Табиғат - тал бесігім: 6-сыныптарға арналған экологиялық сайыс

«Табиғат-тал бесігім»
Сайыс сабақ
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, оны көркейтіп, қорғауға шақыру. Поэзияға
деген қызығушылығын арттыру, сөз қорын байыту. Табиғат туралы кітаптарды
насихаттау.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, табиғат туралы өлеңдер.
Дәйек сөз: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Жүргізуші: Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғаттың тағдыры адамзаттың іс-әрекетіне байланысты. Бүкіл тыныс-тіршілігі табиғатпен етене байланыста болған, табиғат аясында көшіп-қонып жүрген ата-бабамыз табиғатты тиімді пайдалана да, қорғай да білген. Қазақ халқының төрт түлік малды өсірудегі жайылымды экологиялық жағынан сауатты пайдалануы-осының айғағы. «Табиғат-тал бесігім» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Оқушыларымыз табиғат туралы не біледі екен, олардың табиғат туралы ойын, көзқарасын білу, тіл байлықтарын көбейту үшін сайыс түрінде өткізіп отырмыз. Іс-шарамыз 6а, б сыныптары арасында өтеді. Әділ қазылар алқасын сайлап алсақ.
Сайыс бөлімдері:
- Команданың атын, эмблемасын таныстыру.
- «Табиғат-тал бесігің» тақырыбына реферат жазу.
- «Табиғат сұлулығы» тақырыбына сурет салу, қорғау.
Би «Аққу»
- Табиғат туралы өлең оқу.
4. «Табиғатым-тағдырым» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастыру, таныстыру.
5. Табиғат туралы мақал-мәтел айтып жарысу, жұмбақ жасыру. (3 жұмбақ)
Ән «Таң- тамаша табиғат»
6. Шебер қолдар сайысы. Табиғат тақырыбына қол өнер бұйымын жасап келу. (моншақтан, ағаштан, жіптен, темірден, тастан т. б. )
7. Экологиялық құрылғы ойлап табу (ауа, су, табиғат тазалайтын), қағаздан, пластик бутылкадан құрастыру немесе суретін салу.
- Викториналық сұрақтар. Әр сынып қарсылас топқа табиғат құбылыстары туралы
5 сұрақтан дайындайды.
- Слайдтан тақырып таңдап, сол бойынша әңгіме құрастырып, айту.
Сөзді әділ қазыларға береміз.
Қорытынды: «Табиғатым-тағдырым»-деп қазақ атам айтқандай, адамзат денсаулығы, болашағы осы табиғатта, туған табиғатты аялайық!
Сайысқа қатысқандарыңа рахмет! Туған жер табиғатын сақтап, оны қорғауға өз үлестеріңізді қосыңыздар!