3-сынып: Ана тілі мен әдебиет - ұлттық сана мен тілді тәрбиелеуге арналған интеграциялық сабақ

№5 орта мектеп

Сүйемін бабам тілі-ана тілін

Өткізген: Тілеужанова Г. М.

3г класс

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сүйемін бабам тілі- анам тілін

C:\Users\Куралай\Desktop\images.jpg C:\Users\Куралай\Desktop\загруженное.jpg

Ақ сандығым ашылсын,

Класта у-шу басылсын

Жан дүниемізді ашатын,

Ішінен білім шашылсын.

Құрметті оқушылар бүгін сабақ ерекше маңызды, көңіл қойып тыңдап, ықыласпен назар аударайық. Бізде қонақтар бар. Қазақ қонақжай халық, қонақ келсе төріне шығарып, бар тәтті дәмдісін алдына тартады. Ал бүгінгі біздің қонаққа ұсынарымыз -біліміміз. Енді сабақта жария ету үшін сырлы таяқшаны қолданайық.

І. Нағыз білгір

І әдебиеттік оқу

1. Сөз өнері жарысы (айтыс)

2. Жазба әдебиетінің негізін салушы (Абай)

3. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата (жаңылтпаш, ертегі, мақал -мәтел)

4. Жүз жасаған жыр алыбы (Жамбыл)

5. Қазақ балаларына европалық үлгіде мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

6. Абайдың неше қара сөзі бар (45)

7. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата

8. Тіл туралы заң қай жылы шықты (1989 22 қыркүйек)

9. Ата Заңымыз қай жылы шықты? (1998 жылы 30 тамыз)

10. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

ІІ қазақ тілі

1. Қазақ әліпбиі неше ә ріптен тұрады (42)

2. Жұрнақ нешеге бөлінеді? (сөз түрлендіруші, сөз тудырушы)

3. Түбір дегеніміз не? (Сөздің түпкі мағынасы)

4. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)

5. У дыбысы қандай дыбыс?

6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

7. Лепті сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? (Адамның көңіл- күйіне байланысты айтылатын сөйлем)

8. Мәтіннің түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

9. «Б» дыбысы қандай дыбыс (дауыссыз, ұяң)

10. «Э» дыбысы қандай сөздерде кездеседі? (Орыс тілінен енген сөздерде)

«Кім көп біледі?» ойыны

Әр топ қызықты сұрақтар арқылы берілген тиісті мақал- мәтелдердің шешімін табу керек.

Мысалы:

1. Кімнің қызы қай кезде таранады?

(Қойшының қызы қой келгенде қорқады)

2. Қорқақ неден қорқады?

(Қорқақ көлеңкесінен қорқады)

3. Қандай бала бір-бірімен ойнамайды?

(Аш бала тоқ баламен ойнамайды)

4. Бос сөзге үйір, іске жалқау адамды қалай атайды?

(Тілге-шешен, іске -мешел)

ІІ. Тіл-өнер.

Мұнда мақал айтылады, бір сөз айтылмай қалады. Сіздер сол сөзді тауып, орыс тіліне аударасыздар.

Мысалы: 1. Ашу -дұшпан ақыл . . . (дос) (друг)

2. Адамды асырайтын (еңбек) (труд)

3. Досы көпті (жау) алмайды. (враг)

4. Адам көркі шүберек,

Талдың көркі (жапырақ) (лист)

5. Тіл тас жарады, тас жармаса (бас) жарады. (голова)

6. Білім кілті- тіл. (язык)

ІІІ. Менің сүйікті авторларым

а) Бұл кезеңде ақын- жазушылардың шығармалары өлеңдерінің аты айтылады. Сіздер соның авторын айтасыңдар.

1. Білім таппай мақтанба. (А. Құнанбаев)

2. Кітап (С. Бегалин)

3. Көк серек (М. Әуезов)

4. Анна апайдың бақшасы (О. Бөкейхан)

ІV. Тұлғаны танисың ба?

C:\Users\Куралай\Desktop\загруженное.jpg C:\Users\Куралай\Desktop\загруженное (1).jpg C:\Users\Куралай\Desktop\загруженное.jpg

C:\Users\Куралай\Desktop\загруженное (2).jpg C:\Users\Куралай\Desktop\images.jpg

V. Сөз мерген

1. Халқымыздың әдет ғұрпын, тарихын біліп, оны қастерлеп, бірлігіміз бен келешегімізді нәрлі қайнар көзіне айналдыру- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Олай болса ұлттық тәрбиенің бастауы болған қазақ ырымдары мен тыйымдарына арналған тіл білімі сайысымыздың келесі бөлімі «Сөз мерген» бөлімі.

1
Жіп
1: 2
Жіп: Есік
:
1: 3
Жіп: Терезе
:
1
Бел
құшақтамайды
2
Тізе
3
Адам
1
Жер
теппейді
2
Еден
3
Есік
1
Көрпе
баспайды
2
Жастық
3
Кілем

VI. Сөз мағынасы

Бүгін киген ақ тоным,

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң,

Болып кетер ала тон.

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

Қараңқы қазақ көгіне,

Өрмелеп барып күн болам.

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда кім болам.

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен барлық қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан халқым менің.

(М. Мақатаев)

Сабақты қорытындылау: Н. Назарбаев «Тіл ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы, алдымен әр ұлттың тілі ғой» деген. Ендеше ата-аба тілін жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Жұлдызды сәт: ұлттық рух пен ана тілді тәрбиелеуге арналған мектептік пәндік сайыс
2-сыныпқа арналған интеграциялық сабақ: ана тілі, математика және дүниетану - Құстар біздің қанатты достарымыз
Тәрбие сағаты: Туған тілім - ұлттық сана мен мәдени мұра
Тәуелсіздік шежіресі: ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастыруға арналған тәрбие сағаты
Ұлттық сана мен жастар рухы: өлеңдер жинағы
3-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет сабағының жоспары: Жыл мезгілдері
3-сынып: Мазмұнды сурет схемасын қолдана отырып қазақ тілі мен Табиғат пәндерінің интеграциялық сабақ жоспары
Сөзмерген сайысы: ана тілді дамытуға және ұлттық тәрбиеге арналған әдістемелік тәрбие сағаты
3-сынып, Ана тілі: Төрт түлік туралы жырларға арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің панорамалық сабағы: Елді қорғау - тілді қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz