Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ауаны қорғау

Сілтеме №1
Сен білесің бе?
Атмосфера сөзін грек тілін аударсақ (атмос- бу деген мағынаны білдіреді).
Атмосфералық ауа -- түрлi газдардың қоспасы. Атмосфераның төменгі
қабатындағы ауа құрамының 78 %- ы азот, 21 %- ы оттегі. Тіршіліктің пайда
болуына , дамуына ең қажетті газ оттегі. Онсыз адамдар мен жануарлар да өмір сүре
алмас еді. Қалған газдардардың бар- жоғы 1 %, олардың 0,03 % көміртегі,
қалғаны инертті газдар.
-Ауаның кез келген жерде суда, топырақта, жер асты қуыстарында болатынын
білесіңдер. Атмосфера -- жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі
шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек
кездесетін газдардан тұрады..
Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына
байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы
төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.
Атмосферада барлығы 5 негізгі қабат бар.

1. 15 км биіктікке- тропосфера
2. одан жоғары -50км биіктікке дейінгі-стратосфера
3. одан жоғары -80км биіктікке дейінгі-мезосфера
4. одан жоғары -150км биіктікке дейінгі-термосфера
5. ең жоғарғы қабат- экзосфера

Атмосфераның мағынасы:
# Жерді ысып , суып кетуінен сақтайды.
# Метеориттерден қорғайды
# Ультрафиолет сәулелерінен қорғайды
# Тыныс алу үшін қажет

1 га орман ағашы 1 күнде 280 кг көмір қышқыл газын жұтып,180-200 кг оттегін шығарады екен.
Жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүреді екен,ал қалалық жерлерде 50-80 жыл өмір сүреді.

Адам тамақсыз 5 жетіге, сусыз 5 күнге, ал ал ауасыз 5 минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады

Сілтеме№2
Ауаны қорғау
Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.
Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы -- көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты..
Жасанды жолмен ластану көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар,(фабрика,зауыт) көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары.
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді.

Ұқсас жұмыстар
Ауаның ластануы. ауаны қорғау
Ауа райы. Климат жайлы ақпарат
Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 2-сынып
Атмосфераның құрамы және құрылысы (Атмосфера тарауына кіріспе)
Ауаның ластануы
Тема занятия Ұжымдық қорғану құралдары
"табиғат - адам - қоғам" (дебат). 8-9-кластар
Ауаның құрамы
Тақырып Ауа. Ауаның қасиеті
Адам - табиғат пен Жер - Ана перзенті
Пәндер