6-сынып математикасы: Рационал сандарды салыстыру

Пәні: Математика

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды салыстыруға есептер шығарту арқылы олардың дұрыс, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып, дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да, тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін арттыру. Оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру.

Сабақтың типі: білімді пысықтап бекіту

Сабақтың әдісі: есеп шығару, сұрақ-жауап, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, плакат, үлестірме қағаз, домино.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім ,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім , - деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін сабақты бастауға рұқсат етіңіздер.

  • «Көпір тапсырмалары»математикалық лото
  • «Жұбын тап» ойыны
  • «Кім жылдам?»математикалық эстафета
  • «Қателер қалашығы»
  • Сергіту сәті
  • «Мысық пен күшік» ойыны
  • «Домино» ойыны

ІІ. Өткен материалды еске түсіру

«Көпір тапсырмалары» математикалық лото

10. Санның модулі қалай жазылады?

Жауабы: -а=а

10. Қандай сандар 0-ден үлкен?

Жауабы: Кез келген оң сан 0-ден үлкен.

20. Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

Жауабы: Теріс санның модулі оған қарама-қарсы санға тең.

20. Қандай сандар 0-ден кіші?

Жауабы: Кез келген теріс сандар 0-ден кіші.

30. Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

Жауабы: Оң санның модулі сол санның өзіне тең.

30. Қандай санның модулі 0-ге тең?

Жауабы: Нөл санының модулі 0-ге тең.

«Жұбын тап»ойыны

Слайдта суреттер берілген, әр суретте 1 есептен берілген. Есептердің дұрыс жауаптарын сәйкестендіру керек.

-2= 2

-4+8= 12

3∙-9= 27

-0, 18 бен 0, 9 -0, 18 <0, 9

(-4) мен (-9) (-4) >(-9)

0 мен -2012 0 >-2012

ІІІ. Жаңа сабақ

«Кім жылдам?» математикалық эстафета

Оқулықтан есептер шығару. №394, 400, 401.

«Қателер қалашығы»

Қате жазылған есептердің қатесін табу керек.

  1. -4, 9 < -6
  2. -1000 > 0
  3. 3, 5 < -1150
  4. -7 = -11
  5. -89 > -98
  6. -0, 999 < -100
  7. -0 = 0
  8. -3 = -3
  9. 9 = -9
  10. -0= 0
  11. −𝟏𝟒\mathbf{-}\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}} = 0
  12. 𝟒𝟑𝟓\mathbf{4}\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{5}} = -3𝟒𝟓\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{5}}
  13. -100 = -100
  14. -258 >258

Сергіту сәті. Мимика. Мимикамен слайдта көрсетіліп тұрған нәрсені түсіндіру, көрсету қажет. Слайдта көрсетілген суреттер: көбелек, тышқан, жаңбыр, тақта, + амалы, қоңырау.

ІV. Бекіту.

«Мысық пен күшік» ойыны

« Домино» ойыны

Парақшаларда берілген сөздерді домино секілді жинап, ереже шығару керек.

Координаталық
бойында
үлкен сан
Координаталық: оң жақта,
бойында: ал
үлкен сан: кіші сан
Координаталық: оның сол
бойында: жағында
үлкен сан: кескінделеді.
Координаталық: түзу
бойында: одан
үлкен сан:

Ереже: Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал кіші сан оның сол жағында кескінделеді.

Екі
санның
қайсысының
Екі: модулі
санның: кіші
қайсысының: болса,
Екі: сол
санның: сан
қайсысының: үлкен.
Екі: теріс
санның:
қайсысының:

Ереже: Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

V. Үйге тапсырма.

№399, 402.

VI. Оқушы білімін бағалау : сабаққа белсенді қатысып отқан оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математикасы: рационал сандарды бөлу
6-сынып математика: Рационал сандарды салыстыру және координаталық түзуде кескіндеу
6-сынып: Рационал сандарды салыстыруды бекіту сабағы
Рационал сандарды салыстыру: координаталық түзу, таңба және модуль
Рационал сандарды салыстыру және координаталық түзуде кескіндеу (бекіту сабағы)
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Рационал сандарды салыстыру (координаталық түзу, оң және теріс сандар)
6-сынып математика: Рационал сандарды бөлу сабағы
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды салыстыру: координаталық түзу, оң және теріс сандар, модуль
6-сынып математикасы: теріс және рационал сандарды қосуды үйретуге арналған сабақ жоспарлары мен жаттығулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz