Рухани - адамгершілік тәрбие

Мазмұны
Кіріспе 3 -бет
I Негізгі бөлім 4 -5 бет
ІІ Практикалық бөлім
2. 1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы 6-7 бет
- Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық
тәрбиені қалыптастыру жолдары 8-10 бет
- Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту бағыттары. . 11-13 бет
- Сабақ барысында рухани-азаматтық тәрбие бағыттары. 14-16 бет
- Қорытынды 17 бет
- Әдебиеттер 18 бет
- Қосымша 19 бет
Кіріспе.
Ұлттық рух бойымыздан жоғалған
Қашан, қалай оралары белгісіз.
Күзде талдай жапырағы тоналған
Ұрпақ жайын ойланыңыз енді сіз . . .
Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, бола-шақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда оқушыға әлемдік ғылым мен про-гресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәде-ниеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті бо-лып табылады.
Елбасының «Қазақстан-2030» басты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны баға-лай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық тал-ғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе.
ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдері-нің қауымдастығына жалпы әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономика-лық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміз-дің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу- адамзат алдындағы басты міндет.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді аза-маттық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған.
І Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Респуб-ликасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақ-стандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру не-гізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазы-насын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағ-дайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.
Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан - дүниесінің біртіндеп да-муына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - бү-гінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа сал-май игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз бе-рілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адам-ға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы-ның зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие.
Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр бо-луы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие. Тәрбие- мәңгілік және адамзаттық . . . Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасыр-ға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Тәрбие - халықтың ғасырлар бо-йы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мі-нез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің негізгісі - ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таң-ба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.
Рух дегеніміз - мәңгі шексіз, махаббат пен мейірімнен тұратын, әр адамның ой, сөз, ниет, пиғыл, іс-әрекетіне, өмірлік рухани ұстанымдармен тікелей бай-ланысты, таза сана мен ақыл, күш-қуат, бірлікке негізделген ғаламдық, өрістік- ақпараттық жүйе.
ІІ Практикалық бөлім
2. 1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы.
Азаматтық, рухани-азаматтық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру қанша-лықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды -құнды ой-пікірлерін қалдырды. Қазақ халқының арғы тарихы-мен байланысты жеткен жазбаша деректердегі А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, еңбектеріндегі оқу, білім, рухани-адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Х. Досмұхамбетов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық не-гіздері жөніндегі ой-пікірлері, аса құнды еңбектері бар. Ғасырлар бойы рухани тазалық заңдарын дәстүрлі, шежірелік деңгейде сақтап келген халқымыздың ақыл-ой, есте сақтау қабілеті жоғары болып, сөз қадірін біліп, небір үлкен дас-тан, жырларды ауыз әдебиеті негізінде ұрпақтан ұрпаққа қағазға түсірмей жет-кізе білген. Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж. Баласағұн, Я. А. Коменский, И. Г. Песталлоций, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-азамат-тық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.
- Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.
- Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.
- Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген. Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құді-ретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлай-тын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие ұлттық мінез, ұлт-тық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқында» еңбегіндегі «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем про-засы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түп-сіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықта-рымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарық-тата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздер біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді.
А. Байтұрсынұлы «Атадан балаға мирас болып екі ақ нәрсе қалады, бірінші - бай тіл, екінші - байтақ жер» - деп жазған. Патриотизмнің маңызды өлшем-дерінің тіл қазақ зиялылары, әсіресе А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің отансүйгіш-тікке тәрбиелеудегі роліне мән берген. Оның пікірінше, тіл адамның ұлттық ерекше белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданылатын ұтымды қа-рудың бірі.
2500 жыл бұрын өмір сүрген Конфуции «әр нәрсені өз кезінде орындау өмі-ріңді рахатқа кенелтіп, барша тіршілікке тән өрлеу заңының жетілуіне әкеледі». В. Г. Белинский: «Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д. И. Менделеев: «Тәрбиесіз білім -есуастың қолындағы қылыштай» де-ген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәр-биеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыпта-сады. Біздің мақсатымыз - оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәр-биелеу. М. М. Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы -жастарымыз дұрыс тәр-биеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көр-сетсе, адамдар неге бірін- бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я. А. Коменский «Тәрбиені мойындамау - адам-дардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық тәрбиені қалыптастыру жолдары.
Рухани-азаматтық тәрбие сәбидің бойында ең алдымен, анасына, өз отбасы-на, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұ-мырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады:
- Мемлекеттік тілді оқыту;
- Ұлттық мәдени мұраны игеру;
- Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
- Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
- Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу [қосымша №1]
Осы міндеттер жалпы адамзаттың және ұлттық мәдениетті бойына сіңіре біл-ген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш білімгер тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған.
Оқушы бойына рухани-азаматтық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Оқушы отбасында патриотизмге тәрбие-леу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт - дәстүр-ді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай - ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туғы-зады. Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педаго-гикамен байланысына тоқтала келе, «Сегіз қырлы, бір сырлы» толық адам тәр-биелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді:
- Ақылды, арлы, намысшыл азамат болуын қарастыру.
- Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу
- Тән сұлулығын қарастыру, әсемділікке баулу.
- Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа) баулу
- Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу
- «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер - өрге сүйрелейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
- Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
- Дене шынықтыруға тәрбиелеу. [қосымша №2]
Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезі-мін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Қазіргі жағдайда рухани-аза-маттық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:
- Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;
- Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;
- Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;
- Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;
- Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады. [Қосымша №3]
Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани-азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ре-тінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектеп-тегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани-адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты - жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы - заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.
Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере оты-рып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:
*еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру;
*тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру;
*өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
*отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
*оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
*оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
*оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
*оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі да-мытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
*оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
* оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру.
Тұлғаны рухани -азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-санамызға сәйкес, жан-жақты тазалық жү-йесіне негізделген дүниетанымда тәрбие көрген ата-ана, ұстаздың ойы, сөзі, ісі берген тәлім-тәрбиесі мен білімі баланың пәк те таза жүрегіне бұлақтың мөлдір суындай сіңіп, өмірлік тура жол, рухани азық болары түсінікті.
Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу үлкен міндет. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрлерімізді жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін- адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет.
Рухани-азаматтық тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қо-ғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және қалыптастыруды болжайды.
2. 3. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық тәрбиені дарыту бағыттары.
Рухани-азаматтық құндылықтармен білім жүйесін қалыптастыру жаңа қоғам-ның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-азаматтық ба-ғытта тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу- бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мә-селе. Рухани-азаматтыққа тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Оқу-шының сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-азаматтық қасиеттері қалыптасады. Рухани -азаматтық тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді.
Рухани-азаматтықтың негізгі элементтеріне мыналар жатады: ар-намыс сезі-мінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте, басқа адамдарға құрмет пен се-нім білдіруде, өзінің міндеттерін орындау, патриоттық, ұлттық сезімдерін үйле-сімді қиюластыру қабілетінде көрінетін адамгершілік құқықтық және саяси мә-дениет.
Рухани-азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты- оқушыларда қоғамдық ізгі мұ-раттарды, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік қасиетін, бейбітшілікке ұмтылы-сын, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының бойына рухани-азаматтық тәрбиені да-рытудың жолдары төмендегідей:
*рухани-азаматтық қасиеттерді жеке тұлғаға үйретіп, оның орындалуын талап ету;
*азаматтық құндылықтар туралы пікірлесу;
*әдептілік негіздерін үйретіп, оның орындалу жолдарын көрсету;
*имандылық дәстүрін (болашаққа, өмір заңдылықтарына сену, адал, әдепті, шыншыл болу, үлкен-кішімен санасу, кісілік жасау, т. б) жеке тұлғаға жан-жақты ұғындырып, оны өмір қолданысынан талап ету;
*рухани-азаматтық дәстүрлер туралы пікірлесу. Пікірталас, ойжарыс, айтыс ұйымдастырып, ой мен істі ұштастыру.
*ұлттық мәдени уағыздар мен қағидалардың рухани негізі екенін дәлелдейтін түрлі ойындар, қойылымдар ұйымдастыру.
*басылымдар арқылы рухани-азаматтық туралы материалдар оқып талдау;
*визуалдық, антивизуалдық (картина, кинофильм, радио, театр) тәрбие тәсілдерін ұйымдас-тыру арқылы жеке тұлғаның рухани-азаматтық қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұға-лімнің зерттеу нысаны-оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып, рухани- азаматтыққа тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады.
Рухант-азамттық тәрбиесінде ең маңызды рөлді бастауыш сынып мұғалімі алады. Ол тәрбие жүйесінің мақсаттарын анықтап, оқушы бойында рухани құн-дылықтарды тәрбиелеуде атқаратын іс-әрекеттерінің нәтижесін болжайды.
Рухани-азаматтық тәрбие берудегі бастауыш сынып мұғалімінің қызметі:
-Өмірдегі маңызды құндылықтар мен рухани-азаматтық құндылықтарды оқып үйрену.
- Өз адамгершілік қасиеттерін анықтау мақсатында өзін-өзі дамытудың тре-нингтерін тәжірибеге енгізу.
- Оқушылармен бірге халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, туған өл-ке, туған қаламыздың тарихы мен дәстүрлерін, өз отбасылырының дәстүрлерін, мектеп дәстүрлерін оқып үйрену.
- Сынып газетін шығару, көрмелерге бару.
- Рухани-азаматтық мәдениетін дәріптейтін тәрбие сағаттарын ұйымдастыру.
- Оқушылардың бойындағы дарынды, талантты дәріптеу (өлең шығару, шығармашылық тапсырмалар) .
Сынып жетекшісінің сыныптағы атмосфераны, әр оқушының бойындағы қабі-леті мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында өз жұмысында қолданатын диагностикасы:
-Балалар өз түсініктерін жазбаша жеткізеді.
-Рухани-азаматтық нормалары туралы сауалнама.
- Аяқталмаған сөйлемдер әдісі: «Қайырымдылық - ол . . . », «Құрмет пен сенім дегеніміз . . . », «Қалай адал болуға болады?», «Досыңның саған арамдық жаса-уын қалай түсінесің?», т. б.
- Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдісі:
«Менің бойымдағы қасиеттер», «Адамгершілік қасиеттер қоймасы», «Ата-анамның, өзімнің өмірге көзқарасымыз қандай?», «Мінездеме» т. б.
Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың бойында рухани-азаматтық тәрбие беруге бағытталып жасалынған жұмысы: Мысалы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz