Салт-дәстүрді насихаттауға арналған сабақ-сайыс: Салт-дәстүрім - асыл қазынам

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№6 орта мектебі жанындағы интернат тәрбиешісі Абдуллаева Салия.

Сабақтың тақырыбы: Салт-дәстүрім, асыл қазынам.

Сабақтың мақсаты : Салт- дәстүрді насихаттау, қолөнерге, сахналау өнеріне баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздармен сайыскерлер

Бүгінгі сайысымызға хош келдіңіздер!

«Салт -дәстүрім, асыл қазынам»- атты

Сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Сайысымыз алты кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру
  2. Қанекей жалғастыр
  3. Дәтүрім үлгі өнегем
  4. Сөз мерген
  5. Ырым- тиымдар
  6. Он саусағы майысқан.

Әділдікті жандарына ту еткен,

Әділқазы, әділ едің тым неткен

Төрелігін саралайтын сайыстың

Таныстырып кетейін өздеріңмен.

(әділ қазылар алқасымен таныстырып өтіледі)

Ал, ендеше сайысымызды бастайық

Қошемет көрсетейік, бізде қарап қалмайық

Алғашқы кезеңнің аты «Таныстыру»

Сайыскерлер дайын ба екен, байқайық?

Білімдері бойларында жеткілікті

Сыр- сымбатта бір мін жоқ, кіл көрікті.

«Шаңырақ » тобы алдарыңда

Сайысуға толық әзір келіпті.

(ортада «шаңырақ» тобы )

Білімменен дарыннан кем қалғанба

Барлық кезде көзге түсер алдында

Қарсыласы «бәйтерек» тобы алдарыңда

Бар өнеріңді ортаға сал қалыспа

(ортада «бәйтерек»тобы)

Сонымен екінші кезеңге көшейік

Қай топтың ойы жүйрік, соны байқап көрейік

«Қанекей жалғастыр» кезеңіне кеп жеттік

Таныстырып шартыменен кетейік

Бір қатар мақал жасырылған тақтада

Жеңіске жет, соның жалғасын тапта

Тездетіп ойланамыз бәріміз

Жауабын береміз бір минутта.

Келесі кезең «дәстүтім -үлгі өнегем »

Не білеміз, дәстүрден көне ел білген

Қай дәстүрден көрініс әзірлеп

Ортамызға сайыскерлер келді екен.

Төртінші кезең «сөз мерген»

Ана тілді қаншалықты меңгерген

Шартыменен таныстырып кетейін

Қос топқа сайысуға келген

Үш сөз жазылған бірінші тақтада

Тағы бір сөз жазылыпты қапталында

Бірінші қатардағы қайсы сөзге

Қай сөз тіркесі жалғанады білесіңба?

Қызға қырық үйден тыйым берген

Ата- баба не деген көреген ең

Қаншалықты ырым- тиым біледі екен.

Келесі кезең «Ырым- тиымдар»

Ою салған зерделеп текеметке

Әрине, мұндай өнер, кереметте

Қаншалықты мұны қыздар меңгерген екен

Барлығымыз куә болып көрейікте.

Сонымен келесі кезең «он саусағы майысқан» кезеңінде.

(Мұнда қыздар қағазбен ою ойып, сол ою туралы түсінік беру керек)

Кім мықты, кім оза шапты.

Кезек марапаттауғада жетті,

Сөз кезегі әділ- қазыларда.

Марапаттау

Қорытынды.

Салт- дәстүрді ұмыт қылмай сақтайық

Түйіні бар сөзді айтса тоқтайық

Қанында қазағымның болмаған

Сондықтанда жамандыққа баспайық

Салт- дәстүрім, үлгі бізге өнеге

Бар тәрбие сонда жатыр білгенге

Тіптен мақал, шешендердің сөзі де

Жақсылықты меңзейді ғой түсінгенге.

Осыменен, «салт- дәстүрім, үлгі өнгем»- атты кешіміз аяқталды.


Ұқсас жұмыстар
Асыл қазына интеллектуалды ойыны: ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған тәрбие сағаты
Ата салтым - асыл қазынам: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерді меңгертуге арналған ашық тәрбие сағаты
Әкем, шешем және мен: мақал-мәтел арқылы отбасылық сайыс және ұлттық салт-дәстүрді насихаттау
Салт-дәстүр - асыл қазына: оқушыларға арналған тәрбие сағаты бағдарламасы
Салт-дәстүрді сыйлау: ұлттық мәдениетті жаңғыртуға арналған әдеби-музыкалық ашық тәрбие сағаты
8-9 сыныптарға арналған сыныптан тыс сайыс сабақ: қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық тәрбиелік құндылықтары
Бұрымды қыз байқауы: ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту және қыз тәрбиесіне арналған мектептік сценарий
Орыс сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда ұлттық салт-дәстүрді сабақта қолданудың әдістемесі
Қазақ салт-дәстүрлері: тәрбиелік сайыс сабақ жоспары
Ата салтым - асыл қазынам: 6-сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz