Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баламалы тест

<<Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар>> мм
2014-2015 оқу жылы

Баяндама тақырыбы:
Оқушыны ҰБТ-ға
дайындау
жұмыстарының
тиімділігін арттыру жолдары

Орындаған: Ж.Игликова

Теректі ауылы
Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелен ұрпақтың еркін ойлай білуі мен шығармашылығы , кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ . Оған әрине , өзара табиғат пен үйлесілімдікте дамыған жағдайда қол жеткізуге болады .
Қазақстан Республикасының Призеденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында " XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық .
Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет '' - деп атап көрсеткен .
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру , кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керектігі Қазақстан Республикасының Білім заңының басты міндеттері бөлімінде жан-жақты қарастырылған . Жас ұрпаққа білім нәрін егіп қана қоймай , оларды өмірге дайындаудың қажеттілігі еліміздің басты қадам жасауындағы басты механизмі болмақ .
Қоғамдық пәндердің ішіндегі тарих пәні аса маңызды білім саласына жатады неге десеніз , тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орның , атқаратың қызметің дұрыс сақтай алады .
Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігі , ол жасаған бүкіл әлемдік құңдылықтарды білетің , олардың Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы , жан-жақты жетілген , өзінің тарихи тамырларын , қоғамдағы орның түсінетің рухани бай , жан-жақты дамыған белсенді жеке тұлға қалыптастыру .

Соңғы жылдары оқушылардың білім сапасын тексеруге тест әдісі тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда . Оқушылардың үлгерімін сараптаудың жана түрлерін жетілдіру , білімін тез , шапшан тексерудің жаңа үлгілерін табу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып отыр сондықтан Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап Республикада Ұлттық бірыңғай тесттілеу (ҰБТ) енгізілді
Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
ҰБТ - ның мақсаты - жоғары білім алуға барлық мектеп бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру, мемлекеттік тапсырыс - мектеп бағдарламасы орындалуын, білім сапасын анықтау.
Қазақстан тарихы - күрделі әрі қиын пәндердің бірі . Себебі көптеген хронология , адам аттары ,қоныстар және ай аттары көптен кездеседі . Оқушылар Ұлттық Бірынғай тест тапсырған кезде осылардан қателер жіберіп жатады . Ал кейбір оқушылар тест кітаптарын жаттап алады . Оқиғаның негізгі түп-тамырына назар аудармайды . Сондықтанда бір қарағанда жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді , шатасады , қателіктерге жол береді . Сол себептен оқушылардың ҰБТ - ке тестке дайындау барысында 6-сыныптан бастап оқулықпен дайындаған дұрыс .
Мектебімізде 11- сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітілген. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы.
Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасындаҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнгедеген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету.
Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артады.
Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Оқушылардыт тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады. Ол үшін
Тестке дайындаудағы өзіме тиімді деп санаған әдіс - тәсілдерім:
1. Дұрыс жауап тандау тесті .
2. Толықтыру тесті .
3. Сәйкестендіру тесті .
4. Баламалы тест.
5. Хронологиялық тест .
Қазіргі кезде ҰБТ және кешенді тест тапсыру кезінде көп қолданысқа ие болғаны дұрыс жауап тандау тесті .
Мысалы :
1. Қола дәуірде 1100т қалайы қай жерде өндірілген ?
А)Жезқазғаннан С) Ақшатау тауы
В)Маңғыстаудан Д) Нарым , қолбадан

Немесе
2."Бейімбет жау болса мен де жаумын " деген жазушы ?
А) С. Мұқанов С) С. Сейфулин
В) М. Әуезов Д) Ғ. Мүсірепов

3. Тәуекел қанша жыл хан болды.
А)16 жыл С)18 жыл
В)12 жыл Д) 10 жыл

Мұнда оқушылар төрт жауаптың біреуін дұрысын таңдайды .

II. Толықтыру тесті
Мұндай берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орына жауабын жазады немесе берілген тапсырманы жалғастырып аяқтайды .

1." Түрік " сөзі ........ сөзінен шықты ( Теле )
2.Саудагерлер қаласы ....... ( Тараз )
3. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан әкету (1989 ж ақпанда) аяқталды
4. 1991 ж Қазақстан Республикасының Президенты болып (Н.Ә.Назарбаев) сайланды

III.Сәйкестендіру тесті
Бұл тест оқушылардың қызығушылығын арттырып , есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсер етеді .
1. Дың ескерткіші IX ғ. II жартысы
2. Баба ата мешіті VI - IX ғ.ғ.
3. Боран мұнарасы XI - XII ғ.ғ.
4. Айша бибі кесенесі X ғ. Аяғы

IV. Хронологиялық тест .
Бұл тест кезінде оқушыларға жылдар көрсетіледі .
Оқушылар сол жылдары болған оқиғаны баяндайды .
Мысалы :
1) 1465-1466 ж. Қазақ хандығы құрылды .
2) 1939 ж. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды .
3) 1771 ж Абылай хан сайланды
4) 1953 ж Сталин қайтыс болды

V. Баламалы тест
Бұл тест әдісінің тиімділігі оқушыны ойландыру .
Мысалы :

1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды
Хиуа ханы өлтірді ( Қоқан ханы )
Ия
Жоқ

+
453 ж - Атилла қайтыс болды
+

1947 ж - карточка жүйесі жойылды
+

1956 ж-Тың игеру басталды

+

Тест жұмыстарын алу, орындау барысында оқушылар арасында қолданатын және бір әдісім - <<жарыс>>. Білім деңгейіне қарай оқушыларды жұппен немесе топпен көп ұпай жинауға жарыстыру. Оның өзі оқушылардың белсенділігін арттырады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тарау бойынша тест құрастырып , қабілетің шыңдау үшін әртүрлі әдіс - тәсілдерді көп пайдалану керек . Сонымен қатар электронды оқулықтармен , интерактивті тақтамен көбірек жұмыс істеу өз жемісін береді .
Қорытындылай келе оқушылармен тест түрлерімен жұмыс істеу үшін мұғалім өз ісінің шебері болуы тиіс . Сонда ғана жақсы нәтиже болады

Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбаларды көрсету
Әмір темірдің басқыншылық жорықтары
Баламалы отын-энергиясын пайдалану жолдары
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырмасының формуласы
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Ақпараттарды кодтау
Оқушыларға ақпаратты кері кодтауға үйрету
Таңдау тестісі
Рационал сандарды салыстыру жайлы
ASCII кодын пайдаланып мына сөздерді кодта
Пәндер