Лақ сөзін айтып көрейікші - Балалар Лақ сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз

МКҚК «ЕрТарғын» балабақшасы
Тақырыбы:
«Л»-дыбысы мен әрпі
№9 «Балдырған» тобы
Тәрбиеші: Ережепова Эльмира
2013-2014ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»
Тақырыбы: «Л» -дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л-әріпі және дыбысымен таныстыру, әр түрлі тапсырмаларда орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Л-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақтар, сұрақ-жауап, сүретпен, дәптермен жұмыс
Көрнекіліктер: Ғажайып сәт. әріптер, сүреттер, жұмыс дәптері
Билингвизм: Лақ-коза,
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-
Іздестіру
Рефлексивті-
түзетүшілік
Жылулық шеңбері:
-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
Бақыт деген осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мен іздейтін адал жүрек сендегі.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен сәлемдесейік
-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде. қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
-Дұрыс айтасыңдар. (Р-дыбысын тақтаға ілу)
- «Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
-Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен, және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді?
-Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер
«Мә-мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
«Лақ» сөзін айтып көрейікші
-Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?
«Л» дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?
-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
-Өте жақсы, олай болса «Л» дыбыс қандай дыбыс екен?
-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?
-Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі
Тіл ұстарту жаттығулары :
1 . Ла, ла, ла-бұл әдепті бала,
Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.
2. Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала.
-дұрыс, балалар л -дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.
- Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында, балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.
-
1. Тапсырма « Дыбыстық талдау »
Лақ, тал
( үтел-үстінде)
2. Тапсырма.
( Жаңылтпаш жаттау)
-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)
«-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды. »
(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)
Жарайсыңдар.
-Балалар, «Л»-дыбысын, кәні ауада жазып көрейік.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс:
Қарындашты дұрыс ұстап,
жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.
Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады
Сергіту сәті :
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап. (2рет)
Қортындылау -Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
-Л дауысты ма әлде дауыссыз ба?Неге?
«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны
Балалар, қолдарындағы көк, қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.
-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз.
Шеңберге тұрып, тілектер айтады.
Саламатсыздарма апайлар!
-«Р»дыбысы
-«Р»дыбысы
Дауыссыз дыбыс
-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз
Радио, ара, зымыран, т. б.
-Дыбысты естейміз, айтамыз.
-Әріпті көреміз, жазамыз.
-лақ
-лақ,
-Л-дыбысы.
-Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.
-Л-дыбысы дауыссыз
-Көк түсті текшемен
Балалар бірнеше рет қайталайды
-балалар сөздерді қайталайды
-текшемен белгілейді.
Дыбыстық талдау жасап
-Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады.
сыбырлап, орташа, қатты айтады
-Л әріпін ауада жазады.
-Л әрпімен
- Дауыссыз.
-Өйткені кедергімен айтылады.
,
Келген қонақтармен қоштасады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz