Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Саябаққа саяхат

<<Райхан>> балабақшасы

Тәрбиеші Шапхатова Салтанаттың <<Толағай>> тобындағы <<Таным>> білім беру саласы бойынша, <<Экология негіздері>> ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің <<Саябаққа саяхат>> тақырыбындағы технологиялық картасы

Тәрбиеші: С. Шапхатова
Әдіскер: Э.І. Қуанышева

Индер 2013 жыл
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші Шапхатова Салтанат
<<Толағай>> тобы

Білім беру саласы: <<Таным>>
Оқу іс әрәкеті: <<Экология негіздері>>
Тақырыбы: <<Саябаққа саяхат>>
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту, әрбір жеміс ағашына сипаттама бергізуді еске түсіріп, жалғастыру. Жемістер туралы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Балалар әрбір жеміс ағашына сипаттама бере отыра, ой қиялы, тілдік қаситеі, ой түйсігі, зейіні, бейнелеу қасиеті дамытылады.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге, оны ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.
Керекті құрал- жабдықтар: жеміс ағаштары, саябақ көркі, қоқыстар, шөптер, құлып және кілт.
Әдіс- тәсілдер: ойға шабуыл жасау, түсініктерін молайту, сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Қызмет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-қимылдары
Балалар қызметі

1 кезең
уәждік түрткі болу
Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Балалар қане ең алдымен тәрбиеші апайлармен амандасып алайық!
Проблемалық жағдай орнату:
Балалар енді менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер. Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы балалар бұлар нелер?
Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші балалар.
Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз.
Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз. Балалар қараңыздар ана жерде Асия әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық.
Асия әжей сәлеметсіз бе?
<<- Сәлеметпе балаларым, амансыңдарма, не болды? Қандай шаруамен келдіңдер?>>
Асия әжей бізге саябағыңыздың кілті керек еді. Баққа саяхат жасайық деп едік.
<<- Жарайды, кілтті берместен бұрын менің сендерге айтар тапсырмам бар, Мына саябақтың жемістерін жинап балабақшаға апарып жерсіңдер, сендерге берер тартуым болсын, жарайма?
Ал саябаққа кірерде абайлаңдар, әрбір жеміс ағашының арасында кедергілер бар, сол кедергілерден сүрінбей өтіңдер. Ал сәттілік тілеймін.>> деп кілтті береді

oo Сәлеметсізбе!

oo Ағаштар

oo Алма, апельсин, банан, алмұрт т.б.

Балалар тәрбиешімен саябаққа саяхатқа шығады.

Асия әжейге барып кілтін сұрайды.

Балалар Асия әжейдің берер тапсырмасын тыңдайды

oo Жарайды әжей

Балалар әжейден кілтті алады

2 кезең проблемалық- ізденістік
Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды.
1.Кішкентай алма ағашына көмек көрсету
2.Алмұрт ағашының айналасындағы қоқыстарды жинау
3.Банан айналасындағы аррам шөптерді жұлу.
4.Сергіту сәті <<Тербеледі ағаштар>>
5.Гүлдерді жинау.
Қарлығаш келіп хабарлама айтады:
<<- Достарым, достарым балабақшадан хабар әкелдім, сіздерді Бибігүл апайларын мен Ақмарал апайларын сағына күтіп отыр, Асия әжейдің жемістерін тез алып келсін дейді, ал сау болыңдар>>

Саябақтағы жеміс ағаштарының тапсырмаларын орындау.

Балалар кішкентай алма ағашына көмектеседі

Алмұрт тапсырмасын орындайды

Банан жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды

Сергіту сәтін рындайды.
Гүлдердің тапсырмасын орындайды.

Қарлығаштың хабарламасын тыңдайды
3 кезең рефлексті- түзетімдеуші
Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:
Балалар біз бүгін қайда бардық?
Онда неше жеміс ағашы болды?
Қандай қандай?
Біз оларға не істедік?
Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік.
Ал балалар тәрбиеші қонақтарға не айтамыз?
Себетімізді, гүлдерімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық

oo Саябаққа саяхат жасадық

oo Бес

oo Көмектестік

oo Иә ұнады

Бақтың есігін кілтейді.

oo Сау болыңыздар!

Балалар себеттерін алып топқа барады.

Күтілетін нәтиже: Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет алады, табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.
Білуі тиіс: Табиғатты ластамауға, әрбір жеміс аттарын білуі тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Сабақтың барысы. Сабақтың кезеңдері
Күз туралы
Есептік және реттік сан есім
ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
Үстеудің түрлерін ажырату
Кірпіге дос табайық
Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар
Отбасымның демалысы. қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ауа райын бақылау
Пәндер