Абай дана, Абай дара қазақта: поэзия кеші мен қарасөздер оқулары

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Іс-шараның мақсаты:

  1. Оқушылардың ойшыл ақынның өлеңдерін, шығармаларын қалай меңгергендігін бақылау, өлең оқу машықтарын жетілдіру. Даналық сөздеріне талдау жасап, қарасөздері арқылы ойына қозғау салу, шығармашылық жұмысқа баулу.
  2. Абай поэзиясы арқылы ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерін сіңіру, егеменді елдің ертеңгі жан-жақты жетілген, адам атына лайықты Абай мұрагерлері екендігін мақтан тұту, ұлы бабаға деген ұрпақтың сүйіспеншілігін арттыру.
  3. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен ізденту, ой өрісін дамыту.

Іс-шараның түрі: поэзия кеші

Іс-шараның барысы:

1. Жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

(Музыка ойнайды, сахнаға Абай рөліндегі оқушы шығады) .

Абай:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

2. Жүргізуші:

Мыңмен жалғыз күрескенің-батырлығың емес пе?

Өткір өлең, өсиетің- батылдығың емес пе?

Өнерден шашу шашқаның- ғасырлығың емес пе?

Елге жаның ашығаны-асылдығың емес пе?

1. Жүргізуші:

Абай - дана,

Ғұламасы ғасырдың,

Жырларында жабырқау жоқ, жасын мұң

Өлең болып бізге жетті өнегең,

Сәулесі боп,

Өлең деген асылдың.

Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық

Жабырқасам жанға құяр жылылық.

Абай деген - жұмбақ әлем, биік шың

Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып.

2. Жүргізуші:

Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абай-құдіретті ақын. Абай- поэзия әлемінің асқар шыңы. Оның поэзиясы-даналықтың көзі.

1. Жүргізуші:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп ақын өзі жырлағандай, ғұлама ақын өлсе де, оның баға жетпес мол мұрасы қалды. Атамыздың өшпес мұрасы туралы бүгінгі ұрпақ ой толғап, сыр шертпек, қабыл алыңыздар.

2. Жүргізуші:

Армысыздар, сөз маржанын түсінетін, қазақтың қара өлеңінің құдіретін, сырын ұғатын поэзия жанашырлары.

Ұлы данышпанАбай атамыздың рухына арналған «Абай дана, Абай дара қазақта» атты поэзия кешіне хош келіпсіздер.

1. Жүргізуші:

«Абай дана, Абай дара қазақта»кеші ІІІ бөлімнен тұрады.

І бөлім. «Өлең- сөздің патшасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ бөлім. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!», дананың қарасөздерін нақышына келтіріп оқу.

ІІІ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», ақынның поэмаларын мәнерлеп оқу.

2. Жүргізуші:

Ақыл-ой ақындықтың киесі -Абай

Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай

«Өлең-сөздің патшасы»десе Абай

Патшаға енді ұсынбас төрді Абай

Патша мүлде тағымен төңкерілген,

Өлеңнің құдіретті иесі-Абай!

Бүгінгі кешіміздің беташары ретінде ақынның жүз шақты өлеңін жаттап, қалалық «Абай оқуларына» қатысып, мектеп намысын қорғаған

Амангелді Маликаны ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық. (Амангелді Малика «Өлең-сөздің патшасы») .

1. Жүргізуші:

Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы?

Мәнерлеп оқу:

  1. Кунафина Толғанай «Қалың елім, қазағым»
  2. Садырбекова Гүлім «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»
  3. Болатқазин Мерей «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма»
  4. Ақылбекова Мейірлі «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
  5. Абдуллаева Анар «Ғылым таппай мақтанба»

(Музыкалық номер «Желсіз түнде жарық ай» әні)

ІІ. Жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы, көңілге!

(Сахнаға Абай рөліндегі оқушы шығады) .

Абай:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Қарасөз оқу:

1. Оразбаева Еркежан

2. Сембаева Арайлым

3. Қанағат Ақерке

(Музыкалық номер «Қазақ»биі) .

І. Жүргізуші:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарға арналған поэзия сабағы: Абай - дана, Абай - дара қазақта
Мектепішілік Абай оқулары: өлеңдер мен қарасөздер байқауы
Абай - дана, Абай - дара қазақта: Абайды жан-жақты таныту және сыни ойлауды дамытуға арналған сабақ жоспары
Білім берудегі ізденіс пен инновациялық тәжірибе: 7-сыныпта сыни ойлау мен шығармашылықты дамыту - Абай дана, Абай дара қазақта сабақ тәжірибесі
5 Б сыныптың тәрбие сағаты: Абай Құнанбаев - қазақтың дана әрі дара тұлғасы
Өлең - сөздің патшасы: Абай Құнанбаевқа арналған өлең-ән поэзия кеші
Сыныптағы Дана Абай сайыс-сабағы: мақсаттары мен бағдарламасы
Абай әлеміне саяхат: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру
9-сынып: Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған поэзия кеші
Мұхтар Шахановтың шығармашылық мұрасы мен қоғамдық қызметі: поэзия кеші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz