Сыбайлас-жемқорлық: анықтамасы, пайда болу жағдайлары және алдын алу (4-сыныпқа арналған сабақ жоспары)

Сабақтың тақырыбы:«Сыбайлас-жемқорлық деген не?»

Мақсаты:

1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

2. Ойын - Орындық

Шарты: 5-бала, 4-орындық . Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан шығады. Алдын ала 1-баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей қалады, бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып, ақша ұсынады 100 теңге. Ойын жүргізуші, 100 теңге аз 200теңге дейді. Сөйтіп осы ойынның соңыны жеңіске жетеді.

F:\Forever!5310.jpg F:\Forever!5321.jpg

Мұғалім: - Ойын ұнады ма?

  • Неліктен ұнамады?
  • Ойын кезінде өздерңді қалай сезіндіңдер?
  • Неге бұл оқушы ойында қалды?
  • Ол не істеді?

3. Мұғалім:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “ . . . мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

4. Сыбайлас-жемқорлықты қала жоюға болады?

1. Пара бермеу және алмау.

2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

http://www.aktobegazeti.kz/wp-content/uploads/2012/01/%D0%91%D1%83%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B02.jpg http://kandalka1.narod2.ru/vospitatelnaya_rabota/antikorruptsionnaya_deyatelnost/iaid_no_korr_2011_3.jpg

5. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4. Адалдық - ардың ісі.
5. ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7. Ақихат сөзде алалық жоқ.
8. Әділ айтқан жеңер.
9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

6. Сабақты қортындылау: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

«Әулиекөл ауданының білім бөлімінің № 2 Аманқарағай орта мектебі» ММ.

«Сыбайлас-жемқорлық деген не?»

( 4- сынып)

http://www.aktobegazeti.kz/wp-content/uploads/2012/01/%D0%91%D1%83%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B02.jpg

Өткізген: Туребекова Л. М.


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі: алдын алу және тәрбие
7-сыныпқа арналған сабақ: сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасы мен қасиеттері
Жол-көлік апаттарының себептері, жағдайлары және алдын алу негіздері
Эмоционалдық сөну: анықтамасы, белгілері және алдын алу тәсілдері
Буллинг пен кибербуллинг: анықтамасы, салдары және алдын алу (8 «Б» сыныпқа арналған тәрбие сағаты)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты
8-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болу және олардың алдын алу
Діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу: 8-сыныпқа арналған Дін және шындық сабақ жоспары
7-сынып: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар - қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Денсаулық, салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz