершін>>
Әні: Н. Баймұхамедов
Сөзі: А. Жұбанов
10.Тыныштық сәті (2-ші). 3 мин.
Қадір Мырзалиевтің өлең жолдарын барылығымыз бірге айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz