Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Химия есептер жинағы

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы
генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция
теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің
массасын, зат мөлшерін есептеу

Өткізген: Сейтқұлова Сандуғаш
химия пәні мұғалімі
Сынып: 10

Қаратау -2015

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу
Сабақтың мақсаты:1. Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық
байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша
реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу
2.Генетикалық байланысты жүзеге асыратын реакция
теңдеулерін жазу дағдыларын дамыту
3. Зеректікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, топпен жұмыс
істей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сандық есептер шығару
Сабақты өткізу әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, деңгейлік есептер шығару
Сабақтың көрнекіліктері: Венн диаграммасы, карточкалар
Пәнаралық байланыс: физика, биология, халықтық педагогика
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ғылыми - педогогикалық журнал <<Химия мектепте>> 2011 жыл
2. Я.Л. Гольдфарб, Ю.В.Ходоков. Химия есептер жинағы. Алматы, <<Рауан>> 1997
3.ҰБТ орталығы <<Химия>> оқу-әдістемелік құрал 2011ж
4.Электрондық оқулық 10 сынып
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайын болуларын талап ету.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: § 5.5. Судың кермектігі және оны кетіру жолдары
1. Қандай суды кермек су деп атаймыз?
2. Судың кермектігінің қандай түрлері бар? Оларды қалай жоюға болады?
Венн диаграмасы (Оқушыларды 3 топқа бөлу)
Судың кермектігі
Уақытша кермектік Ортақ Тұрақты кермектік

3. Оқулықтағы сұрақтар 1-7 (163 бет)
4. Есеп №8 (163 бет)
0,08г хг 0,02г уг
Са(НСО3)2 + Na2CO3= CaCO3+ 2NaHCO3 Mg(НСО3)2 + Na2CO3= MgCO3+2NaHCO3
163г/моль 106г/моль 146 г/моль 106г/моль
х=0,053г у=0,015г
Poundm(Na2CO3)=0,068 г
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту:
Сұрақтар (сурет бойынша жауап береді)
* Біздің ата-бабаларымыз кейде кірді суды жұмсарпай-ақ жуған. Сонда кірлері шайдай ашылған, себебі ...
* Қазіргі кезде суды қайнатпай-ақ кір жууға болады, себебі ...
* Шәйнектің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады? (Пайдалы кеңестер беріледі)
* Кір жуатын машиналардың ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
* Үйдегі жылыту құбырларының ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
Пайдалы кеңестер
Шәйнектегі қақты кетіру 1. Шәйнек қағын оңай кетіру үшін күнделікті қолданып жүрген ас содасы мен лимон
қышқылын пайдалануға болады. Шәйнекке суды орталап құйып, оған 2-3 шай қасық
лимон қышқылын салып жақсылап 3-5 минут қайнатады. Бұдан соң шәйнекке қайта су
құйып 3-4 ас қасық ас содасын қосады. Қайнаған соң суды төгіп шәйнекті жуып алу
керек. Соңдай шәнектің ішінде қақ қалмай жарқырап шыға келеді.
2. Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар <<тазалағыш құралдардың>> көмегімен жүзеге асады. <<Тазалағыш құралдарға>> Кока-кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнату керек.
ІV. Жаңа сабақ:
Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу
1. Оқулықтағы тақырыпқа байланысты шығарылған есепті талдау № 1 (164 бет)
2.№7 Көрсетілім. Мыс элементінің генетикалық айналымдарын іске асыру.
Cu O CuO HCl CuCl2 Fe Cu
3. Деңгейлік есептерді шығару
І деңгей. Генетикалық байланысты жүзеге асыратын рекция теңдеулерін жазыңдар
Салыстырмалы молекулалық массалары 153 171 208 болатын
ЭO Э(ОН)2 ЭСl2 қосылыстарын түзетін элемент
A) Zn B) Ca C) Ba D) Cu E) Fe
ІІ деңгей. Химия есептері мен жаттығуларының жинағы
№10-42 (72 бет)
Күкірт қышқылының артық мөлшерімен 19г сусыз магний хлоридіне әсер етіп алынған хлорсутек 10г калий гидроксиді бар ерітіндіге жіберілді. Ерітіндіні құрғағанша суалтады. Осы кезде қандай зат, қанша мөлшерде пайда болады? Жауабы: 13,3г КСІ
ІІІ деңгей. Тесттік есеп
8 г күкіртпен 10,5 г темірді қосып балқытты. Алынған өнімді тұз қышқылымен өңдеді. Түзілген күкіртсутектің (қ.ж) көлемі және зат мөлшері
A) 11,2 л ; 0,5 моль B) 5,8л ; 1моль C) 8,9л; 0,3 моль
D) 2,2л; 0,098 моль E) 4,2л; 0,185 моль
ІV деңгей. Массасы 1б,56 г сілтілік металды газ тектес хлор бар ыдысқа салды. Реакция аяқталған соң алынған затқа күміс нитратын қосты. Мұнда массасы 5,74г тұнба түзіледі. Реакцияға қандай металл алынған?
V.Жаңа сабақты бекіту
Кім жүйрік?
Жеті ата
Ата 116-да, қарияның барлық ұрпақтары аман-есен. Олардың жас айырмашылықтарының арасы 19 жастан болса, неменесі қазір қанша жаста?
Ата әке бала немере шөбере шөпшек немене
116 97 78 59 40 21 2

VІ.Үйге тапсырма беру: №11 (145 бет), №5- б (173 бет)
VІІ.Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялар
Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері. бағдарлы курс, 8-сынып
Қанықпаған көмірсутектер. омж. 11 сынып
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.Сандық есептер шығару
Сарамандық жұмыс 1 Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс
Химия - заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Таза заттар және қоспалар
Химия мектепте
Пәндер