Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа тақырып

БАҚЫТ ЗЕЙНІЛҒАБИДЕНҚЫЗЫ,
Солтүстік Қазақстан облысының
Тайынша ауданындағы
Донецк орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин <<Наурыз>>.
(6-сынып. Қазақ әдебиеті)
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ әдебиетінің алыбы С.Сейфуллиннің өмірі мен өлеңдерін қорытындылай отырып, оқушылардың ақынға деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Сәкен өлеңдерін талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.
3. Ақынның шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық кезең. <<Қайырлы таң, халайық!>>
2. Балалар, бүгінгі сабақта кім туралы сөз қозғаймыз? Жұмбақ сөзді (кроссворд) шешу үшін, мына сұрақтарға бір ғана сөзбен жауап беріп, сол сөздің бірінші әрпін жазып отырамыз.
1) Ертегі <<Алтын ... .>>
2) <<Рассказ>> сөзінің аудармасы қандай?
3) Көшпенді қазақтар қандай үйде тұрған?
4) <<Сказка>> қазақша қалай аударылады?
5) Мақалды жалғастыр: <<Ас атасы - ... .>>
oo Сонымен, балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс, бүгінгі сабақ Сәкен ақын туралы болады.
Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,
<<Тар жолда, тайғақ кешіп>> болдың көсем. Сәбит Мұқанов.
ХХ ғасырда қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушы, қазақтың үш бәйтерегінің бірі - Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында артына өлмейтін мол мәдени мұра қалдырған жан.
3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
oo Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты қайталайық. Өткен тақырыпты сұрақ-жауап әдісімен қайталаймыз.
1. С.Сейфуллин қай жылы дүниеге келген?
2. Сәкеннің шын аты.
3. 1908-1913 жылдары қай мектепте оқыған?
4. Тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы қалай аталады?
5. Омбы мұғалімдер семинариясында қай жылдары оқыған?
5. Сәкен қай жерде ауыл мұғалімі болып жұмыс істеді?
6. Жас ақын Анненковтың "азап вагонында" неше ай болды?
7. "Азап вагоны" сөз тіркесінің аудармасы қандай?
8. 1925-1937 жылдары қайда, қандай қызмет атқарды?
9. Қандай газет пен журналдың редакторы болды?
10. С. Сейфуллинге қандай айып тағылды?
11. 1938 жылы ақын неге ұшырайды?
12. С.Сейфуллинннің қандай шығармаларын білесіңдер?
Ақынның "Дала" өлеңін жатқа оқу. <<Менің далам>> атты шағын әңгіме дайындау.
5. Жаңа тақырып.
1) Сөздікпен жұмыс. 123-бет.
2) С.Сейфуллиннің <<Наурыз>> өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
3) Оқушылар өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті. (Мәнерлеп оқып, аударыңдар.)
Сәкен - үлкен лирик ақын.
Сәкен өлең жазуды ерте бастады.
Сәкеннің сыр сандығы - сұлулық символы.
Сәкен - адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы болатын.
6. Сөйлесу. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
7. С.Сейфуллин туралы қосымша мәліметтер.
Ақынның әке-шешесі, бауырлары туралы:
Әкесі Сейфолла - домбырашы, аңшы.
Шешесі Жамал - адал, әдемі, ақылды, әңгімеші.
Бауырлары - Малиқаджар, Абумуслим, Ғабдулмажит, Рахима, Камила, Салима.
Жұбайы - Гүлбаһрам, балалары - Лаура, Аян.
Сәкен мен Гүлбаһрам 1926 жылы Қызылорда қаласында үйленді. Қыздары Лаура 1929 жылы туып, 1932 жылы қайтыс болды. Сәкен Лаураны еркелетіп <<Дәрі Дана>> (Дәрдана) дейтін. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келді. Оның атын Мұхтар Әуезов қойған. Аян бір жасқа толған күні НКВД адамдары Сәкенді тұтқынға алады.
С. Сейфуллин атында көптеген ауыл, театр, мектеп, кітапхана, көшелер бар. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді. Мұражай жанында ақынның ескерткіші орналасқан.
Сабақтың соңында актер, драматург Қанат Жүнісовтың Сәкен ақынға арнаған <<Сәкен - сұңқар>> атты клип-өлеңін көрсету. Сәкеннің рөлінде Қанат Жүнісов.
8. Қорытынды. Бағалау.
9. Үй тапсырмасы. <<Наурыз>> өлеңін жаттау.

(Сабақ басынан бастап аяғына дейін презентация арқылы өтеді.)

Ұқсас жұмыстар
Менің досым
Диктант Демалыс орындары
Тетіктерді біріктірудің сызбасы
Сабақ көрнекіліктері
Адам ағзасындағы ұлпалар жүйке мен бұлшық ет ұлпасы
Топпен жұмыс жасау
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар. 9-сынып
Информатика пәнінен 2 класқа арналған іі тоқсанның қысқа мерзімді жоспары
Графикалық операторлар. бояу шаблондары. боялған фигуралар салу. паскаль.9 сынып
Жасуша теориясы
Пәндер