1-сынып ана тілі: жуан және жіңішке жұп дауыстыларды меңгерту арқылы Құмырсқа мен көгершін мәтінімен оқу дағдыларын дамыту

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Жаңабұлақ ауылы

Жаңабұлақ ОЖББМ - нің

бастауыш сынып мұғалімі

Утебалиева Гүлнар Нұрбайқызы

Пәні : ана тілі 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа мен көгершін.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу;

ә) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту;

б) Тәрбиелілік: оқушыларды бір - біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, ойын, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжеттік суреттер, сызба плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Бағдарлау - мотивациялық кезең.

- Балалар, біз тақпақ, өлең айтамыз. Мына өлеңді тез жаттап көрейікші:

Ыбылжыған қимылы

Ығыр қылды сыйлы іні.

Ысқырығын жоғалтып,

Ыдыс іздеп бір күні.

- Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.

- Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

ІІІ. Операционалдық - орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

61 - жаттығу. «Құмырсқа мен көгершін». Спандияр Көбеев.

а) Әңгімені мәнерлеп оқып шығамын.

ә) Оқушылар оқып шығады.

б) Сөздік жұмысы:

Сусап - шөлдеп.

в) Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әңгіме не жайында?
  • Құмырсқа қайда келеді?
  • Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
  • Құмырсқа көгершінге қандай жақсылық жасады?

Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

62 - жаттығу.

Құмырсқа, толқын, аузы, бұтағы, аңшы, бидайды, т. б.

Көгершін, бір, тістеген, көреді, үстіне, жиегіне, т. б.

ІV. Рефлексиялық - бағалау кезеңі:

а) Мәтін бойынша көгершін мен құмырсқаны сипаттап жазу.

Көгершін
Екеуіне ортақ нәрсе
Құмырсқа
Көгершін:
Екеуіне ортақ нәрсе:
Құмырсқа:
Көгершін:
Екеуіне ортақ нәрсе:
Құмырсқа:
Көгершін:
Екеуіне ортақ нәрсе:
Құмырсқа:

ә) Сәйкестендіру тесті.

Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін сәйкестендір (бағыттарын көрсет) .

сызғ . . . ш

к . . . рп . . . ш і

өш . . . рг . . . ш

. . . лг . . . ш ы

с . . . йл . . . қ


Ұқсас жұмыстар
Құмырсқа мен көгершін әңгімесі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін қалыптастыру
Ана тілі сабағы: Құмырсқа мен көгершін әңгімесі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстылар (ы, і) ұғымын жетілдіру
Бастауыш сынып сабағы: Құмырсқа мен көгершін әңгімесі және жуан-жіңішке жұп дауыстылар
Көрші атам өлеңі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстыларды оқыту
1-сынып ана тілі сабағы: Ақсақалдың ақ батасы және жуан мен жіңішке жұп дауыстылар
1-сынып ана тілі сабағы: Отан және жуан мен жіңішке жұп дауыстылар
1 А сыныпқа арналған сабақ жоспары: Құмырсқа мен көгершін және жұп дауысты дыбыстар
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар: дыбысталуы және сөз мағынасына әсері
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Кітап ескірмейді мәтіні арқылы жуан-жіңішке айтылатын сөздерді меңгерту
5-сынып қазақ тілі сабағы: дауысты дыбыстар - жуан және жіңішке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz