Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз мерекесі туралы

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту.
2.Ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, табиғатты ондағы тіршілік иелерінің әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, жиналыққа, шапшаңдыққа тәрбилеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бейнекөрініс, сызбалар, слайд
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, көрсету, сызбалар, жаңа технология элементтері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәләматсыздар ма, балалар? Қазір бәріміз ортаға шыға қояйық.Балалар нені көріп тұрсыңдар?
-Бағдаршам.
-Бағдаршамның неше түсі бар?
-Үш түсі бар. Дұрыс. Ендеше мен сендерге қазір бағдаршамның үш көзімен түстес дөңгелектерді үлестіремін. Сол түскен түстер бойынша топқа бөліне қояйық. (Үш топқа бөліну) (Топ ережесімен таныстыру)
І топ- қызыл
ІІ топ- сары
ІІІ топ- жасыл
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қызыл, сары, жасыл- сөздері қандай сөз табына жатады?
-Сын есім
-Дұрыс, ендеше біз бүгін , сын есім тақырыбын қайталаймыз.Мынау автор орындығы. Қазір автор орындығына қане , Саягүл шыға ғой. <<Оқушы>> деген зат есім сөзін бірнеше сын есіммен байланыстыр.
Екінші топтан Нұрқұйған шыға ғой.
Үшінші топтан Аяулым шыға қойсын.
Білімді үлкен семіз
Саналы Оқушы таза бөлме арық мал
Тәртіпті кең ірі
(сын есім ережесін тексеру)
2 оқушыдан ережені сұрау.
Жақсы, үй тапсырмасын жақсы орындаппыз.Балалар, дұрыс жауап беріп, сабаққа белсенді қатысқандарға жұлдызшалар үлестіремін. Сабақ соңында сол бойынша бағалаймын.
III. Қызығушылықтарын ояту.
Бәріміз тақтаға қарайық. (наурыз туралы бейнекөріністі көру.)
Балалар, бейнекөріністен не туралы көрдік ?
-Наурыз мерекесі туралы.
Қазақ халқының тұрмыс -тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз мерекесі. Яғни күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы- Ұлыстың ұлы күнін қарсы алған.Жұрт ел аралап,үйлерге кірген, наурыз көже ішіп ,жастар ән шырқап, палуан күресіп,ойын-сауықпен өткізген.
-Қазір, бәріміз кітапқа қарайық.
Мирас 1-жаттығуды оқи қой.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.
Өлеңді түсініп оқы. Сын есімді өзіне т қатысты зат есіммен бірге теріп жаз. Сын есімді қатыстырып, Наурыз мерекесі туралы екі- үш сөйлем жаз.
2-жаттығу.Берілген сын есімдерге мәндес сөздер жаз.Мәндес сөздерге сұрақ қой.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Әдемі .... ақылды.... мөлдір...
Күшті ... ашулы... үркек...

Сын есім
3-жаттығу. Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын жаз. Венн диаграмасын толтыру

Қалың кітап жіңішке кітап
Ащы пияз тәтті сәбіз
Қараңғы түн жарық күн

Сергіту сәті:
<<Қара жорға>> биін билеу.
-Ал, балалар, менің алдымда нелар тұр?
-Сандықшалар.
-Дұрыс үш түрлі сандықша.Қызыл, сары, жасыл.
Әр сандықшадағы ішінде сөйлемдер бар.
4-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Алдымен заттың түсін білдіретін сөздері бар, содан кейін заттың көлемін білдіретін сөздері бар сөйлемдерді көшір.
(әр топқа екі сөйлемнен беріледі.)
Ү.Қорытынды:
-Балалар, бүгін біз қандай мереке туралы әңгімеледік?
-Наурыз мерекесі.
-Дұрыс, ендеше мына үлкен сандықша сол мерекеден сендерге сыйлықтарымен бірге келді.Сол сыйлықтарды алып , заттардың көлемін білдіретін сөздермен байланыстырып көрейік.

Доп- үлкен, домалақ
орамал- жалпақ
Сызғыш- ұзын
Қарандаш- үшкір, кішкентай
Дәптер-қалың
Кетіргіш- сопақ, жіңішке
ҮІ Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Ерже қайталау
Ендеше балалар, алдарыңда үш түсті ( бағдаршам көзінің түстері) дөңгелектер жатыр. Бүгінгі сабағымыз өте жақсы түсініп меңгердегендеріңіз бағдаршамның <<жасыл>> түсін, жақсы меңгергендер <<сары>> түсін, ал қиыншылық туындаған оқушылар <<қызыл>> түсін көтерсін.
Оқушыларды жұлдызша саны арқылы бағалау.

Ұқсас жұмыстар
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
Ұлыстың ұлы күні. Қазақтың ұлттық тағамдары
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Аналар мерекесі
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрі. Наурыз – жыл басы
Оқушыларды топтарға топтастыру
Қош келдің - Наурыз
Наурыз мерекесіне өлең құрастыру
Қазақтың салт - дәстүрлеріне тоқталып кету
Наурыз имандылық мерекесі
Пәндер